
«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» 2006 жылы 29 желтоқсандағы №288 қаулысымен құрылды. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2007 жылы 16 қаңтарда тіркелген. Басқарма белгілі құзырлық шегінде Қызылорда облысы бойынша газ-жылу-энергетикалық ресурстары, коммуналдық шаруашылық және ауыз сумен қамту саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Қызылорда облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бағынысты мекемелері:
«Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ
Кәсіпорынның негізгі мақсаты - Қызылорда облысының электроэнергетикалық жүйелерінің тиімді және сенімді қолданылуымен қамтамасыз ету.
2. "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты - Қызылорда облысының электр және жылумен жабдықтау, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында жергілікті инфрақұрылым қызметін жүзеге асыру.
3. "Қызылорда газ тарату жүйесі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты - Қызылорда облысының елді -мекендерін газбен жабдықтау, тасымалдау қызметтерін көрсету болып табылады. Кәсіпорынның қызмет көрсету аумағы - Қызылорда облысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.
Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады.