Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту
және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мұрат Саламатовтың есімі;

2) «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Адырбек Сопыбековтің есімі берілсін.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының 

                   Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов

Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы
Дата публикации
09 июня 2022