Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
2026 жыл
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Басқарма басшысының орынбасары |
Бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту, мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету, электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету; |
ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 2) тармағы және 365-бабы 1-бөлігі
|
Жоғары |
|
Басқарманың мемлекеттік тапсырыс және талдау бөлімінің бас маманы (бухгалтер) |
«Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңының 45-бабының 2 тармағына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ, спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттен ай сайын ақшалай үлес төлем жасайды. |
«Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңының 45-бабының 2 тармағына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ, спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілерінің есептеліктері, қажетті құжаттары қолма-қол қабылданады. |
орташа |
|
Басқарманың мемлекеттік тапсырыс және талдау бөлімінің бас маманы (экономист) |
Басқармаға қарасты ұйымдарға бөлінген қаржының ай сайын игерілуін қадағалап, есебін береді. Басқарма қарасты ұйымдардың штаттық кестелерін, тарификациялық тізімдерін және шығын сметаларын дұрыстығын қарап, сараптайды. Басқарма қарасты ұйымдар бойынша қысқы дайындық жұмыстарын үйлестіреді. Басқармаға қарасты ұйымдардың бюджеттік өтінімдерін жинақтайды. Бюджет нақтыланғанда немесе бекітілгенде, бюджеттік бағдарламаларға облыс әкімдігінің қаулысы жобасын дайындайды. Қаржыландыру жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізген жағдайда, тапсырыс, анықтама және жиынтық қаржы жоспарын дайындайды. Облыстық бюджеттік комиссиясына ұсыныстар мен қажетті құжаттарды дайындайды, отырысына қатысады. Қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасау, бекіту және қаржыландырудың жеке жоспарына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасап, өзгерістер енгізуді жүзеге асырады |
Басқарма қарасты ұйымдардың штаттық кестелерін, тарификациялық тізімдерін және шығын сметаларын дұрыстығын қарап, сараптайды. Қажетті құжаттар қолма-қол қабылданады. |
орташа |