Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қамбаш көлінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгіленсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының
Арал ауданындағы Қамбаш көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының
Арал ауданындағы Қамбаш көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі.
- «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Арал ауданының әкімдігі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев