Метеорологиялық жағдайларға шолу
2021 жылдың қазан айының 2-ші онкүндігінен 2022 жылдың сәуір айының 2-ші онкүндігіне дейінгі кезеңге.
Көктемгі дала жұмыстары кезеңіндегі ылғал қоры туралы деректер ауыл шаруашылығы өндірісінде, егіс алқаптарының құрылымын анықтауда, ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы нормаларын анықтауда, тұқым себу тереңдігін таңдау мен тыңайтқыштарды енгізуде маңызды рөл атқарады, бұл сайып келгенде жалпы өнімнің сапасы мен шығымдылығына әсер етеді және өндірілген өнімнің өзіндік құнына әсер етеді.
2021 жылғы қазанның бірінші онкүндігінде республиканың барлық аумағында ауа температурасы нормадан -2,7...-6,4°C төмен болған (кесте. 1). Қазанның екінші онкүндігінде нормаға жуық температуралық фон елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстігінде байқалған, Қазақстанның оңтүстік-шығысында нормадан төмен -1,1°С және нормадан жоғары ауа температурасының аномалиясы қалған аймақтарда + 1,7°С +3,1°С болған. Еліміздің шығысы мен оңтүстігінде ауа температурасы нормаға жуық, Түркістан облысында нормадан 1,3°С төмен және қалған аймақтарда нормадан 1,1...2,5°С жоғары болған. Қарашаның бірінші онкүндігінде Қазақстанның орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде әдеттегіден 3,4...6,8°С суық болған, Ақмола және Павлодар облыстарында температура нормаға жуық және еліміздің қалған аймағында нормадан 1,1-1,9°С жоғары болған. Қарашаның екінші онкүндігінде республиканың барлық аймағында ауа температурасының аномалиясы нормадан 1,3...3,4°С төмен болған, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында және елдің шығысында нормаға жақын байқалған. Қарашаның үшінші онкүндігінде ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болған Ақтөбе облысы мен елдің солтүстігін қоспағанда, Қазақстанның барлық аймағы бойынша әдеттегіден 1,3...4,4°С жылы болған. Желтоқсанның бірінші онкүндігінде ауа температурасы аномалиясы республиканың барлық аймағы бойынша нормадан 2,3-7,5°С жоғары болған. Желтоқсанның екінші онкүндігінде аномалия теріс болды және температура нормаға жуық болған Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарын қоспағанда, бүкіл ел бойынша -1,7ºС 5,8°С дейін болған. Желтоқсанның үшінші онкүндігінен қаңтардың екінші онкүндігіне дейінгі аралықты қоса алғанда, температура аномалиясы нормадан 1,1...7,7°С жоғары болған, желтоқсанның үшінші онкүндігінде республиканың батысы мен ішінара солтүстігін қоспағанда, температура аномалиясы нормадан жоғары және төмен болған. Қаңтардың үшінші онкүндігі Қазақстанның солтүстігінде және шығысында әдеттегіден 1,1...1,9°С суық болған, нормаға жуық температура аномалиясы елдің батысында және орталығында болды, және нормадан жоғары температура республиканың қалған аймағында нормадан 1,1-4,7°С жоғары. Ақпанның бірінші онкүндігінен наурыздың бірінші онкүндігіне дейін Қазақстанның барлық аймағында ауа температурасының оң аномалиясы басым болған, ол орталықта, оңтүстік-шығыста және Павлодар облысында температура аномалиясы нормадан төмен болған ақпанның бірінші онкүндігін қоспағанда, +1,1...+12,2°С құрады. Ақпанның екінші онкүндігінде температура аномалиясы Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында және елдің шығысында орташа көп жылдық мәндерге жуық болған. Наурыздың бірінші онкүндігінде Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы қалыпты болған.
Кесте 1
Ауа температурасының аномалиясы (күз-көктем 2020-2021 ж.ж.).
|
|
Аномалия температуры воздуха выше нормы |
|
|
Аномалия температуры воздуха около нормы |
|
|
Аномалия температуры воздуха ниже нормы |
Наурыздың екінші онкүндігінде еліміздің батысы мен солтүстігінде ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3,7...6,9°С төмен, республиканың орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында нормаға жуық және Қазақстанның қалған аумағында нормадан 1,2...3,9°С жоғары болған. Наурыздың үшінші онкүндігінде еліміздің барлық аймағында ауа температурасының аномалиясы, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарын және Қазақстанның оңтүстігін қоспағанда, нормаға жуық болған, онда теріс температура аномалиясы минус 1,2...3,1°С жуық болған. Сәуірдің бірінші және екінші онкүндігінде бүкіл республика бойынша ауа температурасының аномалиясы оң және 3,6...7,8°С құраған (кесте. 1).
Бір метр тереңдіктегі топырақты күзгі маршруттық бақылау нәтижелері бойынша ылғалдың көбінесе жеткіліксіз қоры Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында қалыптасқан. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарындағы ылғал қорының жағдайы жеткіліксіз деңгейден оңтайлы деңгейге дейін сипатталды. Жамбыл облысында топырақ ылғал қоры жеткіліксізден қанағаттанарлық жағдайға дейін өзгеріп отырған, ал Алматы облысында ылғал қоры қанағаттанарлық деңгейден оңтайлы деңгейге дейін бағаланған (сурет. 1).
«Қазгидромет» РМК бақылау желісінің мәліметтері бойынша еліміздің солтүстік облыстарында тұрақты қар жамылғысының қалыптасуы 10 мен15 қараша аралығында, Батыс Қазақстан облысында 5 мен 6 желтоқсан аралығында, Ақтөбе облысында 11 мен 18 қараша аралығында, Қарағанды облысында 13 мен 17 қараша аралығында, республиканың шығысында 31 қазанмен 7 желтоқсанға дейін аралықта байқалған және Алматы облысында 23 қазаннан 26 қарашаға дейін. Елдің қалған бөлігінде ауа-райының тұрақсыздығына байланысты тұрақты қар жамылғысы болмаған, бұл оның еруіне әкелген.
Сурет 1
Еліміздің шығысын қоспағанда, Қазақстанның басым аумағында мамыр айында болжанатын ауа райы жағдайлары негізінен топырақтың метрлік қабатында ылғал жинақтау үшін қолайлы болады деп күтілуде.
Еліміздің шығысында, Павлодар облысында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығыс жартысында және Қарағанды облысының солтүстік-шығысында жоғары температуралық фон топырақ бетінен ылғалдың жоғары қарқынды булануына ықпал ететін болады, бұл кейіннен топырақта ылғал қорының тапшылығына алып келеді. Ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің басқа аймақтарында қолайлы ауа-райы күтіледі (сурет. 6).
2021-2022 ж.ж көктемгі-қысқы кезеңімен қазан айының 2 онкүндігінен сәуір айының 2 онкүндігі аралығында жауған жауын-шашын мөлшері:
Сурет 2
Сәуірдің екінші онкүндігі аяқталған сәтте Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандардың кей жерлерін қоспағанда, қар жамылғысы республиканың барлық аймағында еріген. Қазіргі уақытта республиканың барлық аймағындағы топырақ температуралық фонның айтарлықтай жоғарлауы салдарынан еріген.
Мамыр айы болжамына метеорологиялық шолу
Сурет 3
Мамыр айында ауаның орташа температурасы ҚР басым бөлігінде нормаға жуық, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының шығыс жартысында, Қарағанды облысының солтүстік - шығысында нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде (сурет.3).
Сурет 4
Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республика аймағының басым бөлігінде нормаға жуық, нормадан төмен - Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, нормадан жоғары - Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл және Түркістан облыстарында болжанды (сурет. 4).
2022 жылдың көктемінде Қазақстан аймағы бойынша егін жұмыстарының басталуына қарсаңындағы топырақтың ылғал қоры болжамы
Елдің шығысын қоспағанда, Қазақстанның басым аймағында мамыр айында болжанатын ауа райы жағдайлары көбінесе топырақтың метрлік қабатында ылғал қорының жинақталуына қолайлы болады деп күтілуде.
Еліміздің шығысында, Павлодар облысында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығыс жартысында және Қарағанды облысының солтүстік-шығысында жоғары температуралық фон топырақ бетінен ылғалдың жоғары қарқында булануына ықпал ететін болады, бұл кейіннен топырақта ылғал қорының тапшылығына алып келеді. Басқа аймақтарында ауылшаруашылығы дақылдарына қолайлы ауа-райы күтіледі (сурет. 6).
Есептеулер көрсеткендей, көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында Қазақстан аймағы бойынша күтілетін егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі:
- оңтайлыдан қанағаттанарлық деңгейге дейін - Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында;
- жеткіліксіз - Батыс Қазақстан облысында;
- қанағаттанарлық - Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында;
- оңтайлы Қарағанды және Алматы облыстарында (сур 5).
Батыс Қазақстан облысында көктемгі егіс жұмыстары алдында «Қазгидромет» РМК бақылау желілерінің деректеріне сәйкес бақылау учаскелері бойынша ӨЫҚ (өнімді ылғал қоры) көбінесе топырақтың метрлік қабатында жеткіліксіз болады деп күтілуде, бұл ЕЕТЫС-нан (егістіктің ең төменгі ылғал сыйымдылығы) 18,7-69,3% құрайды. Ылғалданудың жеткіліксіз жағдайлары Орал (80-90 мм, ЕЕТЫС 42,5%), Дарьинск (60-70 мм, ЕЕТЫС 43,3%) станцияларының маңайында және кей жерлерінде Погодаево станциясының жанында (35-45 мм, ЕЕТЫС 18,7%, агрофон: сүдігер) Бәйтерек ауданында, Тасқала ауданында (75-85 мм, ЕЕТЫС 41,2%) күтіледі. (75-85 мм, ЕЕТЫС 44,7%) және Федоровка МС жанында (90-100 мм, ЕЕТЫС 47,2%, агрофон: күздік қара бидай).Теректі ауданы және Шыңғырлау МС бақылау учаскелерінің кей жерлерінде (50-60 мм, ЕЕТЫС 40,7%, агрофон: сүдігер). Қалған аудандарда 78-138 мм немесе ЕЕТЫС 50,5-69,3% шамасында қанағаттанарлық ылғал қоры болжанады (2-кесте).
Ақтөбе облысында топырақтың метрлік қабатындағы ылғал қоры 49-159 мм немесе ЕЕТЫС 53,2-79,9% шамасында қанағаттанарлық деп болжанады. Хромтау ауданында болжанған қанағаттанарлық өнімді ылғалдың қоры (ӨЫҚ) 149-159 мм (ЕЕТЫС 70,8%), Мұғалжар ауданында – 49-59 мм (ЕЕТЫС 53,2%), Әйтеке би ауданында-105-115 мм (ЕЕТЫС 58,2%), Қарғалы ауданында-137-147 мм (ЕЕТЫС 69,8%), Мартук ауданында 105-136 мм (ЕЕТЫС 66,8-79,9%) және Алға ауданында – 72-82 мм (ЕЕТЫС 55,9%).
Ақмола облысында топырақтың метрлік қабатында болжанатын ӨЫҚ көбінесе 121-172 мм немесе ЕЕТЫС 64,4-77,8% шамасында қанағаттанарлық деп сипатталады. Ылғал жинақтаудың оңтайлы шарттары Астрахань (130-140 мм, немесе ЕЕТЫС 89,1%), Зеренді (159-169 мм немесе ЕЕТЫС 85,1%), Целиноград (164-174 мм немесе ЕЕТЫС 109,2%) ауданында және Шортанды (орылған егістік бойынша 159-169 мм немесе ЕЕТЫС 86,5%) ауданында орын алды, қалған аудандарда қанағаттанарлық ӨЫҚ күтіледі. Аршалы ауданында ӨЫҚ болжамының мәндері 121-136 мм (ЕЕТЫС 64,4-67,2%), Атбасар ауданында 149-159 мм (ЕЕТЫС 71,8%), Сандықтау ауданында 127-141 мм (ЕЕТЫС 71,8-73,7%), Бурабай ауданында 150-160 мм (ЕЕТЫС 77,3%), Егіндікөл ауданында 137-168 мм (ЕЕТЫС 67,8-77,8%), Бұланды ауданында 154-172 мм (ЕЕТЫС 70,8-74,4%) және Жақсы ауданында 143-153 мм (ЕЕТЫС 71%), сондай-ақ ішінара Шортанды ауданында (агрофон: тыңайған жер - 132-142 мм немесе ЕЕТЫС 72,1%).
Солтүстік Қазақстан облысында көбінесе 88 мм 213 мм дейін (ЕЕТЫС 52,1-77,7%) топырақтың қанағаттанарлық ылғалдануы жағдайларының басым болуы күтіледі, Жамбыл ауданының Пресновка станциясының маңайын қоспағанда (150-160 мм немесе ЕЕТЫС 86,7%), Жамбыл ауданының Возвышенка станциясының жанында (агрофон: тыңайған жер – 153-163 мм немесе ЕЕТЫС 83,6%) және Жамбыл ауданының Благовещенка станциясының жанында (агрофон: тыңайған жер -149-159 мм немесе ЕЕТЫС 85,9%), онда топырақта ылғал жинақтаудың оңтайлы жағдайлары болжанады.
Павлодар облысында барлық жерде ылғал қорының оңтайлы болып болжанады, Ақтоғай ауданының Ақтоғай (агрофон: орылған егістік бойынша -94-104 мм немесе ЕЕТЫС 103,1%) станциясының маңайын қоспағанда, топырақтың метрлік қабатындағы ылғалдылық жағдайы ЕЕТЫС (74-130 мм) 57,9-78,2% шамасында қанағаттанарлық болады деп күтілуде. Кашир ауданында болжамды ӨЫҚ 105-115 мм (ЕЕТЫС 68%), Успенкада 105-130 мм (ЕЕТЫС 73,4-78,2%), Ертіс 106-116 мм (ЕЕТЫС 57,9%), Шарбақты 105-123 мм (ЕЕТЫС 62,8-67,4%), Ақтоғай (Жолболды) 74-84 мм (58,6% ЕЕТЫС), Павлодар 92-102 мм (ЕЕТЫС 62,3%) және Железин ауданында 110-120 мм (ЕЕТЫС 67,7%).
Қостанай облысында ылғал жинақтаудың оңтайлы шарттары Сарыкөл ауданында 152-178 мм немесе ЕЕТЫС 82,7 – 91% шегінде, сондай – ақ Меңдіқара (МС Михайловка, агрофон; тыңайған жер -171-181 мм немесе ЕЕТЫС 80,6%) және Федоров (Кенарал АМП, агрофон; тыңайған жер -152-162 мм немесе ЕЕТЫС 83,2% шегінде күтіледі) аудандарында. Ылғал жинақтаудың қанағаттанарлық жағдайлары Қостанай облысының қалған аудандарында ЕЕТЫС 54-78,1% (93-175 мм) шамасында күтіледі.
Қарағанды облысында топырақтың метрлік қабатындағы оңтайлы ылғал қоры Бұқар Жырау (Қарағанды СХОС және Корнеевка МС) 140-218 мм (ЕЕТЫС 87,5-90,3%), Абай – 107-117 мм (ЕЕТЫС 85,1%), Осакаров 148-231 мм (ЕЕТЫС 88,7-130,6%) және Қарқаралы аудандарда 192-202 мм (ЕЕТЫС 82,9%) күтіледі. Нұра ауданында ылғалдандырудың қанағаттанарлық шарттары 119-151 мм немесе ЕЕТЫС 58,2-78,3% болжанады.
Шығыс Қазақстан облысында топырақтың метрлік деңгейдегі ылғал жинақтаудың оңтайлы шарттары Глубокое ауданында 238-248 мм (ЕЕТЫС 89,2%) және Алтай ауданында-200-221 мм (ЕЕТЫС 95,5-100,6%), сондай-ақ Бородулиха ауданының Дмитриевка станциясының маңында кей жерлерде 94-104 мм (ЕЕТЫС 80,8%) күтіледі. Қалған аудандарда 83 мм 188 мм дейін немесе ЕЕТЫС 54.3-72.1% дейін қанағаттанарлық ылғал қоры болжанады.
Алматы облысында көбінесе аудандардың көпшілігінде 73 мм 221 мм дейін (ЕЕТЫС 82,2-138,7%) ылғалдандырудың оңтайлы жағдайлары болжанады. Қанағаттанарлық ылғал қоры көбінесе Жамбыл ауданында (69-215 мм немесе ЕЕТЫС 53,4-75,7%), сондай-ақ Райымбек ауданының Нарынқол станциясының маңайында (127-137 мм немесе ЕЕТЫС 69,8%), Қаратал ауданының Ақжар станциясында (63-73 мм немесе ЕЕТЫС 52%) және Еңбекшілдер ауданының Шелек станциясының жанында (70-80 мм немесе ЕЕТЫС 72,3%) күтіледі.
АМБД Директоры Н. Лоенко
АМБД АББ бастығы Е. Мұқанов