Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту
және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мұрат Саламатовтың есімі;

2) «Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 181 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жағыпар Зермұхамедтің есімі;

3) «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Адырбек Сопыбековтің есімі берілсін.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының 

                   Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов

Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы
Дата публикации
05 мая 2022