
Өтебеков Оңдасын Нұрлыбекұлы 1991 жылы туған.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Металлургия», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Санкт-Петербург тау-кен университетінің «Металлургия» магистрі.
Еңбек жолын 2017 жылы «Москва-Алматы-Консалтинг» ЖШС-нің кеңесшісі ретінде бастаған.
2017-2018 жылдары «Қызылорда облысының мемлекеттік-жекеменшілік әріптестік орталығы» ЖШС-нің бас менеджері.
2018-2021 жылдары Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы.
2021-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің директоры.
2023-2026 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2026 жылдың 26 мамырынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.