«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылорда облысы бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «2021-2022 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 376 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №24713 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М. Жайымбетовке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Қызылорда облысының әкімі
|
|
Н. Нәлібаев
|