«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес, 2025 жылғы 19 мамырдағы шешімімен 2025 жылғы 18 мамырда сайланған Жаманбай батыр ауылдық округінің әкіміне Абдуллаев Әлібек Асанбайұлын, Келінтөбе ауылдық округінің әкіміне Калдыбаев Канат Турдалиевичты, Кейден ауылдық округінің әкіміне Кенжебай Сырлыбек Жоламанұлын, Байкенже ауылдық округінің әкіміне Оспанов Нургали Алайдарулы, Талап ауылдық округінің әкіміне Алимахамадұлы Нұрсұлтанды, Қожакент ауылдық округінің әкіміне Жиенхожаев Елеусиз Асетовичты тіркеді.