Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» КММ
2026 жыл
|
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша - төлемақы) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес тиісті экологиялық рұқсат пен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері (қоршаған ортаға эмиссия), күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны және қалдықтарды көмгені үшін алынады (Салық кодексінің 573-бабының 1-тармағы). Қалдықтарды басқару деп, қалдықтар түзілген кезден бастап түпкілікті жойылғанға дейін қалдықтарға қатысты жүзеге асырылатын операциялар түсініледі (Экологиялық кодекстің 319-бабының 1-тармағы). Осы ретте, қалдықтардың пайда болу орнында жинақталуы қалдықтарды басқару операцияларының бірі болып табылады. Қалдықтардың жинақталуы деп, қалдықтардың түзілуі немесе оларды түпкілікті қалпына келтіру немесе жойылғанға дейінгі (Экологиялық кодекстің 320-бабының 2-тармағы) көрсетілген мерзімдер ішінде (6 айдан 1 жылға дейін) арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды уақытша жинақтау түсініледі. Жалпы, қалдықтардың пайда болған сәтінен бастап көмген немесе жойғанға дейін қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою операциялары кезінде олардың жинақталған және уақытша сақталған орындарында қоршаған ортаға теріс әсері болады. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодекстің негізі болып табылатын «Ластаушы төлейді» қағидатына сәйкес қалдықтарды түзуші, қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне берген кезге дейін жауапты болады. Бұл ретте, залалсыздандыру операцияларынан өткізілмеген және қоршаған ортаға қауіпті қасиеттері барынша жойылмай жинақтау және сақтау орындарында 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде орналастырылған қалдықтар (теріс әсері жойылмаған) салық салу объектісі болып табылмай және салық төлеуден босатылған, яғни Экология кодексінің 126-бабы
|
2024 жыл
|
«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ |
||||
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Жою механизмдері |
Мерзімі |
Орындалды/ орындалмады |
|
|
Порталға балық аулау құқығынан айрылған адамдарды енгізу жөніндегі функцияны ТАӘ, ЖСН, сот үкімінің күні мен нөмірін, тыйым салу мерзімін көрсете отырып, автоматтандыру қажет деп санайды. Портал автоматты түрде (портал өтінімдегі балықшылардың тізімін және көрсетілетін қызметті алушының өзін автоматты түрде тексеруі қажет) қызметті алушылардан өтінімді қабылдаудан бас тартатын болады. Портал елімізде барлық өңірлерінде тыйым салуды көрсетуі тиіс. |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне 10.05.2024 ж. №04-15/1133 санды ұсыныс хаты жолданды. Қазіргі таңда Балық шаруашылығы комитетімен ұсыныс қаралуда |
2024 жыл мамыр айы |
Орындалуда |
|
2024 жыл
|
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №18-04/675 бұйрығының 8-қосымшасының 9-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеріне жататындығы көрсетілген. Алайда, балық аулауға құқығынан айырылған тұлғалардың аты-жөні, ЖСН, сот үкімінің күні мен нөмері және тыйым салу мерзімі көрсетілген функция Е-Лицензия порталына енгізілмеген. Аталған функцияның енгізмегендігіне байланысты мемлекеттіқ қызмет көрсетушілер тиісті рұқсат беру кезінде қызмет алушының балық аулауға құқығынан айырылғандығы туралы ақпараттандырылмаған. |
2023 жыл
|
Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілері) |
Орман кодексінің 31 бабының 1-2 тармағында Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезінде орман пайдаланудың мынадай түрлері: 1) сүрек дайындау; 2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау; 3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану; 4) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану; 5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану; 6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану; 7) жанама орман пайдалану белгіленген. Осы орайда, Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.09.2018 ж. №383 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік Нұсқаулығының 18 тармағында орман пайдаланудың ұзақ мерзімді (10 жылдан 49 жылға дейін) түрлері болып: 1) шайыр мен сүрек сөлдерін дайындау; 2) екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындау; 3) шөпшабу мен мал жаю; 4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аң шаруашылығы мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін сүрек және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану деп көрсетілген, яғни Нұсқаулықпенжанама орман пайдалану түрі белгіленбеген және оны ұзақ мерзімге беру тәртібі реттелмеген. |
|
|
Орман кодексінің 34 бабына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары қысқа мерзiмдi орман пайдалануға мемлекеттiк орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бiр жылға дейiнгi мерзiмгежәне мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты негізінде бір жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге беріледі делінген. Осы баптың 2-тармағында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланудың мынадай түрлері: 1) жанама орман пайдалану; 2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану; 3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттары үшiн пайдалану; 4) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау белгіленген. Ауыл шаруашылығы министрінің 26.01.2015 ж. №18-02/40 бұйрығымен бекітілген «Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру Қағидаларының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланудың: 1) сүрек дайындау; 2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау; 3) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау; 4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау); 5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану; 6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану; 7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану; 8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш жәе бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін деп көрсетілген. |
|
|
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Заңы қабылданып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 30.12.2021 ж.№99 ҚР Заңымен өгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкесаталған Кодекс 407-1 (Жануарларға қатыгездікпен қарау) және 407-2(Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) баптарымен толықтырылып, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен орынбасарларына осы баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау құқығы белгіленді (709 бап). Сондай-ақ, осы Кодекстің 729 бабына сәйкес 407-1 және 407-2 баптарында белгіленген әкімшілік құқықбұзушылық істерді қарау жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Осы заңда жабайы жануарлар мен үй жануарларының анықтамалары белгіленген. Осы орайдажабайы жануарлар- бұл жабайы табиғат табиғи мекендеу ортасы болып табылатын, оның ішінде еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар. үй жануарлары (компаньон жануарлар) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар. Атап өту қажет орман және жануралар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мемемелерінің Ережелеріне сәйкес олар орман қоры жерлерінің шекарасында, орман және жануарлар дүниесiн қорғау, сақтау, өсімін молайту функцияларын жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанындағы коммерциялық емес мекеме болып табылады. Осыған орай әкімшілік құқықбұзушылық кодексіндегі аталған нормалар орман мекемелеріне дискрециялық өкілеттіктер жүктейді. |
|
|
Талдау барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 ж. № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген Балық аулау Қағидаларында тәуекелдер анықталды. ОсҚағидалардың 39-тармағына сәйкес мелиорациялық аулау болып жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау болып белгіленген. Қағиданың 40 тармағында Балықтың жаппай қырылуына әкеп соқтырмай қоймайтын балық шаруашылығысу айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтың қырылу қатері туындаған және мұндай қатерді су объектілерінде ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен жою мүмкін болмаған жағдайларда аумақтық бөлімше жергілікті атқарушы органдар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті орган өкілдерінен аумақтық бөлімше құрған Комиссияның шешіммен ғылыми ұсынымдары негізінде және ихтиологиялық байқаулар нәтижелері бойынша мелиоративтік балық аулауды ұйымдастырады делінген. Қағиданың 43 тармағында мелиорациялық аулауға жергілікті атқарушы органмен берілген жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың болуы кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар деп көрсетілген. Осы орайда ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.12.2014 ж. Алайда, балықтың жаппай қырылуына әкеп соқтырмай қоймайтын су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мелиорациялық аулауды жүргізуге рұқсаттар алу бойынша көрсетілетін қызмет түрін алу үшін табиғат пайдаланушы қырылу қауіпі барын дәлелдейтін құжаттарды ұсынбай белгіленген нысандағы өтінішті толтырып ұсынатыны белгіленген. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету барысында белгілі бір жемқорлық тәуекелдерін туындатады. |
|
|
Ішкі талдау барысында құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларында айырмашылықтар анықталды. Мәселен, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 24.05.2022 ж. № 180 бұйрығымен бекітілген Қағидаларының 4 тармағында жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) субсидиялау түрлері бойынша субсидиялар көлемімен бірге қаулысын жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) тиісті жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей мемлекеттік органдардың интранет – порталы арқылы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді. Алайда, орыс тіліндегі Қағидаларда қаулы жобасын келісімге мемлекеттік органдардың интранет – порталы арқылы жолдау тәртібі белгіленбеген. |
|
|
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 ж. Осы орайда ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2015 ж. Бұл жағдайда конкурс жеңімпазын таңдау барысында түрлі тәуекелдер орын алуы мүмкін. Осыған орай, аталған Ережеде субъектілермен дамыту үшін жұмсалуы тиіс қаржының төменгі және шекті мәндері және оның қалыптасу негіздері мен көздерін белгілеу туралы ұсыныс хат әзірлеп жолдау ұсынылады. |
|
|
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 40 бабы 1-тармағы 4-абзацында «жеке меншікте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлместен соларға бекiтiп берiледi»деп көрсетілген. Осы орайда, резервтегі аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерiн табиғат пайдаланушыларға бекiтiп берубарысында оларға қойылатын біліктілік талаптар ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 ж. №18-04/245 бұйрығымен бекітілгенконкурс өткiзу Қағидаларында белгіленген. Және бұрын бекітіліп берілгенаңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін қайта бекітіп беру барысында тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 ж. №337 бұйрығымен бекітілген. Осы саладағы заңға тәуекелді актілермен«жеке меншікте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiндегі аңшылық алқаптар мен жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерін конкурс өткiзiлместен бекітіп беру барысында қойылатын бiлiктiлiк талаптары айқындалмаған. Сондықтан осы санаттағы учаскелерді конкурссыз бекітіп беру барысында жемқорлық тәуекелдерінің болуы ықтимал. |
|
|
Қоршаған ортаның жағдайы халықтың денсаушылығын айқындайтын негізгі факторларының бірі болып табылады. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында жүздеген мың тонна қауіпті қалдықтар пайда болады. Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясаты принциптерінің бірі - қалдықтарды түзушінің жауапкершілігі (Экокодекс «Ластаушы төлейді» қағидатына сәйкес қалдықтарды түзуші, қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне берген кезге дейін жауапты болады. Қалдықтарды басқару деп, қалдықтар түзілген кезден бастап түпкілікті жойылғанға дейін қалдықтарға қатысты жүзеге асырылатын операциялар түсініледі (Экокодекс 319 б. 1 т.). Осы ретте, қалдықтардың пайда болу орнында жинақталуы қалдықтарды басқару операцияларының бірі болып табылады. Қалдықтардың жинақталуы деп, қалдықтардың түзілуі немесе оларды түпкілікті қалпына келтіру немесе жойылғанға дейінгі (Экокодекс 320 б. 2 т.) көрсетілген мерзімдер ішінде (3 айдан 1 жылға дейін)арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды уақытша жинақтау түсініледі. Жалпы, қалдықтардың пайда болған сәтінен бастап көмген немесе жойғанға дейін қоршаған ортаға теріс әсері жинақталған және уақытша сақталған орындарында басталады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемді қолдану мақсатында тау-кен өнеркәсібінің қалдықтарын сақтау және ұзақ мерзімді сақтау қалдықтарды көмуге теңестіріледі (Экокодекс 359 б. 1 т.). Алайда, қалдықтар уақытша немесе ұзақ мерзімді сақталуына қарамастан қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Қазіргі таңда қоршаған ортаға теріс әсер еткен үшін төлемақы: 1) атмосфералық ауаға ластағыш заттарды шығарғаны; 2) ластағыш заттарды төккені; 3) қалдықтарды көмгені; 4) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны үшін төлемақы алынады (Экокодекс 127 б.). І және ІІ санаттағы объектілер үшін тиісті экологиялық рұқсат негізінде қалдықтарды жинақтау және оларды көмуге арналған лимиттер белгіленеді (Экокодекс 334 б. 1 т.). Бұл ретте, залалсыздандыру операциялары жүргізілген, яғни қауіпті қасиеттері барынша бәсеңдетіліп, көмілген қалдықтар ғана салық салу объектісі ретінде табылуда. Алайда, залалсыздандыру операцияларынан өткізілмеген және қоршаған ортаға қауіпті қасиеттері барынша жойылмай жинақтау және сақтау орындарында 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде орналастырылған қалдықтар (теріс әсері жойылмаған) салық салу объектісі болып табылмай және салық төлеуден босатылған, яғни Экологиякодексінің 126 бабы 1 тармағындағы қоршаған ортаға теріс әсері еткені үшін төлемақы алыну қажеттілігі жөніндегі талабына қарама-қайшы және сәйкес келмейді. Осы орайда, қалдықтарды жинақтау орындарында уақытша сақтау үшін жинақталатын қалдықтарды (теріс әсері жойылмаған)салық салу объектісі ретінде тану мақсатында Экологиякодексінің 127 бабын келесі мазмұнындағы тармақшасымен толықтыруды ұсынамыз: «5) қалдықтарды арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды уақытша жинап қою үшін». |
|
|
Облыс әкімінің және бірінші орынбасарының алғыс хаттары мен грамоталарына басқармамен бағынысты мекемелердің ұсыныстары негізінде марапаттауға ұсыныстар енгізеді. Алғыс хаттар мен грамоталарға ұсыныстар әзірлей барысында үміткерлерді таңдау талаптары мен ұсыныс енгізуді тәртібі белгіленбеген. Басқармаға бағынысты мекемелер алғыс хаттар мен грамоталарға үміткерлерді өздері таңдау жолымен басқармаға ұсынып мараптталады. Мәселен 2022 жылы өздерімен таңдау арқылы алғыс хаттар мен грамоталарға 70 ұсыныстар енгізіліп, қызметкерлер марапатталған. Бұл жағдайда алғыс хаттар мен грамоталарға нақты еңбек сіңірген және тәртіптік жазасы жоқ үздік еңбек үлгісін көрсеткен қызметкерлердің марапатталмауы мүмкіндігін тудырады. Осыған сәйкес басқарма қызметінде қызметкерлерді алғыс хаттар мен грамоталармен марапаттауға ұсыну және оларды марапаттау тәртібін айқындайтын ережелердің жоқтығы белгілі бір тәуекелдерді тудырады. |
|
|
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43 бабының 12 тармағында өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) өнім берушіге қайтарады. Сондай-ақ, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор өнім берушінің электрондық әмиянына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін енгізілген ақшалай соманы, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) қайтаруды автоматты түрде жүзеге асырады. Осы орайда Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор өнім берушінің электрондық әмиянына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін енгізілген ақшалай соманы, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (болған кезде) қайтаруды автоматты түрде жүзеге асырады деп белгіленген. |