Облыс әкімдігінің 2022 жылғы 29сәуірдегі №547 қаулысы
Қызылорда облыстық мәслихатының2021 жылғы13 желтоқсандағы
№ 72«2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешім жобасын Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешім жобасы Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсынылсын.
- «Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасын Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсыну туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы №513 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.М. Шәменоваға жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев