Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
2026 жыл
|
«Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» КММ
|
||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Жою механизмі |
Мерзімі |
Орындалған/орындалмаған |
|
1. |
Кодекстің 152-бабының 7-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін нақты көрсету жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау. |
Уәкілетті оргаға ұсыныс хат жолдау |
28.05.2026ж |
Уәкілетті органға хат №02-23/2121 29.05.2026 жылы жолданды. Қаралуда. |
|
2. |
Бөліммен құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны тапсыруы, құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің белгіленген тәртіпте өткізуі бойынша үнемі түсіндірмелік оқытулар жүргізуді қамтамасыз етсін. |
Тапсырыс берушілерге хат жолдауға |
28.05.2026ж |
Қала және аудан әкімдеріне хат жолданды. Орындалды. |
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
2025 жыл
|
«Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» КММ |
||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Жою механизмі |
Мерзімі |
Орындалған/орындалмаған |
|
1. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларына сәйкес Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың жүйесінде әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растау мәселесіне қатысты нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау. |
Уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау |
10.10.2025ж |
Уәкілетті органға хат №03-01/4465 09.10.2025 жылы жолданды. Қаралуда. |
|
2. |
Бөліммен құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны тапсыруы, құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің белгіленген тәртіпте өткізуі бойынша үнемі түсіндірмелік оқытулар жүргізуді қамтамасыз етсін. |
Тапсырыс берушілерге хат жолдауға |
10.10.2025ж |
Қала және аудан әкімдеріне хат жолданды. Орындалды. |
2024 жыл
|
«Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» КММ |
||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Жою механизмі |
Мерзімі |
Орындалған/Орындалмаған |
|
1 |
Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін нақты мерзімдерді айқындау бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
|
№ 03-01/2585 ұсыныс хат |
17.05.2024ж |
Қаралуда |
|
2 |
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 7-тармағына өзгерістермен толықтырулар енгізу арқылыанықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін нақты көрсету жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау;
|
№ 03-01/2585 ұсыныс хат |
17.05.2024ж |
Қаралуда |
|
3 |
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 309-бабының санкциясында «ескерту жасау немесе айыппұл» әкімшілік жазасын «айыппұл» жазасына өзгерту бойынша толықтырулар енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау; |
№ 03-01/2585 ұсыныс хат |
17.05.2024ж |
Қаралуда |
|
4 |
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 315-бабының санкциясында «ескерту жасау немесе айыппұл» әкімшілік жазасын «айыппұл» жазасына өзгерту бойынша толықтырулар енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау; |
№ 03-01/2585 ұсыныс хат |
17.05.2024ж |
Қаралуда |
2024
|
1 |
«Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» |
Басқарманың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімне жүргізілген ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы негізінде салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан құрылыс объектілеріне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүргізу кезінде тәуекел кездеседі. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) Кодекстің 152-бабының 7-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады делінген. Яғни, тексеру нәтижелерін рәсімдеу барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде: 1) бақылау мен қадағалау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерінің бар-жоғы; 2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері; 3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және Бұл ретте нұсқаманың орындалу мерзімін лауазымды тұлғаның белгілеуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің Осылайша сараптама жүргізудің ең аз мерзімдері анықталмағандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін. Себебі, анықталған бұзушылықтарды жою үшін ұйғарымға субъективті мерзімдер шығару мүмкіндігінің бір бөлігі тексеруді жүргізген лауазымды тұлғалардың қалауы бойынша мерзімді көрінеу азайтуына жол беруі мүмкін. Сондықтан, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін нақты мерзімдерді айқындау бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау қажет. Бұған қоса, Кодекстің 152-бабының 7-тармағына өзгерістермен толықтырулар енгізу арқылы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін нақты көрсету түріндегі ұсыныс жолдау қажет. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай – ҚР ӘҚБтК) 309 және 315 баптарының санкциясында «ескерту жасау немесе айыппұл» әкімшілік жазасын қолдану кезінде балама көзделген. Ақпарат үшін: ҚР ӘҚБтК-нің 309-бабы «Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде аумақты бүлдіру» және 315-бабы «Құрылыс-монтаждау жұмыстарын, объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзу». Әкімшілік жазаға тарту кезінде лауазымды тұлғаға ескерту жасауға немесе айыппұл салуға таңдау құқығы беріліп дискрециялық өкілеттіктер белгіленуінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. Осыған орай, ҚР ӘҚБтК-нің 309 және 315 баптарында көзделген дискрециялық өкілеттіктерді жою жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдауға. |
2023
|
1 |
«Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» |
Басқарманың еңбек қауіпсіздігін бақылау бөліміне жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Тәуекел мемлекеттік еңбек инспекторларымен жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеруді жүргізу кезінде кездеседі. Себебі, ҚР Еңбек кодексінің 20 тарауына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізеді. Оның еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді Басқарма өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытындыны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде комиссия құрады. Комиссия құрамына төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы, мүшелері – жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілідері кіреді. Кодекстің 190-бабына сәйкес егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның ұлғаюына себеп болғандығын анықтаса, онда комиссия тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі - Бұйрық). Бұйрықтың 17-тармағына сәйкес егер зардап шегушінің өзінің өрескел абайсыздығы оның денсаулығына келетін зиянның пайда болуына немесе артуына әсер етсе, бұл жағдайда жұмыс беруші мен зардап шеккен қызметкер кінәсінің дәрежесін осы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру комиссиясы пайызбен айқындайды. Осы ретте, жұмыс беруші мен зардап шеккен қызметкер кінәсінің дәрежесін тергеп-тексеру комиссиясының пайызбен айқындауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді. Өйткені, жұмыс берушінің зардап шеккен қызметкердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген кінәсінің дәрежесі жоғары болған жағдайда зардап шегушіге келтірілген зиянды өтеу соммасы да жоғары болғандықтан мекемеге қосымша шығындар болып табылады. Сондықтан, әрбір жұмыс берушіге кінәсінің пайызы төмен болғаны тиімді. Кінәлік дәрежесін пайызбен есептеудің әдістемесі ешбір нормативтік құқықтық актілермен реттелмегендіктен жұмыс беруші өз тарапынан тергеп-тексеру комиссиясымен алдын ала келісу, мемлекеттік еңбек инспекторларымен мүдделер қақтығысына баруы мүмкін. Осыған орай, жұмыс беруші мен зардап шеккен қызметкер кінәсінің дәрежесін пайызбен есептеудің нақты әдістемесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу қажеттілігі жөнінде уәкілетті органға ұсыныс енгізу қажет. Бұдан бөлек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 96-бабының санкциясында еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау бойынша жұмыс берушіге әкімішілік жауаптылық көзделген. Бұл жерде жұмыс берушімен еңбек инспекторы арасында өкілеттіктер белгіленуінен яғни, жазатайым оқиғасы мерзімінен кеш хабарланған жағдайлар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін негізсіз көтеруінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. Осыған орай, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 96-бабының санкциясына еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламаған (немесе) белгіленген мерзімде хабарламаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша толықтырулар енгізу арқылы жұмыс берушілердің жауаптылықтарын арттыру қажет. |