- Персоналды басқару қызметі бөлімі;
- Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі.
|
Бәкіров Ерлан Әмірханұлы |
- |
Аппарат басшысының орынбасары, топ жетекшісі; |
|
Абылаев Азамат Талғатбекұлы |
- |
Персоналды басқару қызметінің басшысы, топ мүшесі; |
|
Жанәлі Бахыт Нұрланұлы |
- |
Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, топ мүшесі; |
|
Прниязова Альбина Еркінбайқызы |
- |
Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы топ мүшесі; |
|
Абдулла Нұрлан Серікұлы |
- |
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы, топ мүшесі; |
|
Пашкенова Арнагүл Өмірханқызы |
- |
Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы, топ мүшесі; |
|
Даубаев Димаш Тұрарұлы |
- |
Ішкі аудит бөлімінің басшысы, топ мүшесі;
|
|
Айғараева Жазира Дайрабайқызы
|
- |
Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы, топ мүшесі. |
4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Аппараттың құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың құрылымдық бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппарат-құзыреті шегінде Қызылорда облысы әкімінің жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аппарат өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
Аппарат қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі;
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 қыркүйекте № 9756 тіркелді;
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10007 тіркелді;
«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда № 10176 тіркелді;
«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облыстық әкімдігінің 2022 жылғы 22 сауір № 543 қаулысы.
Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелдерінің болуы (дискрециялық өкілеттік пен нормалар)
Осыған дейін, Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде саралау барысында құқықтық олқылықтар мен артық әкімшілік кедергілер анықталған жоқ.
Дегенмен, жергілікті атқарушы органдарға жергілікті мемлекеттік наградалар «Алтын алқа», «Күміс алқа» ұсыну тәртібі бойынша айқындау тәртібі, механизмі белгіленбеген.
Мәселен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңының 29,30-баптарына сәйкес «Алтын алқа» алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi, ал «Күмiс алқа» алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған балалар да ескерiледi.
«Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларының Қазақстан Республикасының ордендерi мәртебесi болады.
Атап айтақанда, 2021 жылдың 12 айында 751 тұлға, 2022 жылдың
1-тоқсанында 322 тұлға мараптталған.
Аталған марапат тәжірибеде құжатты Қызылорда облысы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметімен (бұдан әрі-Персоналды басқару қызметі) кандидаттардың құжаттары жинақталып ұсыныс ретінде Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне ұсынылады. Қорытынды марапаттау шешімі ҚР Президент Әкімшілігі жанындағы марапттау туралы комиссиясымен қабылданып, наградалар қайтадан персоналды басқару қызметіне табыстау үшін қайтарылады.
Персоналды басқару бағыты бойынша
Кадрлық құрам бойынша: Бекітілген құрылымға сәйкес Аппаратқа әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің саны 2021 жылы - 60 мемлекеттік қызметші, 48 штаттан тыс маманды, 2022 жылдың 1-мамырына 52 мемлекеттік қызметші, 49 штаттан тыс маманды құрайды.
Оның ішінде Персоналды басқару қызметінде 1-бөлім басшы (мемлекеттік қызметкер Д-3), 1-бас инспектор (мемлекеттік қызметкер Д-3), 3-іс тіркеуші (шарт бойынша) бірліктерді құрайды.
Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.
2021 жылы:
Жалпы жергілікті атқарушы орган бойынша 2021 жылы 68 тәртіптік шара қолданылды. Оның ішінде ескертулер – 60, сөгіс – 5, қатаң сөгіс – 2, қызметтік талаптарды толық орындамау туралы ескерту – 1. Қайтадан тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны – 1.
Сондай-ақ, 2021 жылдың көрсетілген мерзімінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың бірыңғай тәртіптік комиссиясында 2 тәртіптік іс қаралған.
Сонымен қатар, тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау туралы 3 іс өндірісте болған.
Облыс әкімі аппаратының саяси қызметкерлеріне қатысты 9 тәртіптік шара қолданылған (облыс әкімі орынбасарлары Б.Жаханов, Б.Шәменова, С.Сулейменов, С.Ахмет). Есепті кезең ішінде Аппараттың әкімшілік қызметкерлеріне қатысты тәртіптік өндірістер қаралмаған.
2022 жылдың 1-тоқсанына:
Аппараттың қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылмаған.
2021-2022 жылдары Аппаратта сыбайлас жемқорлық санатына жататын заң бұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.
Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл сайын мемлекеттік қызметшілерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
1) Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі.
Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қызметкерлерді іріктеу мен тағайындау барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.
2) Лауазымға конкурстық іріктеуді жүргізбей тағайындау.
Мемлекеттік қызметшілерді тағайындау барысында лауазымға конкурстық іріктеуді жүргізбей тағайындау фактілері орын алған жоқ.
3) Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау.
Жергілікті атқарушы органдарының конкурсы бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi. Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау болған жоқ, заңға сәйкес конкурстық процедуралар өткізілді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында және өзге де заңнамасында белгіленгендерден туындайтын лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы біліктілік талаптары негізінде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері орын алған жоқ.
4) Ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды жүргізу (2021 жылдың басынан бастап ротациялануға жататын қызметшілер тізімінің болуы (саяси, «А» және «Б» корпустары)
2021 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының штат саны 1964, нақты саны 1861.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 41-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет өткеру кезеңінде кәсіби әлеуетті барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүргізіледі.
5) Саяси қызметшiлердiң қол астындағы қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлық әрекеттерi үшiн отставкаға кетуі немесе тәртіптік жауапкершілігі («Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 60-бабы).
2021 жылдың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметші С.Ахметке қатысты салалық жетекшілік жасайтын басқармаларда қадағалауды әлсіреткені үшін облыс әкімінің 24.12.2021 ж. №364-ө өкімімен «сөгіс» жарияланған.
6) Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау.
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурстар өткізу кезінде хабарландырулар мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.
Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау фактілері болған жоқ.
7) Іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы (бос орын туралы хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және т.б.).
Бос лауазымдарға конкурстар облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді. Құрамы аппараттың бөлім басшылары, әдеп жөніндегі жөніндегі уәкіл құрайды. Бірыңғай конкурс отырыстарына дербес бақылаушылар қатыстыралы. Осымен қатар, бірыңғай конкурс отырыстары кезеңінде бағынысты басқармалар тарапынан жарияланған конкурстарда тиісті құжаттарды рәсімдеу облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Есепті кезең ішінде бірыңғай конкурс отырыстарына қатысты шағымдар болмаған.
Әңгімелесу және тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігінің болмауы.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс бойынша әңгімелесу мен тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру бірыңғай конкурс өткізу бойынша облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.
8) Кандиттар үшін әркелкі жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттары үшін жағдайлар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
9) Үміткерлерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын тұлғалардың мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлер мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиiс.
Мемлекеттік орган тарапынан мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылданады.
Тiкелей басшы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, оның iшiнде:1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруға;
2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге; 3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға тиіс. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады.
10) Талдау объектісі қызметкерлерінің жалақысы, көтермелеулері туралы ақпарат.
Мемлекеттiк қызметшiлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілерге, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын тиісті заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.
11) Тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу.
Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде, тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге басқарма тарапынан сыйақы берілмейді.
12) Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау фактілері.
2021 жылы тым қысқа мерзімде облыс әкімі орынбасары Б.Жахановқа 07.09.2021 ж. №297-ө өкімімен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылып, 29.10.2021 жылы алып тасталған. Дәл осындай жағдай 16.06.2021 ж. №249-ө өкімімен С.Ахметке қатысты «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылып, 24.09.2021 ж. мерзімінен бұрын алып тасталған. Аталған деректер тәртіптік жаза қолданудың заңмен көзделген мерзімі сақталмағанын көрсетеді.
2022 жылы тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау фактілері орын алмаған.
13) Заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңына сәйкес, Заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа да фактілер орын алған жоқ.
2021 жылы толығымен мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесі қалыптастырылды. Аппараттың қызметкерлері арасынан сыбайлас жемқорлық, әкімшілік тұрғысында құқық бұзушылық орын алмаған.
Сонымен қатар, айта кететін жайт, жұмысқа қабылданатын әрбір қызметкерді (мемлекеттік және штаттан тыс) қызметке қабылдамас бұрын осы тексеруден өтеді.
Қызылорда облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі бойынша.
Қызылорда облысы әкімінің аппараты басшысының 03.11.2020 ж. №11-01/72 бұйрығына сәйкес мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі Қызылорда облысы әкімінің қызметін құқықтық және ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше болып табылады.
Бөлімде функциясы облыс әкімінің заң қызметі, Құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты, жобалық басқарудың ТБН4 бағыты бойынша үйлестіру.
Ережеге сәйкес бөлімнің функциясына:
- Қызылорда облысы әкiмінiң қызметiн құқықтық және ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету;
- сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Қызылорда облысы әкімінің аппаратына қатысты құқықтық мәселелерді қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мүдделерiн бiлдiру;
- Қызылорда облысы әкімдігі қабылдаған нормативтік құқықтық қаулыларының және Қызылорда облысы әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық шешімдерінің құқықтық мониторингін жүргізу;
- Қызылорда облысы әкімдігінде және оған бағынысты органдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;
- Қызылорда облысы әкімінің құқық қорғау органдармен жұмысын ұйымдастыру және т.б. мәселелер жатқызылған.
Осыған байланысты, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің негізгі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер зерделенді.
Мәселен, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі:
- «Құқықтық актілер туралы»,
- «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы»,
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
- «Алқабилер туралы» ҚР Заңдарына,
- «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы» 24.04.2001 ж. №546,
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережесі» ҚР Үкiметiнiң 09.11.2006 ж. №1072,
- «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 29.08.2016 ж. №486,
- «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 06.10.2016 ж. № 568,
- «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 06.10.2016 ж. № 569,
- «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 31.05.2018 ж. № 309 ҚР Үкіметінің қаулыларына,
- «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. № 12 бұйрығына сәйкес қызмет етеді.
Аталған заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында бөлімнің ұйымдастыру қызметіне қатысты бірқатар мәселелер анықталды.
Бірінші. Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің Заң қызметі секторы Қызылорда облысы әкімінің аппаратына енгізілген құқықтық актілердің (қаулы, шешім, өкім) жобаларына ҚР заңдарына сәйкестігі жөнінде сараптама жүргізеді.
Негізінен, аталған ішкі әкімшілік рәсім ҚР Үкіметінің 24.04.2001 ж. №546 қаулысымен бекітілген облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгі регламентінің 4-тарауына (әкімдік және әкім актілерінің жобаларын дайындау мен ресімдеу тәртібі) сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
Дегенмен, көрсетілген Регламенттің 25-тармағына сәйкес әзірлеуші мемлекеттік органмен әзiрленген (пысықталған) жоба (оған тиiстi құжаттармен бiрге) жоба бойынша сараптама жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн Қызылорда облысы әкімінің аппаратына енгiзiлуі керек.
Аппаратта тiркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi (құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімімен).
Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға құқылы.
Жоба аппаратта тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi түпнұсқалылығы (Облыс әкімінің кеңесшісі А. Сағымбай, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Ш. Тоғжанова) тексерiледi және сараптамадан өтедi (Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі қызметкерлері).
Жобаға сараптама жүргізу мерзiмi жобаның аппаратта тiркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
Дегенмен, бөлімнің сарапшы мамандарының құқықтық актілерге сараптама жүргізуден бөлек, басқа функционалдық міндеттерін және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың тарапынан ұсынылатын құқықтық актілердің жобаларының ауқымын ескере отырып, жобаға сараптама жүргізуге белгіленген мерзім жобаны объективті және сапалы қарау үшін жеткіліксіз екендігі байқалуда.
Анықтама ретінде:
2021 жылы облыс әкімдігімен (әкімімен) қабылданған құқықтық актілердің жалпы саны 361 актіні құрады.
Соның ішінде, облыс әкімдігімен 22 - мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық акті, 179 - нормативтік емес құқықтық акті, ал облыс әкімімен 182 - құқықтық сипаттағы өкімдер қабылданған.
Сонымен қатар, осы кезеңде бөлімнің аталған қызметкерлері бөлімнің өзге қызметіне қатысты 187 (оның 13 ішкі шығыс) шығыс хатын рәсімдеген.
Мәселен, осыған ұқсас тәртіп бойынша (нормативтік құқықтық актілерді келісуді талап ететін) басқа органдардың келісу мерзімі кемінде 10 жұмыс күнді құрайды.
Анықтама ретінде:
«Құқықтық актілер туралы» 19-бабының 1-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА жобалары келісу кезінде мемлекеттік органдарға әзірлеуші мемлекеттік органдардан тиісті мемлекеттік орган айқындаған, бірақ сараптама кеңесінің мүшесі және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарламаларды алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аз емес мерзімдерде талап етуге тыйым салынады.
Осы Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын НҚА жобасы бойынша ұсынымдарды беру үшін белгіленетін мерзім ол Қоғамдық кеңеске келіп түскен кезден бастап 10 жұмыс күнінен кем болмауы керек.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 451 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 18-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Осыларды ескере отырып, Регламенттің 25-тармағында көрсетілген сараптама жүргізу мерзімін «10 жұмыс күні ішінде» деп өзгерту жөнінде уәкілетті органға ұсыныс беру қажет.
Екінші. ҚР Үкіметінің 31.03.2011 ж. №308 қаулысымен бекітілген
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссия құрылған.
Дегенмен, аталған комиссия қызметінің тәртібін реттейтін
үлгілік ереже бекітілмеген.
Бүгінгі таңда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен көрсетілген комиссияның жұмыс органдары ретінде Агенттіктің аумақтық департаменттерін анықтау мәселелері зерделенуде.
Осы ретте, аталған комиссияның ұйымдастырушылық тәртібін реттейтін орталық деңгейде үлгілік ереже бекіту мәселесі бойынша ұсыныс білдіру дұрыс деп саналады.
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.
Бөлім құрылымының штат саны 9 адамды құрайды (бөлім басшысы – 1, бас инспектор- 3 бірлікті құрады және 5 штаттан тыс қызметкерлер).
Есепті мерзімде 1 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылған.
Н. Сейдалиев (бас инспектор) – 03.11.2020 ж. жұмыстан босатылып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «сарапшы» қызметіне тағайындалған.
2021 жылы бөлімдегі бос орындарға конкурстар жарияланбаған.
Қолданыстағы заңнамамен бекітілген нормаларға сәйкес тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүзеге асырылып келеді.
Есепті мерзімде 2 қызметкер білімдерін арттыру бойынша семинар-тренингтерге қатысқан.
Бөлім басшысы Е. Жалғасбаев 2021 жылғы 27 қаңтар-14 ақпан аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған, мемлекеттік қызметшілеріне арналған қайта даярлау курсынан өткен.
Бөлімнің бас инспекторы А.Прниязова 2021 жылғы 6-11 желтоқсан аралығында ҚР Прзиденті жанындағы басқару акамедиясының Қызылорда фиалиалында «Жобалық менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілік курсынан өткен.
Бөлім қызметкерлеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны, еңбек және орындаушылық тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік жазалар қолданылмаған.
Жалпы, ішкі талдау барысында персоналды басқару бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу.
Бөлімде мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету.
Бөліммен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Бөлімнің ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.
5) Бақылау функцияларын іске асыру.
Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі 4 іс-шара бойынша
ішкі бақылауды жүргізеді.
- «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» ҚР Үкіметінің 31.05.2018 ж. № 309 қаулысы.
Осы қаулыны іске асыру бағытында облыс әкімдігінің 17.07.2018 ж. № 1171 қаулысымен өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген.
ҚР Үкіметінің 31.05.2018 ж. № 309 қаулысының 2-тармағына сәйкес жоспардың орындалуы бойынша ақпарат жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне беріледі.
Есепті мерзімде, аталған іс-шаралардың орындалуы бойынша сұрау салу жолданған жоқ.
- ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылық профилактика жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 28.12.2019 ж. №23-3/Б-13 хаттамасымен мақұлданған ҚР Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы әкімімен Қызылорда облысындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді (03.02.2020 ж. №12-07/79-іқ/ш).
Осы хаттаманың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жарты жылдық негізде (15 шілде және 15 қаңтар) Жоспарда іске асыру барысы туралы ақпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне жолдану қажет.
Бұл бағытта, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімімен мүдделі органдарға 1 сұрау салу жолданған (27.11.2020 ж. №12-07/6630 хаты).
- «2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 09.11.2017 ж. № 1408 бұйрығы.
Бұйрықтың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен ҚР Әділет министрлігіне жартыжылдық және қорытындылары бойынша 10 шілде мен 10 қаңтардан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылады.
Аталған тұжырымдаманы іске асыру бойынша Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары бекітілді (Қызылорда облысы әкімінің 27.02.2018 ж. №760-ө өкімі).
Есепті мерзімде, бақылау бағытында мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімімен 2 сұрау салу жолданды (25.05.2020 ж. №12-07/2952, 15.06.2020 ж. №12-07/3411).
- «2020-2021 жж. кезеңге «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 20.08.2020 ж. № 275 бұйрығы.
Бұйрықтың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ҚР Әділет министрлігіне жартыжылдық және қорытындылары бойынша 10 шілде мен 10 қаңтардан кешіктірмей Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылады.
«Құқықтық мәдениет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша Қызылорда облысы жергілікті атқарушы органдарының іс-шаралар жоспары бекітілді (Қызылорда облысы әкімінің 16.09.2020 ж. №104-ө өкімі).
Бақылау бағытында мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімімен сұрау салу жолданған жоқ.
Есепті мерзімде, аталған іс-шаралардың орындалуына ішкі бақылау сұрау салу нысанында жүзеге асырылған.
Жалпы, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімімен ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері байқалмады.
Аппарат бойынша 2021 жылы және 2022 жылдың 1-тоқсаны аралығында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Аппаратпен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді
Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру Аппараттың құзыреттілігінде көзделмеген.
Бақылау функциялары іске асырылмайды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
2021 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 3341 өтініш келіп түскен. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге заңға сәйкес арыз иелеріне жазбаша жауап берілген.
2022 жылдың 1 –тоқсанына 1124 жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түскен.
Аппаратқа қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талдау жасалды. Талдау барысында мерзімі кешігіп орындалғандар анықталмады.
ҰСЫНЫЛАДЫ:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жою мақсатында:
1) Жоғары тұрған уәкілетті органға «Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларының электрондық түрде мемлекеттік қызмет қатарына енгізу туралы ұсыныс жолдау (Персоналды басқару қызметі);
2) НҚА жобаларына сараптама жүргізу мерзiмiне қатысты ҚР Үкіметінің 24.04.2001 ж. №546 қаулысымен бекітілген облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгі регламентінің 25-тармағына (сараптама мерзімін ақылға қонымды мерзімге өзгерту) өзгерістер енгізу бойынша уәкілетті органға ұсыныстар беруді қамтамасыз ету (Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі);
3) Орталық уәкілетті органның аумақтық департаментіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың ұйымдастырушылық тәртібін реттейтін үлгілік ережені орталық деңгейде бекіту жөнінде бастамашылық жасауға ұсыныс енгізу.
Осы ұсынымдарды іске асыру мерзімі 2022 жылғы 31 желтоқсанына дейін ұсынылады.
|
|
Е. Бәкіров
А. Абылаев
Б.Жанәлі
|
|
|
А. Прниязова
|
|
|
Н. Абдулла
|
|
|
А. Пашкенова
|
|
|
Д.Даубаев
|
|
|
Ж.Айғараева |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|