«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес және 113-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары және 2, 3-тармақтары негізінде Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі №АСК-144 қаулысымен өкілеттік мерзімдері аяқталатын Жаманбай батыр, Келінтөбе, Кейден, Байкенже, Қожакент, өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Талап ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалды.