
Жаңару үшін дауыс бер!

№ 1
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын
сайлау туралы
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.
Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.
Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола алады.
Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.
Партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.
Жаңару үшін дауыс бер!
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды.
Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру күніне он сегiз жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскелерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.
Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген олардың өтініші негізінде дауыс беру күніне дейін отыз күннен кешіктірмей немесе 2026 жылғы 23 шілдеге дейін енгізіледі.
Әкімдік азаматты дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізуді және оны тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды ұйымдастырады.
Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіле алады.
2026 жылғы 7 тамыздан бастап сайлаушыларға тиісті әкімдіктің интернет-ресурсы немесе байланыс орталығы арқылы нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімінде өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.
Сайлаушыларға қолайлы болуы үшін электрондық сервистер арқылы сайлау учаскесі туралы хабарландыру ұйымдастырылады.
Жаңару үшін дауыс бер!
Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ 386 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
Президент Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызда елімізде Құрылтай сайлауы өткізіледі.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына арналған Күнтізбелік жоспарды бекітті. Жалпы науқанды ұйымдастырудың ұзақтығы 54 күнді құрайды. 12 күн саяси партиялардың құжаттарын ұсынуға бекітілсе, 29 күн үгіт кезеңіне арналады.
22 тамыз – тыныштық күні, 23 тамыз – дауыс беру күні.
Қазіргі таңда сайлауды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.
– Қызылорда өңірінде 9 аумақтық, 386 учаскелік сайлау комисиясы жұмыс жасайды. 9 аумақтық сайлау учаскесінде 63 комиссия мүшесі тұрақты түрде қызмет атқарса, 386 учаскеде 2720 сайлау комиссиясының мүшесі бар.
Өңірдегі 386 учаскенің 132-і Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда.
ОСК-да жеребе тарту өтті: саяси партиялардың бюллетеньде орналасу реті анықталды
145 мандатқа 545 кандидат: ОСК партиялық тізімдерді тіркеу қорытындысын шығарды
Дауыс беру күні тіркеуде жоқ азаматтарды уақытша тіркеуге арналған Қызылорда қаласындағы
сайлау учаскелері
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі
