Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ
2026 жыл
|
«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ |
|||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Жою механизмі |
Мерзімі |
|
1 |
Тиісті уәкілетті органдардың алдында нормативтік-құқықтық актілерде «орташа жөндеу» ұғымын және осы санаттағы объектілерді қабылдау және бақылау рәсімдерін енгізу туралы ұсыныс енгізу. |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2026 |
|
2 |
Тиісті уәкілетті органдардың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығының 77-тармағына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс беру. |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2026 |
|
3 |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №307 қаулысына өзгерістер енгізіп, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасына сәйкес «жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұсақтасты және қиыршықтасты жабында асфальт-бетон жабынға ауыстыру» нормасын енгізу. |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2026 |
|
4 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының 154-тармағына өзгеріс енгузу жөнінде ұсыныс беру. |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2026 |
|
5 |
Техникалық қадағалаушының жауапкершілігін күшейту және заңнамаларда көзделген міндеттемелерінің орындалуына қадағалау жүргізу мақсатында уәкілетті сәулет - құрылыс бақылау және қадағалау органы өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құрып зерделеу жұмыстарын жүргізу |
Құрылыс нысанына жауапты техникалық қадағалаушылардың заңнамаларда көзделген міндеттемелерінің орындалмауы фактісі анықталған жағдайда тиісті актімен рәсімдеу |
01.08.2026 |
2025 жыл
|
«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ |
||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Жою механизмі |
Мерзімі |
Орындалды/орындалмады |
|
1 |
Тиісті уәкілетті органдардың алдында нормативтік-құқықтық актілерде «орташа жөндеу» ұғымын және осы санаттағы объектілерді қабылдау және бақылау рәсімдерін енгізу туралы ұсыныс енгізу |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2025 |
Уәкілетті органға №06-5/1043 29.07.2025 жылы хат жолданды |
|
2 |
Тиісті уәкілетті органдардың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі №299 бұйрығының 77-тармағына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс беру. |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2025 |
Уәкілетті органға №06-5/1047 01.08.2025 жылы хат жолданды |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының 154-тармағына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс беру. |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2025 |
Уәкілетті органға №06-5/1048 01.08.2025 жылы хат жолданды |
|
4 |
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларынатексеру объектісін бейне және фото тіркеу жүргізуді міндеттейтін норма енгізу жөнінде ұсыныс беру. |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2025 |
Уәкілетті органға №06-5/956 15.07.2025 жылы хат жолданды |
|
5 |
Тасымалдаушылар мен жергілікті атқарушы органдардың немесе уәкілетті ұйымның арасында жасалған шарттың негізінде оларға қызмет көрсетуге құқығы бар куәліктерді алу, ауыстыру қызметін тасымалдаушы мекеме мен басқарма қызметкерінің арасында байланыс болдырмау мақсатында куәлік алу, ауыстыру тәртібін мемлекеттік қызметке жатқызып, оны электронды форматқа көшіру арқылы жүзеге асыру жөнінде тиісті уәкілетті органға ұсыныс беру. |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2025 |
Уәкілетті органға №06-5/957 15.07.2025 жылы хат жолданды |
|
6 |
Техникалық қадағалаушыларға мердігерге байланысты болмауы және техникалық қадағалау сарапшыларының қызметтері орындалған жұмыс көлеміне қарамастан төленуі керек екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу. |
Орталық уәкілетті органдарға уәждемелік хат жолдау |
01.08.2025 |
Уәкілетті органға №06-5/1034 28.07.2025 жылы хат жолданды |
|
7 |
Техникалық қадағалаушының жауапкершілігін күшейту және заңнамаларда көзделген міндеттемелерінің орындалуына қадағалау жүргізу мақсатында әкілетті сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы өкілдерінің қатысуымен құрылған жұмыс тобымен зерделеу жұмыстарын жүргізу |
Құрылыс нысанына жауапты техникалық қадағалаушылардың заңнамаларда көзделген міндеттемелерінің орындалмауы фактісі анықталған жағдайда тиісті актімен рәсімдеу |
Тұрақты |
Құрылыс нысанына жауапты техникалық қадағалаушылардың заңнамаларда көзделген міндеттемелерінің орындалмауы фактісі анықталып тиісті актімен рәсімделді |
2024 жыл
|
«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ |
||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Жою механизмі |
Мерзімі |
Орындалды/орындалмады |
|
1 |
Автомобиль жол құрылысына қатысты техникалық қадағалау қызметіне өткізілген мемлекеттік сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің тәжиребесін есептеу барысында сатып алынатын қызметке ұқсас (осыған ұқсас) көрсетілетін қызметтер тәжіребесін ғана есепке алу нормасын енгізу |
Тиісті министрлікке ұсыныс хат жолдау |
01.08.2024 г. |
ҚР Қаржы министрлігіне 29.07.2024 жылы №06-5/1058 санды ұсыныс хат жолданды Орындалды |
|
2 |
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 Заңының 43-бабының талаптарына сәйкес тиісті уәкілеттік органға мердігер мекеме банкрот деп танылған жағдайда мердігер кепілдік мерзімі өткеннен кейін шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтару бойынша ұсыныс енгізу |
Тиісті министрлікке ұсыныс хат жолдау |
01.08.2024 г. |
ҚР Қаржы министрлігіне 29.07.2024 жылы №06-5/1058 санды ұсыныс хат жолданды Орындалды |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы №349
|
Тиісті министрлікке ұсыныс хат жолдау |
01.08.2024 г. |
ҚР Көлік министрлігіне 29.07.2024 жылы №06-5/1057 санды ұсыныс хат жолданды Орындалды |
|
4 |
Қағидада тексеру нысанын бейне және фото тіркеу жүргізуді міндеттейтін нормасын енгізу |
Тиісті министрлікке ұсыныс хат жолдау |
01.08.2024 г. |
ҚР Көлік министрлігіне 29.07.2024 жылы №06-5/1057 санды ұсыныс хат жолданды Орындалды |
|
5 |
Жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі конкурсты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына ұқсас электрондық форматқа көшіру |
Тиісті министрлікке ұсыныс хат жолдау |
01.08.2024 г. |
ҚР Көлік министрлігіне 29.07.2024 жылы №06-5/1057 санды ұсыныс хат жолданды Орындалды |
|
6 |
Ұйымдастырушы мен конкурсқа қатысушылардың тікелей Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы №113 бұйрығымен Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық негізде өткізілетін конкурс барысында ұйымдастырушымен тасымалдаушының байланысын болдырмау, конкурс рәсімдерін оңтайландыру, қағаз құжат айналымын қысқарту мақсатында конкурс рәсімдерін электрондық форматқа көшіру |
Тиісті министрлікке ұсыныс хат жолдау |
01.08.2024 г. |
ҚР Көлік министрлігіне 29.07.2024 жылы №06-5/1057 санды ұсыныс хат жолданды Орындалды |
|
7 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің |
Тиісті министрлікке ұсыныс хат жолдау |
01.08.2024 г. |
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 29.07.2024 жылы №06-5/1059 санды ұсыныс хат жолданды Орындалды |
|
8 |
Құрылыс нысанға бекітілген техникалық қадағалау қызметі жүзеге асыратын аттестатталған сарапшыларды техникалық қадағалау қызметін басқа ұйымдарда қызметті қоса атқаруына жол бермейтін норманы енгізу |
Тиісті министрлікке ұсыныс хат жолдау |
01.08.2024 г. |
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 29.07.2024 жылы №06-5/1059 санды ұсыныс хат жолданды Орындалды |
|
9 |
Тиісті уәкілетті органдардың алдында бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығының тармақтарын мемлекеттік тіл мен орыс тіліне сәйкестендіру |
Тиісті министрлікке ұсыныс хат жолдау |
01.08.2024 г. |
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 29.07.2024 жылы №06-5/1059 санды ұсыныс хат жолданды Орындалды |
|
10 |
Мемлекеттік сатып алуды қолдану рәсімін бұзу ықтималдығы |
Мемлекеттік сатып алу талаптарын қолданудың "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету |
Тұрақты |
Бақылауда |
|
11 |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін қолдану бойынша бұзушылық ықтималдығы |
Мемлекеттік сатып алу талаптары мен шарттарының орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету
|
Тұрақты |
Орындалды |
|
12 |
Орындаушылардың шарттық міндеттемелер талаптарын бұзу ықтималдығы |
Бөлімшенің қызметіне тұрақты және жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мәліметтерді апта сайын ұсынуға |
Іс жүзінде |
Бақылауда |
|
13 |
Шарттық міндеттемелерді бұзатын орындаушыларға қатысты шараларды қолдану үшін материалдарды ұсынбау/уақтылы ұсынбау ықтималдығы |
Шарттық міндеттемелерді бұзған орындаушыларға қатысты заңнамада көзделген шаралардың қолданылуы бойынша тұрақты бақылауды қамтамасыз ету |
Іс жүзінде |
Бақылауда |
|
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілері) |
1) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарына (автомобиль жолы саласында) құрылыс, реконструкциялау, күрделі жөндеу жатады. Жол жабынын жөндеу жұмыстарын жүргізуді регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерде «орташа жөндеу» деген ұғым қарастырылмаған. Салалық нормативтік-құқықтық актілерде «орташа жөндеу» анықтамасының болмауына байланысты аталған санаттағы объектілерді қабылдау және бақылау рәсімі регламенттелмеген. Салалық заңнамада орташа жөндеу ұғымы болмағандықтан сараптаманы бағалауға жататын (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына құрылыс-монтаж жұмыстары басталғаны туралы хабарлама беру, авторлық және техникалық қадағалаулармен сүйемелдеу және пайдалануға декларативті қабылдау бойынша міндетті талап жоқ. Өз кезегінде, бұл нысанды қабылдаушы жауапты тұлғаларға жұмыс сапасын толыққанды тексеруге мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде жөндеу жұмыстарының сапасының төмендеуіне алып келеді. Бұл ретте, тиісті салалық нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажет. Сондықтан, жұмыс тобымен уәкілетті органдардың алдында нормативтік-құқықтық актілерде «орташа жөндеу» ұғымын және осы санаттағы объектілерді қабылдау және бақылау рәсімдерін енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасау қажет деп есептелінді. |
Тиісті уәкілетті органдардың алдында нормативтік-құқықтық актілерде «орташа жөндеу» ұғымын және осы санаттағы объектілерді қабылдау және бақылау рәсімдерін енгізу туралы ұсыныс енгізу.
|
|
|
Жұмыс тобымен ішкі талдау жүргізу барысында «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығының 77-тармағы қазақ және орыс тілдеріндегі редакцияда екі түрлі мағынадағы сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, осы бұйрықтың 77-тармағында орыс тіліндегі редакциясында «Әзірлеу және бекіту аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде құрылыс басталмаған жоба-сметалық құжаттамасы ескірген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңа сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.» деп көрсетілсе қазақ тіліндегі редакциясында норма көрсетілмеген. Бұл ретте, аталған сәйкессіздік тапсырыс берушілердің жаңылысуына әкеліп соғуы мүмкін. |
Тиісті уәкілетті органдардың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығының 77-тармағына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс беру.
|
|
|
Облыс көлемінде іске асырылып жатқан автожол жобаларының негізгі үлесі «орташа жөндеуге» тиесілі екенін атап өткен жөн. «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту жатады. Осы орайда, Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №307 қаулысымен Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы бекітілген. «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 29.12.2022 ж. өзгеріс енгізіліп, Заңның 14-бабынан «ортақ пайдаланылатын бұрыннан бар» деген сөйлем алынып тасталды. Заңға енгізілген өзгеріс 09.01.2023 ж. заңды күшіне енген. Осыған орай, автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізілу тиіс. Автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы №337 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы ведомстволық сараптаманың қағидаларына сәйкес «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның талдау бағасын негізінде ведомстволық сараптама жүргізіледі. Алайда, Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №307 қаулысымен бекітілген сыныптамасында жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұсақтасты және қиыршықтасты жабында асфальт-бетон жабынға ауыстыру жөнінде норма көзделмегендіктен Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері елді мекендердің көшелерін орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамасын ведомстволық сараптамадан өткізу негіздемелері жоқ. Бұл ретте, тапсырыс берушілердің автомобиль жолдарына орташа жөндеуге әзірленген техникалық құжаттамалары ведомстволық сараптамадан өткізілмеуі жұмыс сапасын толыққанды тексеруге мүмкіндік бермейді, тапсырыс берушілердің өздері сметалық құнын бекіте отырып, сметалық құнын ұлғайтуына жол беріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы ықтимал. |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №307 қаулысына өзгерістер енгізіп, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасына сәйкес «жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұсақтасты және қиыршықтасты жабында асфальт-бетон жабынға ауыстыру» нормасын енгізу.
|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасындағы конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасындағы Біліктілік туралы мәліметтердегі 6-тармағы бойынша әлеуетті өнім беруші растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсетілген қызметтер тәжірибесінің болуы туралы мәліметтерді толтырады. Алайда, мемлекеттік сатып алудың конкурстық комиссия мүшелері автомобиль жолдарын салу (реконструкция), жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалау қызметіне өткізілген сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің тәжірибесін есептеу барысында автомобиль жолдары саласы бойынша емес әлеуетті өнім берушілердің жалпы барлық тәжірибесі (су, газ саласы, ғимараттар салу және т.б.) есептелініп келеді. Нәтижесінде, техникалық қадағалауды автомобиль жолдары саласында тәжірибесі жоқ тұлғалар жүзеге асырады, бұл өз кезегінде жол құрылысының сапасына әсер етеді. Осыған орай, автомобиль жолдарына қатысты техникалық қадағалау қызметіне өткізілген мемлекеттік сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің тәжиребесін тек автомобиль жолдар саласында көрсетілген техникалық қадағалау қызметтердің тәжірибесін есепке алу қажет деп санаймыз. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының 154-тармағына өзгеріс енгузу жөнінде ұсыныс беру. |
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңына және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы №71 бұйрығына сәйкес техникалық қадағалау сарапшылар құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету, техникалық қадағалау журналын тұрақты және тиісті жүргізуді жүзеге асыру, жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және қол қоюға қатысу, тұрақты негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасын тексеру міндеттері көзделген. Талдау барысында техникалық қадағалау қызметтері үшін мердігер объектіде орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлеміне барабар төленетіні анықталды, яғни техникалық қадағалау сарапшылары Тапсырыс беруші мен мердігерге тәуелді болуы мүмкін. Бұл ретте, мемлекеттік нормативтер, құрылыс жұмыстарының сапасы бұзылған жағдайда техникалық қадағалау сарапшысының орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға құқығы жоқ. Бірақ, егер орындалған жұмыстар актісіне қол қойылмаса, онда көрсетілген техникалық қадағалау қызметтері төленбейді. |
Техникалық қадағалаушыларға мердігерге байланысты болмауы және техникалық қадағалау сарапшыларының қызметтері орындалған жұмыс көлеміне қарамастан төленуі керек екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
|
|
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы №71 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету Қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 3-тарауына сәйкес техникалық қадағалаушы тұрақты негізде құрылыс жұмыстарының, қолданылатын материалдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасын тексереді. Техникалық қадағалауды тапсырыс беруші қолданыстағы нормативтерге сәйкес объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебінен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, дербес және (немесе) жүзеге асырады. Нысанда техникалық қадағалаудың тұрақты түрде болмауы құрылыс жұмыстарының сапасыз орындалуына әкеп соғады. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңның 34-2-бабына сәйкес құрылысқа тапсырыс беруші техникалық қадағалау қызметін бақылауға құқылы. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, кейбір техникалық қадағалаушылар объекті басында болмай, құрылыс барысын қадағаламайды, осылайша құрылысты бақылаудың болмауынан құрылыс жұмыстарының сапасыздығына әкеп соғады. |
Жұмыс тобы техникалық қадағалаушының жауапкершілігін күшейту және заңнамаларда көзделген міндеттемелерінің орындалуына қадағалау жүргізу мақсатында уәкілетті сәулет - құрылыс бақылау және қадағалау органы өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құру.
|
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің Сонымен қатар, шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшіліктің талаптарына нысанға жауапты техникалық қадағалаушы ай сайын тапсырыс берушіге құрылыс жұмыстардың орындалу барысы туралы есепті, материалдардың сынамалары мен зертханалық сынақтары бойынша нәтижелерді, қолданылатын материалдардың сәйкестік сертификатын, жасырын жұмыстар актілерінің көшірмелерін (болған жағдайда) беруге және түрлі-түсті фотосуреттерді ұсынуға міндетті. Осы орайда, нысанға жауапты техникалық қадағалаушы тапсырыс берушіге қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер кезеңі үшін есептерді және т.б. растайтын құжаттарды қолма-қол тапсырады. Бұл ретте, екі тараптан құжаттар тапсырған уақытта мудделер қақтығы орын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды. |
Тапсырыс беруші мен техникалық қадағалаушымен тікелей байланысты болдырмау және қағаз құжат айналымын қысқарту мақсатында техникалық қадағалаушы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық көрсетілген қызметтер туралы актісімен қоса растайтын құжаттарды (есептеме, фотосуреттер және т.б.) тіркей отырып жолдау.
|
|
|
Жұмыс тобы талдау барысында жанар-жағармай материалдарды сақталуын және объектіге рұқсатсыз кіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұйым жанар-жағармай материалдарды сақталуын қамтамасыз ету және олардың санын бақылау жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілуі |
Жанар-жағармай материалдарды сақтау қоймасының барлық аумағын айналып өтуге мүмкіндік беретін қосымша бейнебақылау камераларын, периметрі бойынша жарықтандыру аспаптарын орнатуды қамтамасыз ету. Қойма аумағының кіреберіс есігін жұмыс уақытынан тыс уақытта пломбалау мүмкіндігін қарастыру. Сақталатын жанар-жағармай материалдардың санын бақылауды қамтамасыз ету үшін қызмет басшысына жанар-жағармай материалдардың саны және оларды пайдалану жөніндегі есепті апта сайын ұсынуды міндеттеу. |
|
|
Қоғаммен 2022 жылғы 15 тамызда арнайы көлік қызметі жүргізушісінің лауазымдық нұсқаулығы бекітілген. Осы нұсқаулыққа сәйкес авиаотынды тасымалдау жанар-жағармай материалдардың қоймасының орналасқан жерінен (Қызылорда қаласы Белкөл станциясы) әуежайға дейін арнайы автокөлікке және жүру жолымен (25 км.) жүзеге асырылады. Бұл ретте, жанар-жағармай материалдарды жүргізушісінің оны одан әрі сату мақсатында көлік құралының отын багынан ағызу ықтималдығы жоққа шығарылмайды.
|
Ағымдағы орынды анықтау және белгіленген маршрут бойынша жүру мақсатында авиаотынды тасымалдайтын көлік құралын GPS-навигатормен жарақтандыру.
|