Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы" КММ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою бойынша іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

2026 жыл

№

Тәуекелдер

Шешілу жолдары

Мерзімі

1.

Басқарманың коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімімен 04.12.2008 жылғы №95 ҚР Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) талаптарына сәйкес дивиденттер мөлшері 50 (елу) пайыз деп белгіленген. Алайда, Кодекс 01.01.2025 жылдан бастап күші жойылып, 15.03.2025 жылы жаңадан қабылданып, дивидендтер мөлшері 70 (жетпіс) пайыз деп айқындалған. Дивиденттердің мөлшерінің бұрын 50 пайыз деңгейінде нақты белгіленуі мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдардың таза табысын бөлу кезінде айқындықты қамтамасыз етіп, уәкілетті тұлғалардың дискрециялық шешім қабылдау мүмкіндігін шектеу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал еткен.

Алайда,  қолданыстағы заңнамаға сәйкес (2025 жылғы жаңа Бюджет кодексі) дивиденттер мөлшерінің 70 пайыз болып өзгеруі аталған тәсілді сақтай отырып, норманың біркелкі және міндетті түрде қолданылуын қамтамасыз етуді талап етеді.

Облыс әкімдігінің 08.12.2020 жылғы «Акциялардың мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы» № 143 қаулысының күшін жойып, жаңадан қабылдауға

25.05.2026 ж.

Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

"Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы" КММ

2025 жыл

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Жою механизмі  

Мерзімі

Орындалды/

орындалмады

1

Басқарманың Коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі қызметінде пайдаланылатын «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР 01.03.2011 жылғы Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабының 4-тармағы зерделенді. Заңның 74-бабының
4-тармағында «жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беруші (жалға беруші) бола алады»-деп белгіленген. Алайда, орыс тіліндегі нұсқасында «Нанимателями (арендаторами) государственного имущества выступают физические лица и негосударственные юридические лица» - делінген. Осылайша, қазақ және орыс тіліндеріндегі ұғымдар бір-біріне сәйкес келмеуде. Өз кезегінде, Заңдағы мәтіннің орыс тіліндегі нұсқасы дұрыс келтірілген деп танысақ, онда қазақ тіліндегі нұсқасы «жалдаушы (жалға алушы)» болуы тиіс. Бұл қате аударым қарама-қайшылықты тудыртып, жұмыс барысында келеңсіздіктерге әкелуде.

Қосымша ақпарат: 

Басқарма тарапынан ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігіне «Заңның 74-бабының 4-тармағының 1-абзац жолының қазақ тіліндегі «жалдауға беруші (жалға беруші)» деген сөздер «жалдаушы (жалға алушы)» болып ауыстырылуына (орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді) ықпал етуді сұрау туралы» хат жолданған болатын. Алайда, аталған министрліктерден ұсынысты ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолдануы қажет екендігі жөнінде жауап келді.

Нәтижесінде, мемлекеттік нысанды жалға беруде жалға алушы мен жалға берушіні айқындау барысында «құқықтық олқылықтар» мен «артық әкімшілік кедергілері» бар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Әділет, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне ұсыныс хат жолданды

№23-3/3962-И

31.07.2024 ж.

11-27.03.2024 жыл

Орындалған.

ҚР Қаржы Министрлігінен 25.09.2024 ж.

Ұсыныстармен келісетіні жөнінде

 №003-КГ/40355 хаты

2

Басқарманың Коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі қызметінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 5-қосымшасындағы кестенің 3.1-жолы зерделенді.

Мемлекеттік мүлікті жалға беру Қағида талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қағиданың 49-тармағында көрсетілген формуламен жалдау құнын есептеу барысында Қағиданың 5-қосымшасындағы коэфиценттер қолданылады.  

Қағиданың 5-қосымшасындағы кестенің 3.1-жолында «электрмен жабдықталған және коммуникациялары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері болмаса, әрбір түрі үшін 0,1-ге азаяды)» -делінген.

Бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерде «кәріз» жүйесі (канализация) болмағандықтан объектілердің көбісі «септик» жүйесімен қамтылған. Алайда, Қағидада «септик» атауы жазылмаған. Бұл жағдайда, жалға алушылардың «кәріз» орнына «септик» жүйесін қолданғандығы қосымша қаржылай шығын немесе қандай-да бір қолайсыздық жағдайлары орын алу фактілері жоқ. Екі жүйенің бір қызмет атқарғанымен, «септик» сөзінің Қағидада көрсетілмегендігі Прокуратура органдарына тексеру объектісі болу жағдайлары орын алуда. Мұндай жағдайларда, Басқарма өз ұстанымын білдіріп «Ұсынулармен» келіспей қарсы позициясын білдіруде.

Сонымен қатар, құзырлы министрліктермен комитеттерден түсіндірмелер сұратылып, көптеген құжат айналым мен артық әкімшілік кедергілерге әкелуде. Бұл «құқықтық олқылықтар» объектінің жалдау ақысын есептеу барысында 0,1 пайызға азайтып немесе азайтпай есептеуге мүмкіндік береді. Ал, жалға алушы кәсіпкерлердің төлемін азайтып беру мүмкіндігі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындатуда.

Нәтижесінде, объектінің жалдау ақысын есептеу барысында тараптардың өз ара келісөздер жүргізіп нысанның жалға алу ақысын азайтуға жол беретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.

2024

КГУ «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы»

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Жою механизмі 

Мерзімі

Орындалды/

орындалмады

1

Басқарманың Коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі қызметінде пайдаланатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 6-тармағы зерделенді.

Қағиданың 6-тармағына сәйкес жалға беруші (Басқарма) мен жалға алушы (жеке тұлғалар немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар) арасында үш жылдан аспайтын мерзімге шарт жасалады.

Осы тармақтың екінші абзацында «Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен және одан әрі ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады» делінген. Яғни, жасасқан шартты шексіз рет ұзартып отырудың мүмкіндігі қарастырылған.

Өз кезегінде, Қағиданың 6-тармағының үшінші абзацына сәйкес Жалға алушының Шарттың қолдану мерзімін ұзарту жөніндегі өтінішіне Баланс ұстаушы жазбаша бас тартпаған жағдайда, қосымша келісім арқылы негізгі Шарттың мерзімі ұзартылады. Бұл жағдайда, Жалға беруші (Басқарма) тарапынан Шарт мерзімін ұзартудан бас тарту бойынша шешім қабылдаудың мүмкіндіктері қарастырылмаған. 

Мысалы: белгілі бір нысанның жалға алу шартының мерзімі бірнеше рет ұзартылуы (10-15 жыл) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің
3-бабының 2-тармақшасындағы «кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі», «адал бәсекелестік» принциптеріне қайшылық тудыртады. Себебі, мерзімі ұзартылмаған нысандарды қайта жалға беру процесінде, адал бәсекелестік негізінде барлық кәсіпкерлерге қатысуға және нарықтық бағамен ұсынысын енгізуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, нысанды жалға алу құны, шарттың мерзімін ұзарту уақытындағы нарықтық құнынан төмен болып, мемлекеттік бюджеттің кірісіне әсер етеді.

Нәтижесінде, баланс ұстаушымен жалға алушының арасындағы өз ара келісөздер жүргізіп нысанның жалға алу мерзімін шексіз рет создыруға жол берілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуда.

Қазақстан Республикасының Әділет, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне ұсыныс хат жолданды

№23-3/3962-И

31.07.2024 ж.

11-27.03.2024 жыл

Жауап күтілуде

2

Басқарманың Коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі қызметінде пайдаланылатын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабының 4-тармағы зерделенді.

Заңның 74-бабының 4-тармағында «жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беруші (жалға беруші) бола алады»-деп белгіленген. Алайда, орыс тіліндегі нұсқасында «Нанимателями (арендаторами) государственного имущества выступают физические лица и негосударственные юридические лица» - делінген. Осылайша, қазақ және орыс тіліндеріндегі ұғымдар бір-біріне сәйкес келмеуде.

Өз кезегінде, Заңдағы мәтіннің орыс тіліндегі нұсқасы дұрыс келтірілген деп танысақ, онда қазақ тіліндегі нұсқасы «жалдаушы (жалға алушы)» болуы тиіс. Бұл қате аударым қарама-қайшылықты тудыртып, жұмыс барысында келеңсіздіктерге әкелуде.

Қосымша ақпарат: Басқарма тарапынан ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігіне «Заңның 74-бабының 4-тармағының 1-абзац жолының қазақ тіліндегі «жалдауға беруші (жалға беруші)» деген сөздер «жалдаушы (жалға алушы)» болып ауыстырылуына (орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді) ықпал етуді сұрау туралы» хат жолданған болатын. Алайда, аталған министрліктерден ұсынысты ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолдануы қажет екендігі жөнінде жауап келді.

Нәтижесінде, мемлекеттік нысанды жалға беруде жалға алушы мен жалға берушіні айқындау барысында «құқықтық олқылықтар» мен «артық әкімшілік кедергілері» бар сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауда.

3

Басқарманың Коммуналдық мүлікті басқару және мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі қызметінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 5-қосымшасындағы кестенің 3.1-жолы зерделенді.

Мемлекеттік мүлікті жалға беру Қағида талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қағиданың 49-тармағында көрсетілген формуламен жалдау құнын есептеу барысында Қағиданың 5-қосымшасындағы коэфиценттер қолданылады. 

Қағиданың 5-қосымшасындағы кестенің 3.1-жолында «электрмен жабдықталған және коммуникациялары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері болмаса, әрбір түрі үшін 0,1-ге азаяды)» -делінген.

Бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерде «кәріз» жүйесі (канализация) болмағандықтан объектілердің көбісі «септик» жүйесімен қамтылған. Алайда, Қағидада «септик» атауы жазылмаған. Бұл жағдайда, жалға алушылардың «кәріз» орнына «септик» жүйесін қолданғандығы қосымша қаржылай шығын немесе қандай-да бір қолайсыздық жағдайлары орын алу фактілері жоқ. Екі жүйенің бір қызмет атқарғанымен, «септик» сөзінің Қағидада көрсетілмегендігі Прокуратура органдарына тексеру объектісі болу жағдайлары орын алуда. Мұндай жағдайларда, Басқарма өз ұстанымын білдіріп «Ұсынулармен» келіспей қарсы позициясын білдіруде.

Сонымен қатар, құзырлы министрліктермен комитеттерден түсіндірмелер сұратылып, көптеген құжат айналым мен артық әкімшілік кедергілерге әкелуде. Бұл «құқықтық олқылықтар» объектінің жалдау ақысын есептеу барысында 0,1 пайызға азайтып немесе азайтпай есептеуге мүмкіндік береді. Ал, жалға алушы кәсіпкерлердің төлемін азайтып беру мүмкіндігі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындатуда.

Нәтижесінде, объектінің жалдау ақысын есептеу барысында тараптардың өз ара келісөздер жүргізіп нысанның жалға алу ақысын азайтуға жол беретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуда.

2024

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

2.

3.

2023

№

Мемлекеттік органның атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы

Инвестициялық саясат және нақты секторды дамыту бөлімі қызметінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (әрі қарай-Кодекс) 153-бабының 16-тармағы, 154-бабының 10-тармағы зерделенді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:

Кодекстің 153-бабының 16-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамаларын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, Кодекстің 154-бабының 10-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды айқындайды делінген.

Жоғарыда көрсетілген нормалар негізінде «Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 680 қаулысымен «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы, «Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 заңды тұлға айқындалған.

Дегенмен, жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүргізуге заңды тұлғаны айқындау тәртібі, механизмі белгіленбеген.

Сәйкесінше экономикалық сараптамасын жүргізуге заңды тұлғаларды айқындауда жергілікті атқарушы органдарға дербестік берілгенін көрсетеді.

2

Білімді дамыту  және еңбек ақы қорын талдау, мониторингілеу бөлімі, Әлеуметтік салаларды және бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бөлімі қызметінде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы заттай нормалардың қолдану заңдылығы зерделенді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:

Кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді, сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №146 қаулысымен бекітілген заттай нормаларды әзірлеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді деп көрсетілген.

Алайда, іс жүзінде бірқатар саланың (білім, мәдениет, спорт және т.б.) орталық уәкілетті органдармен автокөліктердің тиесілік заттай нормалары бекітілмеген.

Жергілікті атқарушы органдардың заттай нормаларды бекіту өкілеттілігі айқындалмаған.

Сәйкесінше, облыстық, аудандық деңгейдегі мекемелерде автокөліктерді ұстап тұру, қызмет көрсету үшін шығандары негізсіз жоспарлануға соқтыруда.

Мәселен:

1) Облыстық қоғамдық даму басқармасы бойынша қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ, «Қоғамдық келісім» КММ жалпы 4 автокөлікке;

2) Облыстық мәдениет және спорт басқармасына қарасты 29 спорт мектептері мен 9 мәдениет ұйымдарының 70 автокөлікке;

3) Облыстық білім басқармасына қарасты 16 білім беру орталығының 18 автокөлікке;

4) Қалалық және аудандық білім бөлімдеріне қарасты мектептердің 125 автокөлігіне бюджеттен қаржылар негізсіз жоспарлануда.

3

Бюджеттік жоспарлаумен айналысатын бөлімдер қызметіндегі «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджеттік өтінімдерді ұсыну талаптары зерделенді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:

Қағиданың 73-тармағына сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беттерi нөмiрленген бiр дана қағаз тасығышта, брошюра түрiнде және мемлекеттiк органдардың электрондық бiрыңғай құжат айналымы жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде не электрондық тасығыштарда енгiзедi делінген.

Алайда, іс жүзінде Басқарма бюджеттік өтінімдердің электрондық нұсқаларын қабылдауға техникалық мүмкіндігі жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың 54-1-тармағына сәйкес Ақпараттандыру объектілерін қорғау үшін деректердің тарап кетуінің алдын алу (DLP-Data Leak Prevention Деректердің таралуына жол бермеу) жүйесі болу қажет. Облыстық мекемелер үйінде DLP қорғаныс жүйесінің болмауына байланысты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан USB порттарының жабық болуы жөнінде ұсыныс берілген.

Documentolog (құжат айналымы) ақпараттық жүйесі арқылы енгізілетін әрбір құжаттардың көлемі 10 мб-тан аспауы тиіс. Бюджеттік өтінімдердің PDF форматындағы  көлемі көп жағдайда 10 мб-тан асып кетеді.

Сондықтан, Басқармамен бюджеттік өтінімдерді электрондық құжат түрiнде не электрондық тасығыштарда алу мүмкіндігі болмауда. Сәйкесінше қағаз тасығыштағы бюджеттік өтінімдердің жоғалуына, не бюджеттік өтінімдерге түзету енгізуге жағдайлар жасалған.

Орталық атқарушы органдар үшін Қағиданың 72-тармағына сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлаудың ақпараттық жүйесi арқылы енгiзетіндігі көзделген.

Осы ретте, Қағидада бюджеттік өтінімдердің электрондық нұсқасын қабылдауда бірыңғай талаптардың болмауы жұмыстың өз деңгейінде жүргізілуіне кері әсер етуде.

4

Талданып отырған кезеңде Басқармаға прокуратура органдарынан түскен ұсынымдар зерделенді.

Ақмола облыстық прокуратурасының 20.02.2023 ж. № 2-02-23-00090 ДСП хатында «Cash-Ville» казино қызметіне жүргізілген тексеру қызметіне сәйкес Басқарманың статисті Ә. Б.-ға 2021 жылы Көкшетау қаласындағы казинода құмар ойындарына қатысқаны хабарланған.

Азаматтардың алдында мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіретін, сынға себеп болатын әрекеттер мен мінез-құлыққа жол бермеу бойынша белгіленген шектеулерге қарамастан Басқарма қызметкерлерінің құмар ойындарға қатысқанын көрсетеді.

Осы факті бойынша 06.03.2023 ж. №01-18-34А бұйрығымен Басқарманың штаттан тыс статистигі Ә. Б.-ға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған.

Яғни, Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіретін, сынға себеп болатын әрекеттер мен мінез-құлыққа жол бермеу бойынша белгіленген шектеулерден хабарсыздығы, Мемлекеттік қызмет туралы Заңы мен Әдеп кодексі нормаларының қатаң сақтау бойынша шаралардың орындалмайтындығын көрсетеді.

Документы
Жоба
25 августа 2026
«2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсыну туралы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы