«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының және 2-тармағының негізінде Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №АСК-168 қаулысымен өкілеттік мерзімдері аяқталатын Манап, Қожамберді, Көктөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 1 маусымға тағайындалды.
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №АСК-168 қаулысымен бекітілген Манап, Қожамберді, Көктөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, аталған ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 24 сәуірден басталады және 6 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 11 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:
120300, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі №110, «Жаңақорған қызмет» КММ-нің теңгеріміндегі ғимараты, 2-қабат, тел/факс. 8 (72435) 21-3-47, электронды пошта tic_kzl_zhn@saylau.kz
Жаңақорған ауданық сайлау комиссиясының құрамы:
|
Ильясов Өмірбек Жұмабекұлы |
төраға |
|
Садыков Сардармухамедуали |
төрағаның орынбасары |
|
Доспанбетов Баянбай Нақышбекұлы |
комиссия хатшысы |
|
Оспанов Меирхан Мұхтарұлы |
комиссия мүшесі |
|
Оразгелдиев Әшірәлі Қойшыбайұлы |
комиссия мүшесі |
|
Шаханова Айнагүл Керімбекызы |
комиссия мүшесі |
|
Әнуарбек Бағлан Асқарұлы |
комиссия мүшесі
|
Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты:
09:00-13:00, 15.00:19.00, түскі үзіліс 13:00-15:00.