Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ

Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ

2026 жыл

№

Ұсыным

Іс-шара

1

«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы»» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
2 ақпандағы №70 бұйрығынан Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын аттестаттау жүргізу тәртібін алып тастау

Көтерілген 2 мәселе бойынша

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне

хат жолдау

 

2

«Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі №91 бұйрығына өзгерістер енгізу, Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібін айқындау


2025 жыл

№

Ұсыным

Іс-шара

1

«Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 99 бұйрығының 9-тармағы Тарихи-мәдени сараптама келісімшартта көзделген мерзімде, бірақ тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес алдын ала есепке алу тізіміндегі объектілерді үш жыл ішінде Мемлекеттік тізімге енгізу талабы көрсетілген. Осы мақсатта облыстық бюджет есебінен  жыл сайын мәртебе беру мақсатында алдын ала есептегі объектілерге тарихи-мәдени сараптама жұмыстары жүргізілуде. Алайда, қолданыстағы қағидада көрсетілген мерзімде 100 ден аса объектілерге (іссапарларға шығу, құжаттама топтамасын дайындау, т.б.) тарихи-мәден сараптама әзірлеу қиындық тудырады. Себебі, объектілердің көпшілігі әр ауданда елді мекендерден шалғай орналасуы мүмкін.

«Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 99 бұйрығының 9-тармағына «Тарихи-мәдени сараптаманы әзірлеу мерзімдерін объектілердің санына қарай ұзарту» деп өзгеріс енгізу.

Көтерілген 4 мәселе бойынша

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне

хат жолдау

2

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жүзеге асырылып, жұмыс жасап келеді.

Бағдарламаны сүйемелдейтін нормативтік-құқықтық актілердің толық жетілмеген түрде тәуекелдер ескерілмей іске қосылуы, басқа да ақпараттық жүйелермен интеграция жасалмауы көптеген қиындықтарға әкеліп, үнемі шиеленіс ошағына айналуына орай, облыстың ықтимал шиеленіс ошақтары картасына енгізілуде.

Бағдарлама аясында балалардың сабаққа қатысуын растауға табель ұсынылып, 3 тәсілмен расталады (электрондық цифрлық қолтаңба немесе жеке кабинет, хабарлама түрінде бір реттік құпия сөз арқылы). Алайда, кәсіпкерлер тарапынан ата-аналардың ЭЦҚ кілттерін өздері алып пайдалану жағдайлары жөнінде ата-аналардан шағымдар түсуде (ЭЦҚ-ның үшінші тұлғаның қолында болуы түрлі тәуекелдерді тудырады, бөтен адамның жеке мәліметтері, оның атынан түрлі қызметтер алу қол жетімді болады).

Осыған сәйкес, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыруды жүзеге асыру бағытында бюджет қаражатын тиімді, мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында адамның бет әлпеті арқылы оның жеке басын анықтау үшін биометриялық технологиясын («биометриялық» технологиясы) енгізу қажет.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығымен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларының 24-тармағын «адамның бет әлпеті арқылы оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін биометриялық технологияны пайдалануға баланың заңды өкілінің келісімі» атты тармақшамен толықтыру

3

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында шығармашылық үйірмелерді ашуға ынталы кәсіпкерлердің қатары өте көп. Дегенмен, бұл орайда кейбір кәсіпкерлердің мақсаты - балаларды үйірмелерге қамтып тәрбиелеу емес, мүмкіндігінше табыс тауып қалу екенін аңғаруға болады.

ҚР Бюджет кодексінің 3-бабына сәйкес бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану бұл - бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану болып табылады. Бюджет қаражаттарының жұмсалуы нәтижелілік, негізділік, жауапкершілік, тиімділік қағидаттарына сәйкес келмейтін бюджет қаражатының жұмсалуы бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы болып есептеледі.

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығының 5-тармағын «Әрбір балаға қатысудың электрондық табелі оның заңды өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе жеке кабинет арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмірге бір реттік құпиясөз арқылы  хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде немесе адамның бет әлпеті арқылы оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін биометриялық технологияны пайдалану арқылы расталады» деп толықтыру.

4

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің 1, 2-қосымшаларының Ескертпесіне сәйкес өнім берушілердің ғимараттарына қойылатын талаптарда шығармашылық үйірмелерді «жертөле, цокольдық және тұрғын үй-жайларда, коммерциялық ғимараттарда өрбіту мүмкіндігі» көрсетілген.

Алайда, көп жағдайларда аталған ғимараттарда сабақ өтуге қолайлы талаптары сақталмайды.

2024-2025 жылдары 136 кәсіпкердің 84-імен келісім-шарттар біржақты бұзылды, белгіленген талаптарға сәйкес келетін ғимараттарда орналасқан 52 кәсіпкер жұмысын жалғастыруда.

Өнім берушілердің шығармашылық үйірмелері орналасқан ғимараттардың жәй-күйіне, балалардың тұрақты қатысуына зерделеу жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 265 және 2021 жылғы 27 сәуірдегі №119 бұйрықтарында көзделген өнім берушілердің үй-жайларына қойылатын талаптарды күшейту.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің 1, 2-қосымшаларының Ескертпесіндегі ғимаратқа қойылатын талаптарда «жертөле, цокольдық үй-жайларда» деген сөздерді алып тастау.

 


2024

«Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ

№

Коррупционный риск

Механизм устранения

Срок

Исполнено/

неисполнено

1

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 1-тармағындағы «Археологиялық жұмыстар» деген ұғымды «барлау жұмыстары» деген ұғыммен ауыстыру.

17 маусым 2024 жыл №03-47/910 сандық хатпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолданды

01.12.2024

Нәтижесі күтілуде

2

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 2-тармағында «Жер учаскелерін игеру сатысында тарихи-мәдени мұра объектілері анықталған кезде табылғаны туралы хабарланған кезден бастап бір ай ішінде оларды алдын ала есепке алу тізіміне қосады.

Ескерту: Себебі, анықталған тарихи-мәдени мұра объектілеріне мәртебе беру мәселесіне байланысты қайта тарихи-мәдени сараптама жасау және облыс әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу  ұзақ мерзімді  және қаржыны талап ететін жұмыстар болып табылады.

17 маусым 2024 жыл №03-47/910 сандық хатпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолданды

01.12.2024

Нәтижесі күтілуде

3

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабын тарихи-мәдени сараптама дайындауда баға қатынастарын реттеу (прейскурант) талаптарын енгізу бойынша толықтыру.

17 маусым 2024 жыл №03-47/910 сандық хатпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолданды

01.12.2024

Нәтижесі күтілуде

4

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығының 5-тармағына әрбір балаға қатысудың электрондық табелі оның заңды өкілінің Face ID (Face ID - адамның бет-әлпеті арқылы оның жеке басын анықтау үшін биометриялық технология) технологиясы арқылы растау туралы өзгерістер мен толықтыру енгізу.

17 маусым 2024 жыл №03-47/910 сандық хатпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолданды

01.12.2024

Нәтижесі күтілуде

5

Жан басына шаққандағы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты қаржыландыруды, яғни операторлық жасауды аудандық (қалалық) бюджет деңгейіне беру бойынша «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
15 желтоқсандағы Заңының 2 тарау 8-бабы 1-тармағының «14-4) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді»,«14-5) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді», «14-6) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді» тармақшаларын алып тастау және 9-бап 1-тармағын «9-1) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді», «9-2) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді»,                «9-3) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді» тармақшаларымен толықтыру.

17 маусым 2024 жыл №03-47/910 сандық хатпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолданды

01.12.2024

Нәтижесі күтілуде

6

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына «операторға үйірмелердің жетекшілеріне, мұғалімдерінің денсаулығына, соттылығына қатысты дербес деректер жинау құқығын беру, өнім берушінің мұғалімдермен жасалған еңбек келісім шартын өнім берушілермен ұсыну» деген тармақ енгізу.

17 маусым 2024 жыл №03-47/910 сандық хатпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолданды

01.12.2024

Нәтижесі күтілуде

7

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №411 бұйрығының 24-тармағына «Комиссия құрамына архив ісі және құжаттама саласындағы жергілікті атқарушы органының бөлімше басшысын немесе маманын қосу» деген сөзбен толықтыру енгізу.

17 маусым 2024 жыл №03-47/910 сандық хатпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолданды

01.12.2024

Нәтижесі күтілуде

8

«Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығына «Аса көрнекті тұлғаға республика бойынша бір монументтік өнер туындысын орнату қажет» деген өзгеріс енгізу.

17 маусым 2024 жыл №03-47/910 сандық хатпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолданды

01.12.2024

Нәтижесі күтілуде

9

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына идеологиялық бағытта резонанстық жағдайдарды болдырмау үшін шетелдік әртістердің немесе шығармашылық ұжымдардың қатысуымен болатын концерттер мен іс-шараларды өткізудің тәртібі бойынша өзгерістер енгізу.

Жоғарыда аталғандар негізінде жүргізілген мониторинг нәтижесімен берілген ұсыныстарды ескере отырып, тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді ұсынады.

17 маусым 2024 жыл №03-47/910 сандық хатпен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс жолданды

01.12.2024

Нәтижесі күтілуде


2024 жыл

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілері)

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының, 1-тармағында: «Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп  берілгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес археологиялық жұмыстар жүргізілуі тиіс» деп көрсетілген.

Тарихи-мәдени сараптама қорытындысы аумақты визуальды шолу (көзбен көру), спутниктік бағдарламалардың (Яндекс карта, Google EARTH) және тарихи-библиографиялық деректердің көмегімен  тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жұмыстарын қамтиды. Қорытындыда анықталған объектілерді сақтауға байланысты ұсынымдар (қорғау аймақтарын сақтау, археологиялық жұмыстар жүргізу т.б.) беріледі. Ал, археологиялық жұмыстар арнайы жоспарланып, белгілі бір мерзімді және қосымша қаржыларды талап етеді. Сонымен қатар, аумақты игеру барысынды археологиялық жұмыстарды жүргізу талабы Заңның 33-бабының 1-тармағына қарама-қайшы келеді (Археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады. Археологиялық жұмыстарды жоспардан тыс жүргізуге жол берілмейді деп көрсетілген).

 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 2-тармағында«Жер учаскелерін игеру сатысында тарихи-мәдени мұра объектілері анықталған кезде табылғаны туралы хабарланған кезден бастап бір ай ішінде оларды алдын ала есепке алу тізіміне қосады.

Жер учаскелерін игеру барысында анықталған және алдын ала есепке алу тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектілерін Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізуді не оларды алдын ала есепке алу тізімінен алып тастауды тиісті мемлекеттік органдар олар алдын ала есепке алу тізіміне қосылған кезден бастап үш ай ішінде жүргізеді» деп көрсетілген.

Ескерту: Себебі, анықталған тарихи-мәдени мұра объектілеріне мәртебе беру мәселесіне байланысты қайта тарихи-мәдени сараптама жасау және облыс әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу  ұзақ мерзімді  және қаржыны талап ететін жұмыстар болып табылады.

 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында тарихи-мәдени сараптама дайындауда баға қатынастарын реттеу көзделмеуіне байланысты бүгінгі күні тарихи-мәдени сараптама қызметінің  бағаларының жоғары және әртүрлі болуы Тапсырыс берушілердің наразылығын тудыруда. Заң нормаларымен тарихи-мәдени сараптама қорытындысына қатысты баға қатынастарын реттеу қажет (прейскурант болуы керек).

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген қағиданың (бұдан әрі - Қағида) 5-тармағының талабына сәйкес әрбір балаға қатысудың электрондық табелі оның заңды өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе жеке кабинет (логин, пароль) арқылы, немесе қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмірге бір реттік құпия сөз арқылы расталады (осы үш тәсілдің біреуін қолдану арқылы расталуы тиіс).

Осыған байланысты, үстіміздегі жылдан бастап электрондық табелдерді растауды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізу қолға алынды.

Дегенмен, тұрғындар арасында өнім берушілер ата-аналардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын өздеріне жинап алып жатқандығы туралы жеке тұлғалардан да арыз-шағымдар түсуде (бұл өз кезегінде ЭЦҚ-ның үшінші тұлғаның қолында болуы түрлі тәуекелдерді тудырады, яғни бөтен адамның жеке мәліметтері, сондай-ақ оның атынан түрлі қызметтер алу қол жетімді болады).

Осы бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаражатын тиімді, нысаналы пайдалану үшін әрбір баланың үйірмеге қатысудың электрондық табелін Face ID (Face ID - адамның бет-әлпеті арқылы оның жеке басын анықтау үшін биометриялық технология) технологиясы арқылы растауды енгізуді ұсынамыз, бұл қайталанған, деректері дұрыс толтырылмаған немесе мүлде келмеген балаларды анықтауға мүмкіндік беретін бірден бір тәсіл деп есептейміз.

Бұл ретте, үйірмеге нақты қатысқан балалар үшін қаражат төленетін болса, екінші жағынан ата-аналар тарапынан да жасөспірім балаларының үйірмеге уақытында қатысқандығын бақылауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қағидаға әрбір баланың үйірмеге қатысудың электрондық табелін қосымша Face ID технологиясы арқылы да растау мүмкіндігі жөнінде тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамыз.

Яғни, бұл нақты үйірмелерге қатысқан балалар үшін қаражат төленіп, бюджет қаражатын жымқыру, жемқорлық фактілерінің алдын алады және болдырмайды. Қазіргі таңда, құзырлы органдардың тексеру нәтижесі көрсеткендей қатыспаған балалар үшін табельдер тапсырып, бюджет қаражатын жымқырған фактілер көп.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) қолға алынып, қоғам тарапынан жақсы бағаға ие болды.

Алайда, бағдарламаның енгізілуі Басқармаға қосымша өте ауқымды жұмыстар (функцияларды) жүктеді. Кәсіпкерлер ай сайын ұсынатын көп құжатты Басқарма тарапынан қадағалау, тексеру және төлем жүргізу физикалық тұрғыда ауырлық тудыратынын ескерсек қаржыны мақсатты жұмсауда кемшіліктер жіберу қаупінің күшеюі, кәсіпкерлер мен ата-аналар тарапынан наразылықтардың өршу тәуекелі жоғары күйінде сақталуда.

Осы орайда, бағдарламаға қатысу туралы өтінімдерді жылжымайтын мүлікке арналған құжаттарсыз ұсыну, білім беру курстарынан өтудің жалған сертификаттарын қоса беру, мемлекеттік мекемелер ғимараттарын кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беру, электронды есептерді (табель) ұсыну кезінде жалған актілерге қол қою сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін.

Осыған байланысты аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларға бөлінетін қаражатты әр аумақтағы балалардың санына қарай пропорционалды есептеп, бағдарламаны жүргізу және қаржыландыру функциясын аудандық, қалалық бюджеттерге беру кезек күттірмейтін мәселе. Бағдарламаны аудандық (қалалық) бюджет деңгейінде қаржыландыру әкімдіктердің үйірмелер мен секциялардың қызметін қадағалауға қолжетімділігін арттырып, жұмысты сапалы және тиімді жүргізуге жаңа мүмкіндік ашады.

Бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мақсатында «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жан басына шаққандағы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты қаржыландыруды, яғни операторлық жасауды аудандық (қалалық) бюджет деңгейіне беруді ұсынамыз.

 

Өнім берушілердің тарапынан үйірме жетекшілері, мұғалімдермен жасалған келісім шарттары «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде» тіркелу қажет. Себебі кейбір өнім берушілер тарапынан келісім шартты  тіркемеу салдарынан Еңбек Кодексінің 23 бабының 2 тармағы 27 тармақшасының талаптары бұзылуда.

Өнім берушілер  мұғалімдер мен үйірме жетекшілерінің соттылықтың болуы не болмауы, сол сияқты наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы ұйымдарында диспансерлік бақылауда тұруы/тұрмауы туралы анықтамаларды ұсынғанымен, бұл анықтама мұғалім/үйірме жетекшісі жөнінде толық мәліметті қамтымауы мүмкін. Бұл ретте, бұрын сотты болған немесе қылмыстық қудалауда болған жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған және жұмыс жасауға құқығы берілген туберкулезге қарсы ұйымында тіркеуде тұрғандарда болуы мүмкін.

ҚР Еңбек Кодексінің 26 бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, адам соттылығы үшін сотталғандығы немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған  адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді деп көрсетілген.

Осы ретте операторға өнім берушілердің мұғалімдері/үйірме жетекшілерінің денсаулығы, соттылығына қатысты дербес деректерді жинау құқығы берілсе, уақытылы ақпараттар тексерілетін болады.

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №411 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидаларының» 24-тармағында комиссияның құрамына мемлекеттік архив бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлердің өкілдері кіреді делінген. Архив қызметкерлерін аттестаттау барысында атқарушы орган тарапынан бақылау болмаған жағдайда cыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

 

«Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығына сәйкес аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату арқылы мәңгі есте қалдыру мақсатында жүзеге асырыладыдеп көрсетілген.

Қазіргі таңда  бір тұлғаға бірнеше ескерткіш, бюст орнату және қала, аудан орталықтарынан бөлек елдімекендерде де монументтік өнер құрылыстарын орнатудың жиілеуі жағымсыз қоғамдық резонанс тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, бір тұлғаға әр облыста ескерткіш орнату бюджет қаражатын қайталап жұмсау болып табылады.

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабында «Ойын-сауық мәдени бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі» көрсетілген.

Бұл ретте шетелдік орындаушылардың ойын сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу немесе концерттер қою жөнінде арнайы ереже немесе нұсқаулық қарастырылмаған.


2023 жыл

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы (қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілері)

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 28-бабының 2-тармағына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітеді. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орналасуы тіркелетін тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.

                Заңның 3-бабының 18) тармақшасында «Тарихи-сәулет тірек жоспары – тиісті жергілікті жердегі тарих және мәдениет ескерткішінің аумағы мен орналасқан жерін тіркейтін құжат» деп көрсетілген.

                Заңның 11-бабының 1-тармағы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретiне сәйкес                           «5) уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қамтамасыз етедi» делінген.

                Тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен нақты жасалу ережесі, үлгісі, жергілікті атқарушы органның тапсырысымен қорғау аймақтарының жобасын дайындауды қандай тұлғалар (лицензиясы бар тұлғалар немесе кез келген заңды тұлғалар) жүзеге асыратындығы айқындалмаған. Аталған жұмыстар тарих және мәдениет ескерткіштерге қатысты болғандықтан, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан берілетін арнайы лицензиясы бар тұлғаларға басымдық берілуі мүмкін.

                Бұл жұмыстарды кез келген заңды тұлға жүргізе алу мүмкіндігі бар.

Тарихи-сәулет тірек жоспарын жасау ешбір ережемен реттелмегендіктен және бір жүйеге келтірілген жұмыс алгоритмі болмағандықтан, кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы ықтималдығы жоғары.

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі                  №99 бұйрығымен Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) бекітілген.

Қағиданың 7-тармағына сәйкес «Тарихи-мәдени сараптаманы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісінің аккредитациясы бар жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.».

Қағидада лицензиаттың қандай қызмет түрі оған ескерткіштің қандай да түріне сараптама жүргізуге құқық беретіні көрсетілмегендігі түсініксіздіктер мен  сәйкесіздіктер туындатады. 

Мәселен, Қағидаға сәйкес тек археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар заңды тұлға сәулет және қала құрылысы ескерткіштеріне (кесенелер, мазарлар, қалашықтар) сараптамалық қорытынды бере алады.

Алайда, оның қызметінің бағыты археология болғандықтан, сәулет және қала құрылысы ескерткіштеріне жасаған сараптамасы сапасыз болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Қағидада мүдделер қақтығысын болдырмайтын немесе туындатпайтын жағдайлар көрсетілмеген. Тарихи-мәдени сараптама жасауға тапсырыс берушімен жеке мүдделері бар сарапшылар тартылмауы керек (мысалы: жақын туыстары, жұбайлары, жекжаттары, тапсырыс берушімен еңбек қатынасындағы адамдар және т.б.), себебі мұндай жағдайда сыбайлас жемқорлық көріністерін туындауы жоққа шығарылмайды.  

Бұл жерде тапсырыс берушілер болып жеке және заңды тұлғаларда болады.        

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабында Жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің құзыреті, яғни басқарма, қалалық және аудандық бөлімдерінің құзыреті қаралған.

Заңның 8-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында «1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;» деп Басқарманың және Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасында «1-1)  бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;» деп қалалық және аудандық бөлімдерінің құзыреті қаралған.

Басқарма бұл тармақ бойынша бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру керек.

Сонымен қатар, Заңның 56-бап «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылау» ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) алып тасталған.

Алайда, бұл құзыретті жүзеге асыру үшін басшылыққа алатын қағида (ереже) жоқ.

Осы жоғарыда аталған тармақша бойынша Басқарма, қалалық және аудандық бөлімдермен қандай жұмыстар атқару жөнінде қағидалармен реттелмеген.

Бұл ретте түсінікті сипатталған қағиданың (ереженің) болмауы келеңсіз жағдайларды туындатуы мүмкін және өз қалауы бойынша әрекет ету тәрізді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Мәдениет саласындағы мемлекеттік басқару тарауының 7-бабының 12) тармағында «Шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық, халықаралық, республикалық  конкурстар мен фестивальдер өткізілу кезінде  сыйлықтар мен жүлделерді уәкілетті орган тайғайындайды» делінген.

(Анықтама ретінде: Заңның 1-бабының 9) тармағына сәйкес мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;)

Ал, 8-бабында Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті 4) тармағында «шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады» делінген.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органға республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар мен конкурс-фестивальдерді ұйымдастыру барысында сыйлықтар мен жүлделер тағайындау құзыреті қарастырылмаған. 

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органға сыйлықтар мен жүлделер тағайындау құзыреті берілмегендіктен және республикалық, халықаралық деңгейдегі конкурстардың жүлде қорына арнайы тарифпен баға белгіленбегендіктен  жүлдегерлерге берілетін жүлде қорының артық немесе кем төленуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады

 

«Музыкалық және драмалық туындыларды шығарғаны үшін авторлық сыйақы ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 маусымдағы                         №180 бұйрығында көрсетілген ақы төлеу тарифінің мөлшері қазіргі таңда пьесалар мен іс-шаралардың сценарийіне қаламақы төлеу барысында нарықтағы баға мөлшеріне сәйкес келмейді.

Осыған байланысты сахналанатын пьесалар мен іс-шараларға бөлінген қаражат шегінде авторларға қаламақы қазіргі нарықтағы бағаға сәйкес келмей артық төленуі мүмкін.

Бұл жағдайлар өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі ықтимал.  

 

Мәдени-көпшілік шараларға шақырылатын әншілер мен әртістерге төленетін қаламақы (гонорар) мөлшері уәкілетті органдардың арнайы нормативтік құқықтық актілерімен анықталмаған. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына мүмкіндіктер туғызып, саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылады.

Сондықтан, жоғарыда аталған өзекті мәселелер бойынша «Музыкалық және драмалық туындыларды шығарғаны үшін авторлық сыйақы ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 маусымдағы №180 бұйрығына қосымша Мәдени-көпшілік шараларға шақырылатын әншілер мен әртістерге төленетін қаламақы (гонорар) мөлшерін айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) белгілеп, аталған бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындап отыр.

 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармығының               1- тармақшасында «5. Мемлекеттік басқару органдарына: 1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету» деп белгіленген.

Ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, материалдық көмек көрсету басқару органы белгілеген тәртіппен жүргізілетіндігі көрсетілген.

Алайда, қандай тәртіппен жүзеге асырылатындығы анық, нақты көрсетілмеген. Бұл жерде басқару органы тарапынан қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екендігі, яғни тәртібі мен шарттары бекітілуі тиіс пе немесе олардың жұмыс нәтижелерін қандай өлшемшарттармен белгілеу және т.б.

Осы орайда, ұйымдардың басшыларына үстемақыларды белгілеу тәртібі анық көрсетілмегендіктен, бұл тармақтың талабын әркім өз бетінше ұғынады тиісінше жекелеген тұлғаларға басымдық беріліп немесе мүдделілік танытып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін.

Яғни, үстемақыларды белгілеу тәртібі нақты көрсетілмегендіктен басқару органы өзіне жылы көзқарастағы кейбір ұйым басшыларымен сөз байласу арқылы әр түрлі көлемде үстемақы белгілеу тәуекелін туғызады.

 

2021 жылдан бастап шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жүзеге асырылуда. Өткен жылы құзырлы органдармен жаппай тексеріліп, көптеген кемшіліктер анықталды, оның ішінде жосықсыз өнім берушілер тарапынан үйірмелерге қатыспаған балалар үшін (мертвые души) табелдер ұсынылып, бюджет қаражатын жымқыру фактілері көптеп орын алды.  

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі                              №123 бұйрығымен бекітілген қағиданың (бұдан әрі - Қағида) 5-тармағының талабына сәйкес әрбір балаға қатысудың электрондық табелі оның заңды өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе жеке кабинет (логин, пароль) арқылы, немесе қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмірге бір реттік құпия сөз арқылы расталады (осы үш тәсілдің біреуін қолдану арқылы расталуы тиіс).

Бұған дейін 2021-2022 жылдары барлық өңірлерде электрондық табелдерді растауды ата-аналар жеке кабинет арқылы жүргізіп келді. Бұл кейбір жосықсыз өнім берушілерге үйірмелерге қатыспаған балалар үшін ата-аналар атынан табелге қол қоюға тәуекелдер туғызды (кейбір жосықсыз өнім берушілер ата-аналардың логин мен құпиясөздерін өздеріне жазып алып, ата-ананың атынан қол қойып отырғандығы анықталды).

Осыған байланысты, үстіміздегі жылдан бастап электрондық табелдерді растауды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізуді қолға алынды.

Дегенмен, тұрғындар арасында өнім берушілер ата-аналардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын өздеріне жинап алып жатқандығы туралы жеке тұлғалардан да арыз-шағымдар түсуде (бұл өз кезегінде ЭЦҚ-ның үшінші тұлғаның қолында болуы түрлі тәуекелдерді тудырады, яғни бөтен адамның жеке мәліметтері, сондай-ақ оның атынан түрлі қызметтер алу қол жетімді болады).

Осы бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаражатын тиімді, нысаналы пайдалану үшін әрбір баланың үйірмеге қатысудың электрондық табелін Face ID (Face ID - адамның бет-әлпеті арқылы оның жеке басын анықтау үшін биометриялық технология) технологиясы арқылы растауды енгізуді ұсынамыз, бұл қайталанған, деректері дұрыс толтырылмаған немесе мүлде келмеген балаларды анықтауға мүмкіндік беретін бірден бір тәсіл деп есептейміз.

Бұл ретте, үйірмеге нақты қатысқан балалар үшін қаражат төленетін болса, екінші жағынан ата-аналар тарапынан да жасөспірім балаларының үйірмеге уақытында қатысқандығын бақылауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қағидаға әрбір баланың үйірмеге қатысудың электрондық табелін қосымша Face ID технологиясы арқылы да растау мүмкіндігі жөнінде тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамыз.

Яғни, бұл нақты үйірмелерге қатысқан балалар үшін қаражат төленіп, бюджет қаражатын жымқыру, жемқорлық фактілерінің алдын алады және болдырмайды. Қазіргі таңда, құзырлы органдардың тексеру нәтижесі көрсеткендей қатыспаған балалар үшін табельдер тапсырып, бюджет қаражатын жымқырған фактілер көп.

 

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы №411 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары» талаптарына сәйкес азаматтық қызметшілердің тестілеу кезеңінен өтуі қағаз жүзінде немесе электронды түрінде жүргізуі нақтыланбаған.

Қағаз жеткізгіште жазылған тестіде жауап нұсқалары өзгертіліп, мәселенің оң немесе теріс шешімі алынуы (белгіленуі) мүмкін, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдері туындайды.

 

Заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар таратылған кезде жеке құрам құжаттарын мемлекеттік сақтауға тапсыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген.

Нәтижесінде таратылған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардың басшылары жеке құрам құжаттарын ретке келтіруге және мемлекеттік сақтауға өткізуге қажетті шараларды қабылдамайды.

Осыған байланысты жеке тұлғалардың еңбек өтілін, жалақыны, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік құқықтық сипаттағы басқа да мәліметтерді растау барысында заңды құқықтары мен мүдделері қорғалмайды.

Сонымен қатар, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысқан жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес ұйымдар таратылғаннан кейін құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізбес бұрын, оларда шын мәнінде жұмыс жасамаған жеке тұлғаларға (азаматтарға) жұмыс жасағаны туралы тиісті құжаттарды және т.б. негізсіз рәсімдеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы да жоққа шығарылмайды.  

 

«Спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру - спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы №42 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) 2023 жылғы 13 қаңтарда өзгеріс енгізілген.

Осы бұйрықта енгізілген өзгерістерде «жоғары спорттық шеберлік мектептерінде жасөспірімдер, юниорлар, жастар жасындағы спорттық даярлау жүзеге асырылады» делінген. Бұйрыққа 2023 жылғы 13 қаңтарда өзгеріс енгізілгенге дейін «ересектер» жас шамасы болған.

Бұйрыққа енгізілген өзгерісте «ересектер» деген сөз жоқ.Бұл өз кезегінде қазіргі таңда жоғары спорт шеберлігі мектебінің  спортшылар контингенті ересек спортшылардың енгізуге кедергі келтіреді және сәйкесінші кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуына ықтималдары жоққа шығарылмайды.

 

«Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы №106 бұйрығының (бұдан әрі – №106 бұйрық) 7-тарауындағы 1-қосымшадағы мен «Спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы №42 бұйрығындағы (бұдан әрі – №42 бұйрық) спорт түрлерінен топтарға қабылдау жас шамасын сәйкестендіру қажет болып тұр

№106 бұйрықтың 7-тарауындағы 1-қосымшада мәнерлеп сырғанаудан қабылдау жасы 4-5 жас болса, №42 бұйрық бойынша конькимен мәнерлеп сырғанаудың жасөспірімдер жасы 4-8 жас деп көрсетілген.

«Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 6-8 жастағы спортшылардың құжатын қабылдамау, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дәлелсіз бас тарту болып саналады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.  

 

Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасында                         «16) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді» деп Басқарманың құзыреті қаралған.

Алайда, спорт түрлері бойынша облыстық құрама және штаттық құрама командалардың құрамын қалыптастыру қағидалары бекітілмеген.

Тек, уәкiлеттi органда спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаларының) құрамын қалыптастыру ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы №289 бұйрығымен қағидалар бекітілген.

Сәйкесінше, осы мәселені реттеудегі олқылықтың болуынан облыстық құрама командалардың тізімдерін қалыптастыру және бекітуде қағида болмағандықтан, облыстық жарыстарда нәтиже алмаған, бірақ облыс құрама команда құрамына қосылып, облыс атынан ресми республикалық жарыстарға қатыстырылуы мүмкін, яғни әділетсіз бәсеке (жағдайлар) қалыптасу арқылы сыбайлас жемқорлық туындауы ықтимал.  

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Мәдениет саласындағы мемлекеттік басқару тарауының 7-бабының 12) тармағында «Шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық, халықаралық, республикалық  конкурстар мен фестивальдер өткізілу кезінде  сыйлықтар мен жүлделерді уәкілетті орган тайғайындайды» делінген.

(Анықтама ретінде: Заңның 1-бабының 9) тармағына сәйкес мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;)

Ал, 8-бабында Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті 4) тармағында «шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады» делінген.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органға республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар мен конкурс-фестивальдерді ұйымдастыру барысында сыйлықтар мен жүлделер тағайындау құзыреті қарастырылмаған. 

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органға сыйлықтар мен жүлделер тағайындау құзыреті берілмегендіктен және республикалық, халықаралық деңгейдегі конкурстардың жүлде қорына арнайы тарифпен баға белгіленбегендіктен  жүлдегерлерге берілетін жүлде қорының артық немесе кем төленуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

 

«Музыкалық және драмалық туындыларды шығарғаны үшін авторлық сыйақы ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 маусымдағы                         №180 бұйрығында көрсетілген ақы төлеу тарифінің мөлшері қазіргі таңда пьесалар мен іс-шаралардың сценарийіне қаламақы төлеу барысында нарықтағы баға мөлшеріне сәйкес келмейді.

Осыған байланысты сахналанатын пьесалар мен іс-шараларға бөлінген қаражат шегінде авторларға қаламақы қазіргі нарықтағы бағаға сәйкес келмей артық төленуі мүмкін.

Бұл жағдайлар өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі ықтимал.  

 

Мәдени-көпшілік шараларға шақырылатын әншілер мен әртістерге төленетін қаламақы (гонорар) мөлшері уәкілетті органдардың арнайы нормативтік құқықтық актілерімен анықталмаған. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына мүмкіндіктер туғызып, саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылады.

 Сондықтан, жоғарыда аталған өзекті мәселелер бойынша «Музыкалық және драмалық туындыларды шығарғаны үшін авторлық сыйақы ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 маусымдағы №180 бұйрығына қосымша Мәдени-көпшілік шараларға шақырылатын әншілер мен әртістерге төленетін қаламақы (гонорар) мөлшерін айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) белгілеп, аталған бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындап отыр.

 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармығының               1- тармақшасында «5. Мемлекеттік басқару органдарына: 1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету» деп белгіленген.

Ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, материалдық көмек көрсету басқару органы белгілеген тәртіппен жүргізілетіндігі көрсетілген.

Алайда, қандай тәртіппен жүзеге асырылатындығы анық, нақты көрсетілмеген. Бұл жерде басқару органы тарапынан қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екендігі, яғни тәртібі мен шарттары бекітілуі тиіс пе немесе олардың жұмыс нәтижелерін қандай өлшемшарттармен белгілеу және т.б.

Осы орайда, ұйымдардың басшыларына үстемақыларды белгілеу тәртібі анық көрсетілмегендіктен, бұл тармақтың талабын әркім өз бетінше ұғынады тиісінше жекелеген тұлғаларға басымдық беріліп немесе мүдделілік танытып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін.

Яғни, үстемақыларды белгілеу тәртібі нақты көрсетілмегендіктен басқару органы өзіне жылы көзқарастағы кейбір ұйым басшыларымен сөз байласу арқылы әр түрлі көлемде үстемақы белгілеу тәуекелін туғызады.

 

2021 жылдан бастап шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жүзеге асырылуда. Өткен жылы құзырлы органдармен жаппай тексеріліп, көптеген кемшіліктер анықталды, оның ішінде жосықсыз өнім берушілер тарапынан үйірмелерге қатыспаған балалар үшін (мертвые души) табелдер ұсынылып, бюджет қаражатын жымқыру фактілері көптеп орын алды.  

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі                              №123 бұйрығымен бекітілген қағиданың (бұдан әрі - Қағида) 5-тармағының талабына сәйкес әрбір балаға қатысудың электрондық табелі оның заңды өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе жеке кабинет (логин, пароль) арқылы, немесе қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмірге бір реттік құпия сөз арқылы расталады (осы үш тәсілдің біреуін қолдану арқылы расталуы тиіс).

Бұған дейін 2021-2022 жылдары барлық өңірлерде электрондық табелдерді растауды ата-аналар жеке кабинет арқылы жүргізіп келді. Бұл кейбір жосықсыз өнім берушілерге үйірмелерге қатыспаған балалар үшін ата-аналар атынан табелге қол қоюға тәуекелдер туғызды (кейбір жосықсыз өнім берушілер ата-аналардың логин мен құпиясөздерін өздеріне жазып алып, ата-ананың атынан қол қойып отырғандығы анықталды).

Осыған байланысты, үстіміздегі жылдан бастап электрондық табелдерді растауды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізуді қолға алынды.

Дегенмен, тұрғындар арасында өнім берушілер ата-аналардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын өздеріне жинап алып жатқандығы туралы жеке тұлғалардан да арыз-шағымдар түсуде (бұл өз кезегінде ЭЦҚ-ның үшінші тұлғаның қолында болуы түрлі тәуекелдерді тудырады, яғни бөтен адамның жеке мәліметтері, сондай-ақ оның атынан түрлі қызметтер алу қол жетімді болады).

Осы бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаражатын тиімді, нысаналы пайдалану үшін әрбір баланың үйірмеге қатысудың электрондық табелін Face ID (Face ID - адамның бет-әлпеті арқылы оның жеке басын анықтау үшін биометриялық технология) технологиясы арқылы растауды енгізуді ұсынамыз, бұл қайталанған, деректері дұрыс толтырылмаған немесе мүлде келмеген балаларды анықтауға мүмкіндік беретін бірден бір тәсіл деп есептейміз.

Бұл ретте, үйірмеге нақты қатысқан балалар үшін қаражат төленетін болса, екінші жағынан ата-аналар тарапынан да жасөспірім балаларының үйірмеге уақытында қатысқандығын бақылауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қағидаға әрбір баланың үйірмеге қатысудың электрондық табелін қосымша Face ID технологиясы арқылы да растау мүмкіндігі жөнінде тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамыз.

Яғни, бұл нақты үйірмелерге қатысқан балалар үшін қаражат төленіп, бюджет қаражатын жымқыру, жемқорлық фактілерінің алдын алады және болдырмайды. Қазіргі таңда, құзырлы органдардың тексеру нәтижесі көрсеткендей қатыспаған балалар үшін табельдер тапсырып, бюджет қаражатын жымқырған фактілер көп.

 

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы №411 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары» талаптарына сәйкес азаматтық қызметшілердің тестілеу кезеңінен өтуі қағаз жүзінде немесе электронды түрінде жүргізуі нақтыланбаған.

Қағаз жеткізгіште жазылған тестіде жауап нұсқалары өзгертіліп, мәселенің оң немесе теріс шешімі алынуы (белгіленуі) мүмкін, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды.

 

Заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар таратылған кезде жеке құрам құжаттарын мемлекеттік сақтауға тапсыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген.

Нәтижесінде таратылған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардың басшылары жеке құрам құжаттарын ретке келтіруге және мемлекеттік сақтауға өткізуге қажетті шараларды қабылдамайды.

Осыған байланысты жеке тұлғалардың еңбек өтілін, жалақыны, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік құқықтық сипаттағы басқа да мәліметтерді растау барысында заңды құқықтары мен мүдделері қорғалмайды.

Сонымен қатар, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысқан жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес ұйымдар таратылғаннан кейін құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізбес бұрын, оларда шын мәнінде жұмыс жасамаған жеке тұлғаларға (азаматтарға) жұмыс жасағаны туралы тиісті құжаттарды және т.б. негізсіз рәсімдеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы да жоққа шығарылмайды.  

Мемлекеттік сатып алу басқармасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 41-бабы                       1 тармағында бір көзден сатып алуларды қолданыстағы заңдылыққа сәйкес бәсекелестік ортада жүргізу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүргізетіндігі көрсетілгенімен, мұндай жағдайлардың сипаттамасы немесе тізбесі нақтыланбаған.

Мұнан бөлек, мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалына сәйкес, «ФЛК» (форматно-логический контроль) бөлігінде орналастырылған тізбедегі әлеуетті өнім берушілермен ғана заңдылықтың бірқатар нормалары (ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 39-б. 3-т. 1, 27, 29, 36-тт.) бойынша бір көзден алуға қолжетімділік бар, бірақ бұл да заңдылықта айрықша жағдай ретінде белгіленбеген. Тиісінше, тәжірибеде әртүрлі сипатта түсіндіріліп келеді.

Өз кезегінде жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық тәуекелдер туындайды. Нәтижесімен Қызылорда облысында бірқатар мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық сипатындағы жауапкершілігі қаралуда. (2022 ж. Әдеп кеңесінде 11 ауылдық округ әкімінің тәртіптік ісі қаралып, оның 8-не мемлекеттік қызметке кір келтіретін шара қолданылған).

 

Тәжірибедегі тексеріс шараларының арасындағы сәйкессіздіктер:

«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына  сәйкес барлық дерлік сатып алулар жоспарлаудан бастап шарт жасалғанға дейін камералдық бақылаудан өтуі кезінде заңдылығы тексеріліп, «Тексерілді» мәртебесі беріледі.

Дегенмен, бұл сол сатып алу бойынша үш жыл көлемінде анықталуы мүмкін әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды. Яғни, қызметкерге әкімшілік айыппұл салынады. Бұдан бөлек, камералдық бақылау қорытындылары шарт жасалғаннан кейін заңнамаға түсіндірме беру позициясының өзгеруінен аудит қорытындысымен теріске шығарылу жағдайлары да орын алып отыр. Бұл қарама-қайшылықтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.

 

ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы № 648 бұйрығымен  бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 104-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауды уәкілетті органның ведомствосы веб-портал арқылы жіберілген бұғаттауға өтінімдер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүзеге асырады. Бұл ретте, ішкі мемлекеттік аудит органдары ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Яғни, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы анық емес ақпарат беру фактісін анықтасада, оны алдымен Ішкі аудит органына жолдап, әрі қарай Ішкі мемлекеттік аудит органы оны растау үшін қайта тексеріп, әрі қарай бұғаттауға Қазынашылық органдарына жібереді.

Нәтижесімен, анық емес ақпарат беру фактісі екі мәрте анықталып, созбаланға алып келеді.

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының
47-бабына сәйкес конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады.

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне веб-портал арқылы берілген өтінімдер (шағымдар) келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес шағымды қарау нәтижелері бойынша шешіммен және (немесе) аумақтық бөлімше жіберген хабарламамен келіспеген кезде шағым  көзделген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Сондай ақ, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес апелляциялық комиссия, қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, мұндай қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралады делінген.

Бұл ретте, қарсылықты қарау мерзімдері мемлекеттік сатып алу веб-порталында көрсетілуі қамтылмаған.

 

Бүгінгі күні балалардың жазғы демалысы кезінде балаларды лагерьлерге жолдамамен қамтамасыз ету үшін міндетті түрде бәсекелестік ортада конкурс жариялау міндетті. Бұл өз кезегінде кейбір жауапсыз өнім берушілердің аталған конкурстарды ұтып алып, сапасыз қызмет көрсетуіне себеп болуда.

Ақпарат ретінде:

2022 жылы Қызылорда қаласы мен бірнеше аудандар бойынша бір мердігер конкурс нәтижесімен жеңімпаз атанып, сапасыз қызмет көрсетті. Нәтижесінде әлеуметтік желілерде осы мәселеге қатысты жағымсыз ақпараттар тарап, ата-аналар тарапынан наразылықтар туындады.

 

 

Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету: Жыл сайын мектеп оқышыларына оқу процесінде пайдаланылатын кітаптардың тізімін уәкілетті орган, яғни Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бұйрықпен бекітеді. Аталған бұйрықта, оқулықтың авторы, шығаратын баспа атауы көрсетіледі.

Осыған сәйкес, аталған оқулықтарды бір көзден бұйрықта көрсетілген баспадан бір көзден сатып алуға заң шеңберінде мүмкіндік берілсе. Себебі, жыл сайын оқулық сатып алу үшін конкурс жариялануда. Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес сатып алынатын тауар маркасын, моделін, шығарылған мемлекетті және тағы басқа талаптар қоюға шектеу бар. Нәтижесінде, кейбір жауапсыз өнім берушілердің аталған конкурстарды ұтып алып, оқушыларды қажетті оқулықтармен қамтамасыз етуге қиындықтар тудыруда.

 

2022 жылы Басқармаға бюджеттен 164,163 млн.теңге қаржы қаралған.

2022 жылдың 1 маусымы мен 31 желтоқсаны кезеңінде барлығы 81,0 млн. теңге қаржы жоспарланып, 81,00 млн.теңге игерілді, орындалуы 100%.

2023 жылы Басқармаға бюджеттен 238,126 млн.теңге қаржы қаралған.

2023 жылдың 1 қаңтары мен 30 сәуірі кезеңінде барлығы 66,36 млн. теңге қаржы жоспарланып, 66,1 млн.теңге игерілді, 99,7 %, игерілмеген қалдық 0,26 мың теңге.

Ішкі талдау жұмыстарын жүргізу барысында Басқарманың қаржы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Атап айтқанда, Басқарманың 2022 жылы және 2023 жылдың 1-тоқсанындағы қаржылық шығыстарын жүргізуге қатысты мәліметтер 1С-Бухгалтерия ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізілмеу фактілері анықталды.

Бұл ретте, Басқарманың тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында, сондай-ақ 2022 жылы Басқарманың мемлекеттік сатып алуларға талдау жасау бөлімінің басшысы Басқарманың қаржылық және бухгалтерлік қызметін қоса жүргізген кезеңде тиісті мәліметтерді дер кезінде 1С-Бухгалтерия ақпараттық жүйесіне енгізбеген.

Мәліметтерді ақпараттық жүйеге мерзімінде енгізбеу оларды кейіннен түзетіп, тиісті шығыс операциялары бойынша мәліметтерді бұрмалау секілді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Сонымен бірге, осы кезеңдерде жеке есеп шотқа жалақы ретінде артық қаржы аударғандығы белгілі болды.

Бұл әрекетте Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасымен көзделген қылмыстық әрекеттер байқалады.

Документы
Ақпарат
30 апреля 2026
Президенттік кітапхананың құрылысын бастау рәсімі
Ақпарат
30 апреля 2026
Қызылорда қаласындағы жаңа Драма театрдың құрылысын бастау рәсімі
Ақпарат
30 апреля 2026
Құзыреттілік орталығының ашылу рәсімі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы