Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін бекіту туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының     3-бабының 7-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелері бекітілсін.
  2. «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.Ж. Жайымбетовке жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

                          әкімі                                                                        Н. Нәлібаев

 

 

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін бекіту туралы
Дата публикации
26 апреля 2022