Лого

Меню

Страницы

Статья

Жаңақорған ауданында 2025 жылдың 1 сәуіріне кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

  2025 жылдың 1 наурызына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6439, оның 389 заңды тұлғалар, 2203 шаруа қожалықтары, 3847 жеке кәсіпкерлер. Ондағы белсенді субъектілер саны 6237 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 96,8 пайыз. болып отыр. Жұмыспен қамтылған адамдар саны 01.10.2024ж 8952 адамға жетіп, 76538 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстыру бойынша  кәсіпкерліктің сандық және сапалық даму деңгейі келесідей көрсеткіштермен сипатталады:

№

Көрсеткіштер

2024 ж

 

2025ж

 

2025ж 2024ж салыстырғанда %

1

Кәсіпкерлік нысандарының саны, бірлік

6725

6439

          95,7

2

шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны, бірлік

6523

6237

95,6

3

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам (1.10.2024ж)

9686

8952

92,4

4

Шығарылған өнім және көрсетілген қызмет, млн теңге(1.10.2024ж)

54908

76538

129,3

2024  жылдың 1 сәуіріне өңірде   596 сауда  мен  қызмет  обьектілері  жұмыс  істейді, олардың  ішінде 11 сауда үйлері, 380  азық-түлік және азық-түлік  емес  сауда  дүкендері, 146 тұрмыстық қызмет көрсету  және 59 қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс  істейді.

2024  жылдың 1 наурызына бөлшек сауда айналымы 1285,7 млн теңге болып,  өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда индекс өсімі 100,1 пайызды құрап отыр.    

Ауданда кәсіпкерлік саласын дамытуда атқарылған жұмыстар,  жеткен жетістіктер мен қатар атқарылар жұмыстар өте көп. Осыған орай «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында іске асырылатын жаңа жобаларды қолдау, жаңа жұ-мыс орындарын ашу арқылы халықтың әл-аухатын жақсарту, салықтық базаны көбейту,  және басқа да кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске  асыру, кәсіпкерлікті  қолдау  инфрақұрылымдарын  дамыту  жұмыстары халықтың кәсіп-керлікпен айналысуына одан әрі жағдай жасай беру  басты  бағытымыз  бола береді. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде  

Несие алғандар:

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 480,3 млн. теңге болатын 3-жоба несиелермен қаржыландырылды.

Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы құны 47.2 млн теңгені құрайтын 5 жоба несиелермен қаржыландырылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Байқоңыр» ӘКК АҚ қаржы ұйымы арқылы 11 млн. теңге болатын 2-жоба несиелерін алды.

Аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 10 жобаға      538.5 млн теңгенің несиелері алынды.

 

Өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

 

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2025 жылдың 1 наурызына 33 553 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 100 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 2025 жылдың 1 наурызына 21 738 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 89,3 пайызды құрады.

Ауданымыз табиғи қазба байлықтары  уран, әктас және полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленеді. Ауданда өнеркәсіп саласы бойынша 4 ірі, 1 орта, 17 шағын заңды тұлғалар жұмыс жасайды.  Оның ішінде 1 мекеме полиметалл кенін, 3-і  уран өнімдерін өндірумен, 1 күкірт қышқылын өндірумен, 14-і құрылыс заттарын шығарумен, 3-і тамақ өнімдерін өндірумен айналысады.  Бұдан басқа ауданда  өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 23 жеке кәсіпкерлік субъектілері бар. Оның 8-і тамақ өнімдерін, 12 құрылыс заттарын, 3-і жихаз шығарумен тұрақты жұмыс жасауда.

 

Құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарының өндірісі

 

Аудандағы құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар  әртүрлі фракциялы қиыршықтас, құмды тас қоспасы, доломит, әк т.б құрылысқа қажетті заттарды шығарумен айналысады.

Қазіргі уақытта ауданда құрылыс материалдарын мыналар шығарады:

әртүрлі фракциялы қиыршықтас өнімдерін шығаруда «Shalkiya Dolomite Operating» ЖШС, «УАД» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «Шалкия тас» ЖШС, «Сарман Тастақ Жаңақорған» ЖШС, әк өнімдерін шығаруда «Орда Строй Март» ЖШС, «Куат Әк» ЖШС т.б Соңғы  жылдары қабырғалық құрылыс материалдарын щығару жылдам қарқын алды. Бұл күндері Жаңақорған кентінің өзінде 20- дан астам шағын цехтар жұмыс істеуде.

 

Индустриалды - инновациялық    даму

Индустриалды – инновациялық даму мақсатында қомақты инвестициялар салып, аудан  экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып  отырған «Казатомпром» АҚ-на қарайтын уран өндірісімен айналысатын Қызылқұм ЖШС-гі, Байкен-U ЖШС-гі, жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін СКЗ-U ЖШС-гі, қорғасын-мырыш кенін өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, қиыршық тас өндіретін «Shalkiya Dolomite Operating» ЖШС-гі, «УАД» ЖШС-гі, «Сарман Тастақ Жаңақорған» ЖШС-гі, «Премиум Класс-Строй» ЖШС-гі әк өндіретін «ОСТ» ЖШС-гі, «Қуат Әк» ЖШС-і компаниялары. Бұл компаниялар заман талабына сай жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану арқасында зор табыстар әкеліп отыр. Жалпы  ауданның  дамуында  негізгі  күш   жоғары  қосымша  құны  бар  жоғары  технологиялық  өндірістерді  құру  арқылы  ауданның  минералды  ресурстарды  игеру  базасында  өңдеуші  өндірістерді  көтеруге  салынады.

Алдағы жылдары, ауданда  бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда.

  1. «Caspian Services Asia» ЖШС-нің Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізіндегі «В» санатты жол бойындағы қызмет көрсету кешені. Жоба бойынша қонақ үйі, қоғамдық тамақтандыру орны, жанар-жағар май бекеті, монша, жолаушыларға қызмет көрсету (автовокзал) бекеті салынады. Жоба құны 1 млрд теңге. Ашылатын жұмыс орны 20. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстарының 70% іске асырылды.
  2. «Шалкия тас» ЖШС-і 2025 жылы темір-бетон зауытын іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба құны 700 млн. теңге. Ашылатын жұмыс орны 20.
  3. «Caspian Services Asia» ЖШС-і 2025-2026 жылдары 1 гектар жерге жылыжай салуды жоспарлап отыр. Жоба құны 700 млн. теңге. Ашылатын жұмыс орны 15.
  4. «Qaratau Fruits» шаруа қожалығы Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің бойынан 2025 жылы 3 400 тонна жеміс-жидек, 1 600 тонна көкөніс, жалпы 5 000 тонна дайын өнім сақтау қоймасын салу жоспарлануда. Жобаның жылдық қуаттылығы –2 500 тонна. Жоба құны 3,2 млрд теңге. Ашылатын жұмыс орны 20.
  5. «Комхоз Жаңақорған» ЖШС Жаңақорған ауданында «Қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, сұрыптау және өңдеу (плиткалар, ПЭТ брусчаткалар шығару), құрылыс және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату цехын кеңейту» жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл жоба ПЭТ-тен плитка мен брусчатка шығаруды қарастырады.Жобаның бастамашысы мемлекеттік қолдау нысанында жер телімін алу арқылы кәсіпорынды кеңейтіп, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша автоматтандырылған кешен құруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда кәсіпорында 5 адам тұрақты жұмыс істейді, бұл жоба іске қосылғаннан кейін 15 жаңа жұмыс орны ашылады, барлығы 20 адам. Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы несие алу үшін құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 160 млн. теңге.
  6. «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ң Шалқия полиметалл кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы бойынша қазіргі таңда жерасты кенішінің құрылысы жүріп жатыр. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша жеңілдетілген кезеңді тиімді пайдалану, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық міндеттемелерін орындау мақсатында «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2025 жылдан бастап өңдеу фабрикасын салу және кен өндіруді қамтамасыз ету тапсырылды.

7.«Майнинг Консалт Ко» ЖШС-нің полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салу жобасы. Жылдық қуаты 1200 мың тонна кен өндіру. Ашылатын жұмыс орны 1216 адам. Жобаның жалпы құны 53,4 млрд теңге. Бүгінгі таңда геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның басталу уақыты 2028 жыл.

 

2025 жылдың 1 наурызына негізгі капиталға салынған инвестиция 7 425 млн. теңге болып өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 164,3% орындалып отыр.

 

Дата публикации
08 апреля 2025
Дата обновления
08 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
№3,4,10 округ сайлау комиссияларының комиссиядағы міндеттерін орындауын уақытша тоқтата тұрған мүшелерін орнына уақытша тағайындау туралы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ақпарат
23 августа 2026
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА УЧАСКЕЛЕРДІҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы