«Жаңақорған ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 298 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Жаңақорған ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 298 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1) «Жаңақорған ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 298 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8574-11 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасымен айқындалған Жаңақорған ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінде:

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы                    28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үй көмегі мынадай нормалар шегінде есептеледі:

1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормасы пәтерде - бір адамға айына он бес текше метр;

табиғи газ жылу беру маусымына (әр айға) – бір шаршы метрге он бес текше метр;

2) электр қуатын тұтыну нормалары 1 айға:

1 адамға -70 киловатт;

2 адамға -140 киловатт;

3 және одан көп адамға -210 киловатт;

3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

 бір адамға айына төрт текше метрден аспайтын суық су;

 бір адамға айына екі текше метрден аспайтын ыстық су;

4) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) - бір адамға айына алты жүз жүз елу теңге;

5) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері - бір абонент үшін бір мың үш жүз тоқсан тоғыз теңге айына;

6) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге шығыстар - бір шаршы метр үшін алпыс теңге айына;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы - бір шаршы метр үшін бір жүз жиырма теңге айына;

8) бір адамға арналған шаршы нормасы - он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ нақты алынатын алаңнан аспайды, жалғыз тұратын адам үшін - отыз шаршы метр;

9) отын тұтыну (көмір) жылу беру маусымына - айына 1 тонна;

10) газ тұтыну нормалары 1 айға:

4 адамға дейін - 27 литр;

4 және одан да көп адамға - 50 литр.

Коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.

Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.».

2) Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қызылорда облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Дата публикации
18 февраля 2026