2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары

Қызылорда облысы әкімдігінің

2019 жыл 5 ақпандағы №1321 қаулысымен

бекітілген

2019 жылға арналған

Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары

2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) мақсаттары, басымдықтары және міндеттері 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына, 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына үндеуіне, мемлекеттік бағдарламаларға, 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына, сонымен қатар, ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес айқындалды.
Осыған сәйкес облыс әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарының негізгі 9 басымдықтары айқындалды:
жастар саясаты;
макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау;
экономика салаларын цифрландыру мен жобалық менеджмент аясында жобаларды жүзеге асыру;
қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету;
тарифтік саясат және бірінші кезектегі тауарларға бағаны тұрақтандыру;
адами капиталды дамыту (білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, этносаясат, қоғамдық тәртіп және басқалары);
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және тікелей инвестицияларды тарту, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдары арқылы;
көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау (сол жағалауды дамыту және басқалары);
аймақтық даму (облыс пен Байқоңыр қаласының елді мекендерін дамыту).

2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары
Дата публикации
27 февраля 2020