Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ мерзімді баспа басылымдар, телеарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, ғимарат 1, 308-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ кеңсесі 2022 жылғы 11 қазан күнгі сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, ғимарат 1 мекенжайы бойынша 2022 жылғы 12 қазан күнгі сағат 11:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын  қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 8 және 45 тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 5-қосымшаларына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Дата публикации
26 сентября 2022