Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- «Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5748 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық
маслихаттың хатшысы Н. Байқадамов