Жобалық басқару шеңберінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағытындағы жобалар тобы іске асырылуы

Бүгінгі күні жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» 4 жобалар тобын іске асыру жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және квазимемлекеттік сектор субъектілері институтын дамыту бағыттары бойынша барлығы 102 жоба іске асырылуда.

Биылғы жылдың өзінде сыбайлас жемқорлық деректерін анықтап ғана қоймай, түрлі салаларда жүзеге асырылған жобаларда 77-ден аса сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін белгілеп, оларды дер кезінде жоюға белсенді шаралар қабылдануда. Нәтижесінде өңірімізде өткен жылдың 9 ай көрсеткішімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар деңгейі 8,2% азайған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең тиімді әдісі – көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру. Бүгінгі күні өңірімізде жергілікті атқарушы органдар тарапынан 296 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 142-сі электронды форматта жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, жобалық басқару шеңберінде өңірде 2023 жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және квазимемлекеттік сектор субъектілері институтын дамыту бойынша жұмыстар аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдіктерімен де жүргізілетін болады. #ProOfficeQyzylorda  id49364

 

Дата публикации
21 октября 2022