Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" КММ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар

жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

2026 жыл

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1

Туристік саладағы мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу арқылы өтінімдерді қабылдау, қарау, келісу және нәтижесін беру рәсімдерін толықтай электрондық форматқа көшіру ұсынылады.

                Нәтижесінде туристік саладағы мемлекеттік қолдау шараларын көрсету процесінің ашықтығы артып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне және мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жақсаруына қол жеткізіледі.

 

ҚР Туризм және спорт министрлігіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Ұсыныс хат

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Жыл көлемінде

2

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қаржыландырады.

                Сонымен қатар, өңірлік жарыстарды өткізу үшін қаражат бөлу кезінде іс-шаралардың әлеуметтік маңыздылығын, қатысушылар санын және күтілетін нәтижелерді бағалаудың бірыңғай өлшемшарттары толық регламенттелмегендіктен, бұл жағдай белгілі бір ұйымдарға немесе федерацияларға негізсіз басымдық беру тәуекелдерін тудырады.

                Осыған орай, спорттық іс-шараларды қаржыландыру кезінде жобаларды бағалаудың балдық жүйесін енгізіп, барлық шешімдерді электрондық форматта жариялау ұсынылады.

ҚР Туризм және спорт  министрлігіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Ұсыныс х

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Жыл көлемінде

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы