Лого

Меню

Страницы

Статья

Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы

2025 жылдың 01 наурыздағы мәлімет бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1 940,4  млн.теңгені (104,0%) құрады. Оның ішінде егін шаруашылығы 10,8 млн.теңге, мал шаруашылығы 1 915,7 млн.теңгені құрап отыр.

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда егін шаруашылығы
100,0 %-ға, мал шаруашылығы 104,1 %-ға орындалып отыр.

Мал шаруашылығы

2025 жылдың 01 наурыздағы статистикалық мәлімет бойынша,
66 156 бас мүйізді ірі қара, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда
114,9  пайызды құрап отыр, 233 510 бас қой (94,2 пайыз), 6 442 ешкі
(97,4 пайыз), 27 165 бас жылқы (105,0 пайыз), 1 817 бас түйе (111,2 пайызға өскен),  20 060 бас құс (100,9  пайыз).

Өндірілген мал өнімдерінің көлемі 2025 жылдың 01 наурыздағы ет (тірі  салмақ)  976,8 тн, сауылған сиыр сүті 1 226,3 тн, алынған тауық жұмыртқа
164,9 мың дана өндірілді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ет
104,7, сүт  106,6,  жұмыртқа 99,7 пайызға орындалды.

 

 

Жаңақорған ауданының жер қатынастары саласы бойынша 2025 жылдың
I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

  1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту»
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  3. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
  5. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»
  6. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»
  7. «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»
  8. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
  9. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
  10. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
  11. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
  12. «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы»

2025 жылдың 3 айының қорытндысы бойынша 12 қызмет бойынша барлығы 775 өтініштер тіркеліп, Заң талаптарына сәйкес тиісті жауаптар берілді.

         Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсаты және елді мекен жерлері бойынша – 122 жер учаскесін жалға алу және 37 уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттары жасалса, сатып алу-сату бойынша 5 млн 560 мың теңгені құрайтын
26 шарт жасалып, аудандық бюджетке түсімдер уақытылы түсірілуде.

         Жер учаскелерін игеру бойынша:

Жыл басынан бері пайдалану мерзімі аяқталған ауыл шаруашылығы мақсатында көлемі 2732,0 гектар болатын 13 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатында көлемі 5045,0 гектар болатын 18 жер учаскесі бойынша мал басы тіркелмегендігі анықталып,  облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, жер пайдаланушыларға бір жылға жер учаскесін игеру жөнінде нұсқама берілді.

Жаңақорған кенті бойынша кәсіпкерлік бағытта пайдаланылмай отырған
22 жер учаскесі облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, меншік иелеріне бір жылға жер учаскесін игеру жөнінде нұсқама берілді.

Сонымен қатар, жер учаскесін өз бетінше иеленген 6 тұлға бойынша ақпарат облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, меншік иелеріне айыппұлдар салынды.

Жер кезегі бойынша:

Жаңақорған ауданында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегі Жаңақорған кентінде қалыптасқан және қазіргі таңда 11 600 адам кезекке тіркеліп тұр.

Дата публикации
08 апреля 2025
Дата обновления
08 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
№3,4,10 округ сайлау комиссияларының комиссиядағы міндеттерін орындауын уақытша тоқтата тұрған мүшелерін орнына уақытша тағайындау туралы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ақпарат
23 августа 2026
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА УЧАСКЕЛЕРДІҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы