Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ибрагим Рүстем Рәбілұлымен жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге семинар ұйымдастырылды.
Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным мен мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату және мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және Мемлекеттік қызметі туралы заңнамасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшіге қатысты талаптар мен шектелерді қатаң сақтау керек екенін ескертті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 3-тарауының 6-тармағының 10) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну қажеттігі айтылды.
Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның
12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында «Ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды» делінген.
Осылайша, заңнаманың талаптары бүгінгі таңда барынша күшейгенін және құмар ойын мекемелеріне бару тәртіптік жауаптылықты көздейтін болса, құмар ойынына қатысу қызметтен босатуға алып келетінін түсіндірілді.