Лого

Меню

Страницы

Статья

Кассадағы баға мен сөредегі баға әр түрлі болған жағдайда

Бөлшек сауда саласындағы ең көп таралған бұзушылықтардың бірі - сауда залындағы баға белгісінде көрсетілген тауар құнының кассада төлеуге ұсынылатын бағаға сәйкес келмеу жағдайлары.

Сауда объектісінің әкімшілігі бұл алшақтықтарды көбінесе техникалық себептермен: тауарды қайта бағалаумен, қысқа мерзімді акциялардың аяқталуымен немесе адами фактормен («баға белгісін ауыстырып үлгермедік») негіздейді.

Заңдық тұрғыдан алғанда, тауарды дүкен сөрелеріне нақты бағасын көрсете отырып орналастыру жария оферта (ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабы) деп танылады. Бұл сатушы кез келген азаматпен қатаң көрсетілген шарттарда сатып алу-сату шартын жасасуға дайын екендігін мәлімдейтінін білдіреді.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабының 12-тармағына сәйкес, тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.

Бағалардың алшақтығы фактісі анықталған жағдайда, тұтынушы тауарды сауда залындағы баға белгісінде көрсетілген құны бойынша сатуды талап етуге заңды құқығы бар.

Бұзушылық фактісін баға белгісі мен чекті фотоға түсіру, сондай-ақ Пікірлер мен ұсыныстар кітабына жазба енгізу арқылы тіркеу ұсынылады.

Мұндай жағдайларда азаматтар құқықтық көмек алу және өздерінің заңды мүдделерін қорғау үшін төмендегі мекен-жайға жүгіне алады: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны 8(7242)71-15-30, сондай-ақ «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіндегі eGov.kz мемлекеттік порталы арқылы ресми түрде өтініш жолдай алады.

Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
29 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
№3,4,10 округ сайлау комиссияларының комиссиядағы міндеттерін орындауын уақытша тоқтата тұрған мүшелерін орнына уақытша тағайындау туралы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ақпарат
23 августа 2026
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА УЧАСКЕЛЕРДІҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы