Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау: "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" КММ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

2025

Cыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Эпизоотия және ветеринариялық қауіпсіздік бөлімінің (басшысы немесе бас маманы)

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру.

 

Ветеринариялық препараттардың уақытылы бөлінбеу себебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталуы мүмкін

 

орташа

Бірдейлендіру бөлімінің (басшысы немесе бас маманы)

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру үшін дерекқорға қолжетімділік нүктелерін алу және жануарларды бірдейлендіру үшін аспалы құлақ сырғаларын мемлекеттік сатып алу және оларды ветеринариялық ұйымдарға жеткізу орындалмаса сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталуы мүмкін.

орташа


2024

Cыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Эпизоотия және ветеринариялық қауіпсіздік бөлімінің (басшысы немесе бас маманы)

«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы
30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қызметтік хат жолдау.

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10 бабы 1 тармағы 4-7) тармақшасында «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне берілген.

Бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларына тұрақты түрде диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, ауруға «оң» нәтиже берген ауру жануарлар қайта өңдеу кәсіпорындарына тасымалданып, санитарлық сойылуда.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысы аумағында кәсіпорындар ауру малды санитарлық сойып, қайта өңдеуге келіспеуде. Сондықтан, меморандумға сәйкес ауру болып анықталған жануарлар Түркістан облысына тасымалданып, санитарлық сойылып, қайта өңдеуге өткізілуде.

Мал иелеріне өтемақы бір килограмм еттің нарықтағы құнының 30% жергілікті бюджет, 70% қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді. Санитарлық союға өткізуші мен қабылдаушы арасында салмағын артық көрсету жағдайлары орын алуы мүмкін.

Сондықтан малдарды санитарлық союға өткізбей, ауру тіркелген орында қан шығармау әдісімен жоюды қолдану қажет. Мал иесіне өтемақы республикалық бюджеттен ҚР АШМ ВБжҚК "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РМК облыстық филиалы арқылы төленуі қажет.

 

орташа

 

«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы
30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қызметтік хат жолдау.

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10 бабы 1 тармағы 4-8) тармақшасында «Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру» облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне берілген.

Ауру малды тасымалдау бойынша манипуляциялық бағалар аудандық (қалалық) ветеринариялық станциялармен бекітіледі. Бұл орайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілуі мүмкін.

Сондықтан уақ малдарды санитарлық союға өткізбей, ауру тіркелген орында қан шығармау әдісімен жоюды қолдану қажет.

 

орташа

 

«Ветеринария туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қызметтік хат жолдау.

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10 бабы 1 тармағы 15) тармақшасында «Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету» облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне берілген.

Ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау, қан сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу бағасын (манипуляция) аудандық (қалалық) ветеринариялық станциялар бекітеді. Алайда әртүрлі бағада бекітіліп отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою үшін баға республикалық деңгейде бекітілуі қажет. 

орташа

Бірдейлендіру бөлімінің (басшысы немесе бас маманы)

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған құлақ сырғаларының тегін салынып, бірдейлендірудің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік желілерге жариялымдар салу.

 

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес басқарманың құзыретінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру көзделген. Осы бағытта жыл сайын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспары бекітіледі. Осыған сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру - «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін облыс бойынша 2024 жылға арналған қажеттілік бойынша құлақ сырғаларын уақытында жеткізіп, аудандарға таратып беруді ұйымдастыру жүргізіледі.

Қазіргі уақытта қажетті құлақ сырғалары барлық аудан бойынша жеткілікті көлемде. Яғни, артығымен жергілікті ветеринариялық ұйымдардың теңгерімінде тұр. Дегенмен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізуде жекелеген мал өсіруші тұлғаларға, шалғай елді мекендердегі шаруа қожалықтары мен фермерлерге құлақ сырғалары толық жеткізілмей қалуы мүмкін.

орташа

 

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері тарапынан малдарын бірдейлендіруден бас тарту жағдайлары орын алғанда ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне әкімшілік шара көру жөнінде хабарламалар ұсыну.

ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (АШЖБ) дерекқорына бұрын бірдейлендірілмеген ересек жануарларды енгізу үшін өткен жылдары ҚР АШМ рұқсатымен «Жасыл дәліз» бағдарламасы жүргізілетін.

Осыған байланысты ҚР АШМ 30.01.2015 ж. № 7-1/68 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына 30-1 тармақпен өзгерістер енгізілді. Қазіргі талапқа сәйкес бұрын бірдейлендірілмеген ересек ауыл шаруашылығы жануарларының шығу тегін анықтап, дерекқорға енгізу үшін комиссия құрылып, акт жасалады. Ол үшін бұрын бірдейлендірілмеген ересек жануарлардың иелерін анықтап, түсіндірме жұмыстары жүргізілуі қажет.   

Кей жағдайларда мал иелері ересек жануарларды бірдейлендіруден бас тартуы мүмкін. Бұндай жағдайда ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен әкімшілік шара көрілуі тиіс.

орташа

 

«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі тегін берілетіні жөнінде әлеуметтік желілерде жариялымдар беріп, қалалық, аудандық ветеринариялық ұйымдардың мамандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

 

 

«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР АШМ «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі»  веб-порталымен ауыл шаруашылығы жануарлары мен олардан алынатын тағам өнімдері мен шикізат өнімдерін тасымалдау үшін ветеринариялық анықтамалар рәсімделеді. Ветеринариялық анықтамаларды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Сол себепті жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде рәсімделеді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен, олардан алынатын өнімдерді сатумен айналысатын тұлғалар қашық, шалғай жерлерде болуына байланысты өтініштерді өзі ұсынбауы мүмкін. Туысына немесе танысына өтініш бергізуі мүмкін. Сол себепті мал иесінің жеке басын куәландыратын куәлікті салыстыру мақсатында қарап, өтініш қабылдануы тиіс.

 

 

Әкімшілік және қаржылық бөлімінің (басшысы немесе бас маманы)

Қызылорда облысы әкімі аппаратының өкілімен Қызылорда облысының ветеринария басқармасы қызметкерлеріне 2020 жылдың 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Басқарманың қызметкерлері тарапынан күнделікті қызметтерінде жеке және заңды тұлғалардын өтініштерін қарау, сондай-ақ тиісті әкімшілік рәсімін жүргізу барысында кез-келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу мақсатында

орташа


2023

Cыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Эпизоотия және ветеринариялық қауіпсіздік бөлімінің (басшысы немесе бас маманы)

Ветеринариялық препараттар мен қан алу жүйесінің толық көлемде уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ұсыныс хат жолдау.

Ветеринариялық препараттардың уақытылы бөлінбеуі, қан алу жүйесінің (вакутейнерлер) жетіспеуі жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуді үйлестіру барысында біршама қиыншылықтар туындатады.

орташа

 

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының  10 бабы 1 тармағы 4-3) тармақшасында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ұсыныс беру.

 

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10 бабы 1 тармағы 4-3) тармақшасында «Облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу» облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне берілген.

Бүгінгі таңда, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен осы функцияларды ветеринария басқармасынан алып, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жүктеу қажет. Себебі, ветеринария басқармасы тек ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастырумен айналысуы қажет.

орташа

 

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10 бабы 1 тармағы 11-5) тармақшасында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ұсыныс беру.

 

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10 бабы 1 тармағы
11-5) тармақшасында «Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру» облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне берілген.

Осы Заңның 1-бабының 45-1-тармағында эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі – эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат деп көрсетілген.

Ал, осы Заңның 18-бабының 1-1 тармағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актiлерiнде «эпизоотиялық зерттеу актісі» беріледі деп көрсетілген.

Тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен карантин (шектеу) белгіленіп және тоқтатылатындықтан, тиiстi аумақтардың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары эпизоотиялық зерттеу актісін жасауы қажет.

орташа

Бірдейлендіру бөлімінің (басшысы немесе бас маманы)

ҚР АШМ «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ЕАСУ)» веб-порталын жетілдіру бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ұсыныс беру.

«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР АШМ 21.05.2015 жылғы № 7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ҚР АШМ «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ЕАСУ)» веб-порталымен көрсетіледі. Жыл басында аталған АЖ-ға техникалық өзгерістер енгізілген болатын. Веб-портал (portal.minagri.gov.kz) ескі бағдарламалау тілімен жасалынғандықтан жаңа (vet.easu.kz) веб-портал іске қосылды. Алайда аталған жаңа веб-портал қазіргі таңда өзінің қызметін дұрыс атқармай тұр. Атап айтқанда, облыс бойынша берілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет түрінің санын білу, 3 нысан (1, 2 және 3-нысан) бойынша қанша анықтама берілгендігін анықтау қолжетімсіз. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептілік жүргізуге, нақты мәліметтер алуға кедергісін келтіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін.

орташа

 

ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі (АШЖБ) барлық ветеринариялық ұйымдарға қолжетімді болуы үшін барлық ауылдық округтерге интернет желісін жеткізу бойынша аудандық (қалалық) әкімдіктерге ұсыныс беру.

«Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі (АШЖБ) арқылы көрсетіледі. Бірдейлендірілген жануарлар туралы мәліметтер АШЖБ дерекқорына енгізілуі қажет. Ол үшін барлық ветеринариялық пункттер орналасқан ауылдық округтерде интернет желісі қолжетімді болуы қажет. Қазіргі таңда 135 ветеринариялық ұйым интернет жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал, 12 ветеринариялық ұйым интернет жүйесіне қосылмаған.

      Атап айтқанда, Арал ауданы бойынша 7 ветеринариялық пункттің (Мергенсай, Қосаман, Сазды, Қарақұм, Атанши, Құланды, Беларан ауылдық округтері) мамандары Арал аудандық ветеринариялық станциясында қызмет жасап отырса, Жалағаш ауданы бойынша 5 ветеринариялық пункт (Аққұм, Аққыр, Жаңаталап, Мырзабай, Жаңадария ауылдық округтері) Wi-Fi роутер құрылғысымен жұмыс жасауда. Бұл мәселе өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсетуде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет нәтижесін беруде кедергі келтіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін.

 

орташа

 

ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ұсыныс беру.

ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі (АШЖБ) арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын енгізгенде біршама кедергілер орын алады. Атап айтқанда:

         1) Енгізілген және қажетті мәліметті жүктеу мүмкіндігі өте төмен;

         2) Уақ малдарға арналған ветеринариялық іс-шаралар (диагностика, вакцинация) бірдей болғанымен есепті қорытындылау кезінде «қой және ешкі» деп бөліп жазылады. Бұл өз кезегінде жұмысты күрделендіруде;

         3) Мал иелерінің атаулары алфавит бойынша  тіркелмейді;

         4) Жануардың жынысын таңдау барысында (таңдау фильтрі жоқ) сырға нөмірін енгізіп отыру көп уақыт алады.

Сол себепті қателіктерге жол беріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін. 

 

Әкімшілік және қаржылық бөлімінің (басшысы немесе бас маманы)

Қызылорда облысы әкімі аппаратының өкілімен Қызылорда облысының ветеринария басқармасы қызметкерлеріне 2020 жылдың 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты

орташа

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы