Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" КММ

Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" КММ

2026 жыл


№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1

Құрылыс процесінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында (тұрақты, өндірістік кестеге сәйкес, растау құжаттарымен және түзету енгізу мүмкіндігінсіз) сметалық құжаттаманы қоса бере отырып, салынып жатқан объектілер, олардың құндық сипаттамалары туралы ақпараттардың енгізілуін қоса алғанда, тараптардың құрлысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау актілерін рәсімделуін цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау. 

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне  хат жолдау.

Хат

Құрылыс

бөлімінің маманы.

2026 жылғы

 


Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ

2025 жыл

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» КММ

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Жою механизмі

Мерзімі

Орындалды / орындалмады

1

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қосымша келісім жасау барысында Әлеуетті өнім берушімен қосымша келісімнің орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге қанша күн қалғандығы туралы мәлімет мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетінде көрсетілмейді.

Яғни, Әлеуетті өнім берушімен қосымша келісімнің орындалуын қамтамасыз ету мерзімінде енгізілу тапсырыс берушімен қабылданбаған жағдайда Әлеуетті өнім берушілер шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамай, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізуге заң жүзінде негіз болмай, жауапкершілікке тартылмауда.

 

30.07.2025ж.

№ 02-23/1374

 

30.05.2026 ж.

 

30.07.2025ж. № 02-23/1374 санды хат жолданды, жауап хат келмеді.


2024 жыл

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Жою механизмі

Мерзімі

Орындалды/орындалмады

1

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес тапсырыс беруші мергігер мекемеден құрылысы аяқталған нысанды қабылдауды жүзеге асырады. Мердігерден (бас мердігерден) объектінің дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс беруші мердігерден (бас мердігерден) және техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды сұратады.

Тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы, сондай-ақ мердігер мекемелер тарапынан қарым-қатынас іс-әрекеттері, нақтырақ айтқанда нысанды пайдалануға қабылдау  актісін рәсімдеу тікелей қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

29.07.2024ж.             №02-23/1641

01.12.2024 ж.

орындалды

2

Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қызметінің бюджет қаражаты есебінен тартады. Авторлық қадағалауды жобаға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін бақылайтын жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.Техникалық қадағалауды аккредиттелген ұйым орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатыларында жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық қадағалауды орындалған жұмыстардың көлемін есептеу және олардың сапасын тексеру үшін барлық қажетті құралдары мен жабдықтары бар аттестатталған сарапшылар жүргізеді. Басқарма яғни Тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым болып табылмайды, өз штатында аттестатталған сарапшылары жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына тексеру жүргізу және олардың көлемдерін есептеу үшін құралдары да, жабдықтары да жоқ. Іс жүзінде барлық жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тек басқарма қызметкерлері (мемлекеттік қызметшілер) тартылатынын, ал техникалық және авторлық қадағалау өкілдері іс бойынша тек куәлар ретінде өтетінін ерекше атап өткен жөн.

Басқарма қызметкерлерін жауапкершілікке тартудың, және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің себебі Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісіне қол қоюы болып табылады ("Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына ( 3-1-қосымша).

Бұл ретте Тапсырыс берушінің осы үшін арнайы тартылатын техникалық қадағалау қызметінің ҚМЖ көлемі мен сапасы үшін жауапкершілік туралы дәлелдері қабылданбайды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды және тексеруші органдар үшін қызығушылық тудырмайды.

Сондай – ақ, мемлекеттік қызметшілер 1 млрд.теңге құны бар объектілер бойынша орта есеппен 20,0 - 40,0 млн. теңгені құрайтын техникалық қадағалау кірістерімен салыстырғанда салыстырмалы түрде аз жалақы алатынын  (орташа есеппен 200-ден 300 мың теңгеге дейін) атап өту қажет.

29.07.2024ж.             №02-23/1641

01.12.2024 ж

орындалды

3

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын)салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру;

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)етіп қайта бейіндеу 

(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру. Алайда, көрсетілген қызметті алу үшін қызметті алушы Қызылорда облысының әкімдігіне www.elicense.kz. Ақпараттық жүйесі арқылы жүгінеді. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі Қызылорда облысы әкімдігінің қол қойылған Қаулысы немесе дәлелді бас тарту хатының негізінде ұсынылады. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері щещім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында бас тарту үшін негіздемелер тізбесінде 9-тармақ сипатталған, бірақ елді мекеннің қалақұрылыс құжаттамаларына сәйкес келмеген жағдайда дәлелді бас тарту көзделмеген. ҚР Жер кодексінің (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының Кодексі) 109-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан арі-Кодекс) Қалалардың, кенттердің, ауылдық елді мекендердің барлық жері олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады. Сондай-ақ, Кодекстің 44-бабының 5-2- тармағына сәйкес Ғибадат үйін (құрылысын) салу үшін жер учаскесін беру оны салу туралы облыстың, республикалық маңызы ар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі. Көрсетілген мән-жай көрсетілетін қызметті алушылар тарапының наразылығна алып келуі, сондай-ақ негіссіз бас тарту тауекелін туғызуы мүмкін.

29.07.2024ж.             №02-23/1641

01.12.2024 ж

орындалды

4

Басқарманың құрылыс бөлімінің мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілері өзіне бекітілген Қызылорда облысындағы құрылыс-монтаж жұмыстары басталған әлеуметтік нысандардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру мақсатында ай сайын әрбір нысан бойынша кемінде екі реттен іссапарға жіберіледі. Қызмет барысында басқарманың өкілдері мердігер өкілдерімен тікелей  қарым-қатынаста жұмыс жасауы орын алуда. Жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес объект құрылысының барысын нақты уақыт режимінде толық бақылау үшін бейне бақылау жүйесін қосу және оны жалпы бақылау функциясы жүктелген жобалау және құрылыс бөлімі басшысына  қолжетімді ету талаптарын енгізу қажет.Яғни құрылыс бөлімінің мемлекеттік әкімшілік  қызметшілеріне Қызылорда облысындағы құрылыс-монтаж жұмыстары басталған әлеуметтік нысандардың жұмысын бақылауды мердігер ұйым өкілдерінің қатысуынсыз немесе бейне бақылау жүйесі арқылы қашықтықтан жүзеге асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға пәрменді шаралар болып табылады.

29.07.2024ж.             №02-23/1641

01.12.2024 ж

орындалды

5

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қызметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін мүдделер қақтығысына түседі және шоттарда пайдаланылмаған ақша қаражатының болуы үшін жауапкершілікті болдырмау мақсатында орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды. Мердігермен әр түрлі кездесулер немесе әңгімелер, сонымен қатар, құрылыс процесі тараптардың бақылауынан тыс себептер бойынша, мысалы, жеткізушілер құрылыс материалдарын жеткізу мерзімін бұзған немесе қысқы уақытта жолдар жабылған жағдайда кешіктірілуі мүмкін екенін ескере отырып, айтарлықтай нәтиже бермейді.

Осылайша, Тапсырыс берушінің құрылыс процесін жеделдетуге немесе мердігерге сот органдарына жүгінуден басқа өзге түрде ықпал етуге мүмкіндігі жоқ және бұл бюджет қаражатын игермегені үшін жаза тағайындау кезінде егжей-тегжейлі ескерілмейді. Шартты бұзу, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі сот процестері талап арыз беруден бастап істі апелляциялық сатыда қарауға дейін орта есеппен бес айдан астам уақытты алады. Осыдан кейін объектіні қабылдау-тапсыру процесі, мемлекеттік сатып алу жоспарын өзгерту және құрылысты аяқтауға қайта конкурс жариялау және өткізу жүреді, ол шарт бұзылғаннан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы түзету және орындалған жұмыстардың аражігін ажырату талап етілетін жағдайларды ескермей, бірнеше айға созылады.

29.07.2024ж.             №02-23/1641

01.12.2024 ж

орындалды

6

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған мердігер ұйымдарды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу. Осы функцияны сот органдарына, әділет органдарына не прокуратураға (аумақтылығына байланысты) жүктеу қажет деп санаймыз, себебі осы бөлікте Тапсырыс берушінің Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысының өзі іс жүзінде қатыспауы тиіс конкурстарға қатысуына ықпал ету мүмкіндігі бар.

29.07.2024ж.             №02-23/1637

01.12.2024 ж

орындалды

7

Басқарма қызметін жүзеге асыру кезінде мынадай бағдарламалық қамтамасыз етулер мен ақпараттық жүйелер пайдаланылады: Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесі, МОИП, Ашық НҚА, Ашық бюджеттер, Ашық деректер, «Е-өтініш» АЖ, «Е-қызмет» АЖ, «Парус-Каз» АЖ. Пайдаланылатын АЖ мемлекеттік орган қызметінің барлық саласын қамтиды, деректерді уақытылы және тиімді анықтауға, тіркеуге және алмасуға мүмкіндік береді. Кадр қызметі, бухгалтерия, және іс қағаздарын жүргізу қызметінің жұмысын автоматтандыру әуре-сарсаңға салу мен бюрократияны және мемлекеттік органға жүктемені болдырмауға мүмкіндік береді.

29.07.2024ж.             №02-23/1636

01.12.2024 ж

орындалды

8

Басқармада еңбек шарты негізінде тартылатын жұмыскерлердің бос жұмыс орындарына кункурс жариялау, құжат қабылдау, еңбек шартын әзірлеу және т.б. әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында enbek.kz порталы арқылы тиісті жұмыстар жүргізіледі. Дегенмен кейбір азаматтар немесе азматшалар жұмысқа орналасу үшін басқармаға тікелей түйіндеме және тиісті құжаттар ұсынуға ниет білдірген.

Алайда, құжаттарды қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін басқарма қызметкерлері тарапынан enbek.kz порталы туралы тиісті түсіндеме жұмыстарын жүргізіп, аталған портал арқылы құжаттар тапсыру қажеттігі ескертілді.

29.07.2024ж.             №02-23/1635

01.12.2024 ж

орындалды

9

«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» талапртарын қатаң сақтау, сондай-ақ Басқарма қызметкерлері арасында «Е-Өтініш» платформасындағы өтініштерді қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу

2024 жылғы 27 маусымдағы № 2 хаттама

01.12.2024 ж

2024 жылғы 27 маусымда басқарма қызметкерлері арасында «Е-Өтініш» платформасындағы өтініштерді қарау мәселелері бойынша оқыту өткізілді.

10

Жобалау-іздестіру жұмыстарын (ЖІЖ) есептеу құнын арттыру. Бұл есептеулер ЖСҚ әзірлеуге балама бағаларды алу үшін бірнеше жобалау ұйымдарынан сұратылады. Есептеулер айтарлықтай баға көрсеткіштерімен түрленеді, бұл жобаларды әзірлеу кезінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көрсетеді. Осы проблеманың шешімдерінің бірі ретінде мемлекеттік қызметшілерді ЖІЖ есептеу рәсіміне оқытуды ұйымдастыру және тиісті бағдарламаларды сатып алуды жүзеге асыру қажет деп санаймыз. Бұл шара мемлекеттік органға жобалаудың ерте сатысында ЖІЖ құнының толық көрінісін алуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, түпкілікті құны мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Жеке сараптама үшін бұл тәуекел мүмкін деп санаймыз.

07.08.2024ж.             №02-23/1699

01.12.2024 ж

орындалды


Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 31 бабы 3 тармағына сәйкес Тапсырысшы сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды техникалық қадағалауды ұйымдастыру жолымен жүзеге асырады.

Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қызметін бюджет қаражаты есебінен тартады.

Авторлық қадағалауды жұмыстардың жобаға сәйкес жүргізілуін бақылайтын жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.

Техникалық қадағалауды аккредиттелген ұйым, орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатыларында жүзеге асырады.

Бұл ретте техникалық қадағалауды, орындалған жұмыстардың көлемін есептеу және олардың сапасын тексеру үшін барлық қажетті құралдары мен жабдықтары бар аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

Ал, Тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым болып табылмайды, өз штатында аттестатталған сарапшылары жоқ, құрылыс сапасына тексеру жүргізу және олардың көлемдерін есептеу үшін құралдары да, жабдықтары да жоқ.

Осыған қарамастан, Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісіне қол қойып, кемшіліктер анықталған жағдайда  басқарма қызметкерлері жауапкершілікке тартылуда.

Сондай – ақ, 1 млрд.теңге құны бар объектілер бойынша орта есеппен 20,0 - 30,0 млн. теңгені құрайтын техникалық қадағалау кірістерімен мемлекеттік қызметшілердің табысын салыстырғанда аз жалақы алатынын (орташа есеппен 200-ден 300 мың теңгеге дейін) атап өту қажет.

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы
19 наурыздағы №229 бұйрығының 10-тармағында, тапсырыс беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 6-бабы  1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге бөлек конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді делінген.

Қазіргі таңда осы аталған заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу кезінде мәселелер туындауда.

Яғни, әзірленген жоба-сметалық құжаттамалары бойынша  тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым немесе арнайы сарапшы  болмағандықтан, ұсынылған ЖСҚ-на зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізе алмайды. Бұл өз кезегінде сараптаманың теріс қорытындысын алуға әкеледі. Сараптаманың теріс қорытындысы алынған жағдайда, ескертпелерді қалпына келтіріп қайта ұсыну үшін, бюджеттен қосымша қаржы алуды талап етіледі. Ол бюджет қаражатын артық шығынға алып келеді.

 

Эскизді (эскиздік жобаны) келісу, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру бойынша дәлелді бас тарту кезінде жеке және заңды тұлғаларды тыңдалымға шақыру туралы.

Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі -Кодекс) 73-бабына сәйкес тыңдау – әкімішілік рәсімге қатысушыны әкімшілік іс бойынша тыңдауға шақыру, оның ішінде бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы және әкімшілік рәсімге қатысушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін делінген.

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде тыңдауды өткізудің тәртібі мен уақыты ескерілмегеніне байланысты жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды атқаратын Бөлімшелер тиісті шараларды Кодекстің 73-бабына сәйкес орындайды, яғни дәлелді бас тарту жасалған тұлғаның өкілдері қалалық, аудандық бөлімдерге  шақырылып, тыңдалым өткізіледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 Заңының 1-бабының 12-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелі – «бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі» делінген. Яғни, қызмет алушыны тыңдалымға шақыру арқылы онымен бетпе-бет қарым-қатынас орнату сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келетін жағдайларды туындатуы ықтимал.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 1-бабына сәйкес бір терезе қағидаты ұғымы қабылданып, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын барынша шектеу көзделген.

Осы орайда, қызметті электронды түрде көрсету, сондай-ақ қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тиісті қарым-қатынасты болдырмау мақсатында «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын) ақпараттық жүйесі енгізілді.

Енді кезекте, мемлекеттік қызметті «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсету кезінде мемлекеттік қызметті алушыны тыңдалымға шақыру орынсыз, себебі:

1. бұл сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне алып келу ықтималдығын;

2.бұл мемлекеттік органдағы қағазбастылықтың көбеюін;

3.бұл қызмет алушыны әуре-сарсаңға салу ықтималдығын жоғарлатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде тыңдалым өткізу тәртібін алып тастау немесе оны барынша автоматтандыру мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жөнінде уәкілетті органға ұсыныстар беру қажет етіледі.

 

Елді мекеннің Бас жоспарына сәйкес келмейтін жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысы бойынша сұрап, өтініш түсіру туралы:

«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес елді мекен шегінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесіне түпкілікті таңдау актісін беру құзыреттілігі жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды атқаратын Бөлімшелеріне (бұдан әрі - Бөлімшелер) берілген.

Аталған Қағидаларға сәйкес тиісті Бөлімшелер елді мекен шегінен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған өтініш берушінің өтінішін, егерде жер учаскесі әкімшілік аумақтың (қала немесе кент)Бас жоспарына сәйкес келмесе де, оны әрі қарай мүдделі уәкілетті органдар мен монополиялық ұйымдарға орындауға жібереді.

Қазақстан Республикасының  20.06.2003 жылғы №442 Жер Кодексінің                          44-бабына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері елді мекен аумағының бекітілген бас жоспарларының не орналасу схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс делінген.

Алайда, тиісті Бөлімшелер, егерде жер учаскесі Бас жоспарға сәйкес келмеген жағдайда, оны қысқа мерзімде және тез қарап, дәлелді бас тарту жасай алмайды.

Сұратылған жер учаскесі Бас жоспарға сәйкес келмеген жағдайда, тиісті Бөлімшелер мүдделі уәкілетті органдар мен монополиялық ұйымдардың жауаптары келгеннен кейін ғана дәлелді бас тарту жасай алады. Бұл жерде, өтініш беруші өз жауабын алу үшін толық 28 (жиырма сегіз) жұмыс күнді күтуге мәжбүр болады. 

Яғни, бұл:

1) сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне алып келу ықтималдығын;

2) бұл мемлекеттік органдағы қағазбастылықтың көбеюін;

3) бұл қызмет алушыны әуре-сарсаңға салу ықтималдығын жоғарлатады.

Осы орайда, өтініш берушімен сұралған жер учаскесі Бас жоспарға сәйкес келмесе, өтінішті қарауды тоқтатып, оны тиісті уәкілетті органдар мен монополиялық ұйымдарға орындауға жібермей, сәйкесінше дәлелді жауапты қысқа мерзімде (үш жұмыс күн ішінде) беру қажет деп санаймыз.

Жер учаскесі Бас жоспарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш 28 (жиырма сегіз) күнде емес 3 (үш) жұмыс күн ішінде қаралып, сәйкесінше өтініш иесіне тиісті дәлелді жауап жылдам беріледі.

Бұл өз кезегінде, өтініш берушінің тез жауап алуына және әрі қарай басқа жер учаскесін таңдап, ол бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш түсіруіне мүмкіндік береді.

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы
19 наурыздағы №229 бұйрығының 10-тармағында, тапсырыс беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 6-бабы  1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге бөлек конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді делінген.

Қазіргі таңда осы аталған заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу кезінде мәселелер туындауда.

Яғни, әзірленген жоба-сметалық құжаттамалары бойынша  тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым немесе арнайы сарапшы  болмағандықтан, ұсынылған ЖСҚ-на зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізе алмайды. Бұл өз кезегінде сараптаманың теріс қорытындысын алуға әкеледі. Сараптаманың теріс қорытындысы алынған жағдайда, ескертпелерді қалпына келтіріп қайта ұсыну үшін, бюджеттен қосымша қаржы алуды талап етіледі. Ол бюджет қаражатын артық шығынға алып келеді

 

Эскизді (эскиздік жобаны) келісу, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру бойынша дәлелді бас тарту кезінде жеке және заңды тұлғаларды тыңдалымға шақыру туралы.

Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі -Кодекс) 73-бабына сәйкес тыңдау – әкімішілік рәсімге қатысушыны әкімшілік іс бойынша тыңдауға шақыру, оның ішінде бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы және әкімшілік рәсімге қатысушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін делінген.

«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде тыңдауды өткізудің тәртібі мен уақыты ескерілмегеніне байланысты жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды атқаратын Бөлімшелер тиісті шараларды Кодекстің 73-бабына сәйкес орындайды, яғни дәлелді бас тарту жасалған тұлғаның өкілдері қалалық, аудандық бөлімдерге  шақырылып, тыңдалым өткізіледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 Заңының 1-бабының 12-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелі – «бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі» делінген. Яғни, қызмет алушыны тыңдалымға шақыру арқылы онымен бетпе-бет қарым-қатынас орнату сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келетін жағдайларды туындатуы ықтимал.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 1-бабына сәйкес бір терезе қағидаты ұғымы қабылданып, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын барынша шектеу көзделген.

Осы орайда, қызметті электронды түрде көрсету, сондай-ақ қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тиісті қарым-қатынасты болдырмау мақсатында «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын) ақпараттық жүйесі енгізілді.

Енді кезекте, мемлекеттік қызметті «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсету кезінде мемлекеттік қызметті алушыны тыңдалымға шақыру орынсыз, себебі:

1. бұл сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне алып келу ықтималдығын;

2.бұл мемлекеттік органдағы қағазбастылықтың көбеюін;

3.бұл қызмет алушыны әуре-сарсаңға салу ықтималдығын жоғарлатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде тыңдалым өткізу тәртібін алып тастау немесе оны барынша автоматтандыру мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жөнінде уәкілетті органға ұсыныстар беру қажет етіледі.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы