Қызылорда облысының 2020 жылдың қаңтар
айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2020 жылдың қаңтар айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 58,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 85,0 пайыз.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеу себебі мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты (НКИ-80,9 пайыз).
Оған қоса, тамақ өнімдерін өндіру көлемінің 11,4 пайызға, кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің 38,7 пайызға, машиналар мен жабдықтар өндірісінің 6 есеге төмендеуі салдарынан өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,8 пайызға төмендеді (8,9 млрд.теңге өнім өндірілді).
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2020 жылы жалпы құны 44,2 млрд. теңгені құрайтын, 373 жұмыс орындары құрылатын 3 жоба іске асыру жоспарлануда. Олар:
1) «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен мен пластикалық қайық жасау цехін салу» («Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС)
Жоба құны – 160,0 млн.теңге;
Қуаттылығы - жылына 4 мың тонна балық өңдеу;
Жұмыс орындары- 100 адам;
Жүзеге асырылу орны – Арал ауданы;
Жобаның іске қосылатын уақыты - 2020 жылдың 2 тоқсаны.
2) «Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы» («Қармақшы құс» ЖШС)
Жоба құны – 1,9 млрд.теңге;
Қуаттылығы - жылына 1500 тонна құс етін өңдеу;
Жұмыс орындары - 47 адам;
Жүзеге асырылу орны – Қармақшы ауданы;
Жобаның іске қосылатын уақыты - 2020 жылдың 4 тоқсаны.
3) «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» («Orda Glass ltd» ЖШС)
Жоба құны – 42,1 млрд.теңге;
Қуаттылығы - жылына 197,1 мың тонна;
Жұмыс орындары - 226 адам;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы;
Жобаның іске қосылатын уақыты - 2020 жылдың 3 тоқсаны.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10,3 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 21,6 пайыз.
Құрылыс жұмыстардың көлемі 537,0 млн. теңгені құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 52,9 пайыз.
66,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 183,7 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3,8 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 103,6 пайыз.
Есепті кезеңде 3,1 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (НКИ- 105,8 пайыз), 5,4 мың тонна сиыр сүті (НКИ -101,0 пайыз), 0,3 млн. дана жұмыртқа (НКИ -49,7 пайыз) өндірілді.
Көлік. 2020 жылдың қаңтар айында жүк тасымалдау көлемі 6,2 млн.тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,1 пайызды құрады. Жүк айналым көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға артып, 1115,8 млн. тонна шақырымды құрады.
Автокөлік кәсіпорындарымен 29,9 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 1,6 пайызға өсіп, 568,7 млн. жолаушы шақырымға жетті.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2019 жылдың 4 тоқсанына).
3042 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 1164 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 1169 адам, жастар тәжірбиесімен 504 адам, әлеуметтік жұмыстарға 205 адам жіберілді.
2020 жылдың 1 ақпанына 556 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 370 тұрақты.
2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 150 235 теңгені құрады, яғни 2018 жылдың тиісті кезеңіне 115,8 пайыз.
Тұтыну бағаларының индексі 2020 жылдың қаңтар айында 2019 жылдың желтоқсанына қарағанда 100,5 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 100,8 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 100,6 пайыз, ақылы қызметке – 99,9 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 6,4 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 113,8 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 2,7 млрд. теңге түсті (болжамға 67,3 пайыз), жергілікті бюджетке 3,7 млрд. теңге (болжамға 235,8 пайыз).