2026
|
Қызылорда облысының «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» |
|||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі
|
Жою механизмі |
Мерзімі |
|
1 |
Басқарма қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген шектеулерді сақтау жөнінде тиісті түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру |
Семинар өткізу |
жыл ішінде |
|
2 |
Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде тиісті түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру |
Семинар өткізу |
жыл ішінде |
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" КММ
2025
|
Қызылорда облысының «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» |
||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Жою механизмі |
Мерзімі |
Орындалды/орындалмады |
|
1 |
ҚР Жер кодексінің 49-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен өтініш 16 жұмыс күні дейінгі мерзімде қаралса, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасында 13 жұмыс күні көрсетілген. Яғни, Кодексте көзделген норма мен Қағидада көрсетілген норманы сәйкестендіру қажет |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс хат жолдау |
1 жыл ішінде |
орындалды |
|
2 |
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу туралы» қағидасының 23-тармағында осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру артықшылығы беріледі. Осы ретте аудан, қала, ауыл немесе кент бойынша қай аумақты анықтау керектігі туралы белгісіздік бар |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс хат жолдау |
1 жыл ішінде |
Жұмыс жасалуда |
2024
|
Қызылорда облысының «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» |
||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі
|
Жою механизмі |
Мерзімі |
Орындалды/орындалмады |
|
1 |
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау бойынша: - Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі-СМАЖ) қызметтер көрсету мүмкін болмай, «СМАЖ»-да тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесі, Тыңайтқыштардың түрлері, тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы (теңге) мен тыңайтқыштарды енгізу нормалары (нақты салмақпен тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар) енгізілмегендігі анықталды. Ақпарат ретінде: Тізім енгізілмеген жағдайда тыңайтқыштарды өндірушілері, жеткізушілері және шетелдік өндірушілері және олар өндіретін (өткізетін) өнімдері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриалды даму комитетінен химиялық тіркеуден өткендігін расттау мүмкін емес. Тыңайтқыштардың түрлері, тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы мен тыңайтқыштарды енгізу нормалары болмауы пайдаланылған тыңайтқыштардың көлемін есептеуге мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты шаруашылық құрылымдары субсидия алу мақсатында тыңайтқыштардың түрлері мен көлеміне (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына тыңайтқыштарды енгізу нормаларын ескере отырып), тыңайтқыштар тізбесі мен бекітілген субсидиялар нормаларын АШТӨ тарапынан өтінімдерге енгізуге мәжбүр болады. Осы ретте, кейбір субсидия алушылар (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына тыңайтқыштарды енгізу нормаларын ескере отырып) субсидия алу үшін қателіктер орын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде СМАЖ –де шаруашылық құрылымдары тарапынан сатып алынып егіске пайдаланған минералды тыңайтқыштарының құнын субсидиялау мақсатында жолдаған өтінімдерінде ЖАО тиісті нормативтік құжатымен қабылданған минералды тыңайтқыштардың 1 тоннасының субсидиялау нормаларын, қызмет көрсетуші мекеменің жауапты қызметкері жүйеге енгізгені дұрыс деп есептейміз. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу мақсатында «СМАЖ» жүйесіне көрсетілген кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде СМАЖ –де шаруашылық құрылымдары тарапынан сатып алынып егіске пайдаланған минералды тыңайтқыштарының құнын субсидиялау мақсатында жолдаған өтінімдерінде ЖАО тиісті нормативтік құжатымен қабылданған минералды тыңайтқыштардың субсидиялау нормаларын енгізу қажет. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс хат жолдау |
1 жыл ішінде |
жұмыста |
|
2 |
Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту бойынша: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына 1-қосымша «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін ұсыну тәсілдері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб порталы арқылы жүзеге асырылады делінген. Алайда, бүгінгі аталған қызметті электронды түрде қызмет көрсету мүмкін емес. Осыған байланысты, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының (АО НИТ) Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің жергілікті жердегі IT мамандарына «E-License» мемлекеттік деректер қорына осы қызметті электронды түрде көрсету үшін орнатып беруді сұраған болатынбыз. ҰСЫНЫМ: Жоғарыда аталған қызметті «E-License» МДҚ базасына енгізу үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Астана қаласындағы мекемесінен рұқсат беру қажет екендігін хабарлады. Жоғарыдағы мән жайларды айта келе, аталған мәселені шешуге ықпал жасауды сұрайды. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс хат жолдау Республики Казахстан |
1 жыл ішінде |
|
|
3 |
Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне кіретін жер учаскелерін беру кезінде: ҚР Жер кодексінің 43-бабының 7-тармағына сәйкес төмен тұрған атқарушы органның шешімдері талап етіледі, сондай-ақ ҚР Жер кодексінің 120-бабының 1-тармағына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшін беру кезінде орталық уәкілетті органмен жәнге тиісті уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғау қызметімен) келісу талап етіледі.Алайда, көрсетілген кезеңдер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (аукциондарды, конкурстарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» туралы мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында көрсетілмеген.Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің негізінде «Сауда-саттықты (аукциондарды, конкурстарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша уәкілетті органға хат жолдау. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс хат жолдау |
1 жыл ішінде |
|
|
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы |
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағдарламасының №4 «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар)» жобасында қызмет алушылардың электронды шот-фактуралары «Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі» өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде жұмсалған шығындарды растау. Бұл ретте, электрондық шот-фактура өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде (сұратылған электрондық шот-фактура ЭШФ АЖ-дан мемлекеттік қолдау шарасын алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді деп көрсетілген. Алайда, «Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі» жүйесінде субсидия алуға ұсынылған өтінімдермен бірге электронды шот-фактуралары жүктелгенімен оның кері қайтарып алған немесе жойылғаны туралы мәліметтер көрінбейді. Осы ретте, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен электронды шот-фактура порталы арасында байланыстың болмағандығы анықталып отыр. Осы ретте, кейбір субсидия алушылар жосықсыз (электронды шот-фактуралары жүктелгенімен оның кері қайтарып алған немесе жойылғаны туралы мәліметтер) субсидия алу үшін жалған шот-фактураларды пайдаланып қылмыстық істерге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалады. Осыған орай, «Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде субсидия алуға ұсынылған өтінімдермен бірге электронды шот-фактуралары жүктелгенімен оның кері қайтарып алған немесе жойылғаны туралы мәліметтер салық органдарының базасымен байланыстыру (интеграция) қажет. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде субсидия алуға ұсынылған өтінімдермен бірге электронды шот-фактуралары жүктелгенімен оның кері қайтарып алған немесе жойылғаны туралы мәліметтер салық органдарының базасымен байланыстыру (интеграция) және СМАЖ – де шаруашылық құрылымдары тарапынан сатып алынып егіске пайдаланған минералды тыңайтқыштарының құнын субсидиялау мақсатында жолдаған өтінімдерінде ЖАО тиісті нормативтік құжатымен қабылданған минералды тыңайтқыштардың субсидиялау нормаларын енгізу бойынша ұсыныстар жолданады |