Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 558 «Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28110 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызылорда облысы бойынша
2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
- . Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев