Жаңақорған ауданы бойынша жыл басындағы ақшалай қаражаттар барлығы 293367,9 мың теңгені құрады, оның ішінде:
ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-да 0,0 мың теңге;
ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да 51640,7 мың теңге;
жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-да 0,0 мың теңге;
жергілікті бюджеттердің ҚБШ-да 241727,2 мың теңге;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары бойынша 0 мың теңге.
Есепті кезеңнің аяғында барлығы 1014716,2 мың теңге сальдо қалыптасты, оның ішінде:
ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-да 0,0 мың теңге;
ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да 9587,9 мың теңге (жыл басындағы 51640,7 мың теңгеге, есепті қаржы жылында 21070,0 мың теңге түсіріліп, 63122,8 мың теңге аударылды);
жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-да 0,0 мың;
қайырымдылық көмек ҚБШ-да 0,0 мың теңге (есепті қаржы жылында 0,0 мың теңге түсіріліп, 0,0 мың теңге жұмсалды);
жергілікті бюджеттердің ҚБШ-да 1005128,3 мың теңге.
Есепті кезеңнің басында және аяғында қаржылық инвестициялары жоқ және есепті қаржы жылының 12 айында олар бойынша түсімі және шығысы орын алмаған.
Аудан бойынша жыл басына барлығы 0,0 мың теңге дебиторлық берешектер құралған. Ал есепті кезеңнің аяғында, яғни 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 0,0 мың теңге дебиторлық берешектер құралған.
Қорлардың сатып алу құны бойынша есепті кезеңнің аяғындағы сальдосы жыл басындағы сальдомен салыстырғанда 72966,4 мың теңгеге азайған. Себебі есепті қаржы жылында сатып алу құны бойынша 87999,3 мың теңге (оның ішінде бюджет бойынша қаржыландыру есебінен 86957,4 мың теңге оның ішінде 140 подкласс бойынша қаржыландыру 83463,2 мың теңге, оның ішінде 0,0 мың теңгесі баспасөз құралдарына жазылудың қаржысы, 150 подкласс бойынша қаржыландырудан 942,3 мың теңге, 160 подкласс бойынша қаржыландыру 2551,9 мың теңге, қалғаны 1041,9 мың теңгесі қайтарымсыз алынған қорлар) түсім және 160965,7 мың теңге (оның 169,1 мың теңгесі қайтарымсыз негізде берілген, қалған 160796,0 мың теңге мемлекеттік мекеменің мұқтаждығына жұмсалған) есептен шығару орын алған. Жыл аяғына сальдосы 36927,5 мың теңге.
Есепті кезеңнің басында өзге қысқа мерзімді активтер 652,1 мың теңге және есепті қаржы жылының аяғында 0,0 мың теңгені құрап отыр, барлығы баспа құралдары үшін төленген қаржыдан қалыптасқан.
Есепті кезеңнің басында ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары бойынша қалдық 2235343,3 мың теңге және есепті қаржы жылының ішінде олар бойынша түсім 160754,0 мың теңгені құраған, оның барлығы 2023 жылы республикалық бюджеттен бөлінген кредит қаржысы есебінен, ал шығулар бойынша 246844,2 мың теңге оның ішінде 30874,0 мың теңге аудандық меншіктен республиклық меншікке яғни «Қазсушар» РМК «Арал» СЖКБД филиалына облыс әкімінің 10.04.2018 жылғы №1089 қаулысына сәйкес «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мен «Қазсушар» РМК «Арал» СЖКБД филиалы директоры арасында екіжақты алыс-беріс актісімен қайтарымсыз негізде мүліктер берілген. Алайда «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» жауапты мамандары тарапынан осы есепті айға дейін шоғырландырылған қаржылық есептілікке құжаттары мүлде ұсынылмағандықтан, осы есепті мерзімде шығарылып отыр. Қалдық 2149253,1 мың теңге.
Есепті кезеңнің басында ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша қалдық 0,0 мың теңгені құраған, жыл соңындағы қалдық бойынша да 0,0 мың теңгені құрап отыр.
Негізгі құралдардың бастапқы құны бойынша есепті кезеңнің аяғындағы сальдосы жыл басындағы сальдомен салыстырғанда 3774730,2 мың теңгеге көбейген. Себебі есепті қаржы жылында бастапқы құны бойынша 8592134,7 мың теңге (оның ішінде бюджет бойынша қаржыландыру есебінен 5102019,2 мың теңге, оның негізгі капиталды сатып алу категориясы бойынша қаржыландыруы 60487,6 мың теңге, басқада негізгі құралдарды сатып алудан 1347,0 мың теңге, 159 ерекшелік бойынша кіріске алынған негізгі құралдары 1527899,1 мың теңге, 149-ерекшелік бойынша 6772,1 мың теңге, 412 ерекшеліктен 528000,0 мың теңге және 431-ерекшеліктерден 2977513,4 мың теңге, 1562374,0 мың теңге өткен кезеңдердің аяқталмаған құрылыстардан кіріске алынған), қалған 119008,6 мың теңгесі өтеусіз берілгендер есебінен оның ішінде, мемлекеттік органдардан 91303,4 мың теңге, басқа ұйымдардан 27705,2 мың теңге түсім. Ал түсімдер бойынша қалған 1808732,9 мың теңге шоғырландырылған есептегі мемлекеттік мекемелердің есептері арасындағы алшақтықтарға бір көрсеткіштерден екінші көрсеткіштерге ішінара дүзетулер жүргізуден (2310-1685530,9 мың теңге, 2330-37230,1 мың теңге, 2360-10672,0 мың теңге, 2370-75299,9 мың теңге) және 6430823,1 мың теңгенің есептен шығуы оның ішінде 30969,9 мың теңге мемлекеттік мекемелерден есептен шығарылғандары, 91510,9 мың теңге қайтарымсыз негізде есептен шығарылған (ЖКХ үйлер, обл собес, мемлекеттік сатып алу мен насостар) және 6308342,3 мың теңге шоғырландыру барысында қалыптасқан айырмашылықтарды қалпына келтіруге дүзетулер жүргізуден орын алған (2320-1180580,5 мың теңге, 2330-4619573,4 мың теңге, 2340-157196,8 мың теңге, 2350-221558,0 мың теңге және 2380-129264,5 мың теңге).
Аяқталмаған құрылыстардың есепті кезеңнің аяғындағы сальдосы жыл басындағы сальдомен салыстырғанда 1516020,1 мың теңгеге көбейген, яғни жыл басындағы 3042814,5 мың теңге қалдыққа, жыл ішінде 3040313,0 мың теге бюджеттен және облыстық энергетика басқармасынан 3529,2 мың теңге, Сарытөбе ЖШС 34551,9 мың теңгеге қайтарымсыз смета алынған барлығы 38081,1 мың теңге аяқталмаған құрылысқа кірістелегн.
Ал аяқталмаған құрылыстардан 1562374,0 мың теңге құрылыстардың аяқталуынан негізгі құралдарға кіріс жасалып, жыл аяғында 4600642,0 мың теңгені құрады.
Есепті кезеңнің басында және аяғында инвестициялық жылжымайтын мүлік жоқ және есепті қаржы жылында олар бойынша түсімі және шығысы орын алмаған.
«Биологиялық активтер»
Биологиялық активтер бойынша жыл басындағы қалдық 1827,5 мың теңге, жыл ішінде 434,2 мың теңге шығысталып, 104,8 мың теңге амортизация жинақталып, есепті кезеңнің аяғындағы бастапқы құны бойынша сальдосы 1288,5 мың теңге.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны бойынша есепті кезеңнің аяғындағы сальдосы жыл басындағы сальдомен салыстырғанда 83255,5 мың теңгеге көбейген. Себебі есепті қаржы жылында бастапқы құны бойынша түсімдер 93228,3 мың теңге бюджет бойынша қаржыландыру есебінен кіріске алынған (360 мың теңге 159-ерекшеліктен бағдарламалар, 93868,3 мың теңге 159-ерекшеліктен сызба құжаттар алынған) және 6652,7 мың теңгенің материалдық емес активтер шығысталған, жинақталған амортизациясы 8900,5 мың теңге.
Есепті кезеңнің басында және аяғында концессиялық активтер бойынша ақпарат жоқ орын алмаған.
Есепті кезеңнің басында және аяғында өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері бойынша жыл көлемінде түсімі және шығысы орын алмаған.
Аудан бойынша жыл басына ұзақ мерзімді бюджет алдындағы берешек сомасы 3399544,1 мың теңге болса, есепті қаржы жылының ішінде олар бойынша түсім 171104,0 мың теңгені құраған (оның барлығы 2023 жылы республикалық бюджеттен бөлінген кредит қаржысы), ал шығулар бойынша 277257,2 мың теңге, есепті кезеннің аяғына 3293390,9 мың теңге қалдық қалыптасқан.
Есепті кезеңнің ішінде барлығы 253652,3 мың теңгенің өзге кірістері есепке алыңған. Оның ішінде ұзақ мерзімді активтерді есептен шығару 120133,2 мың теңге негізгі капиталдарды сатудан (мемлекеттік мекемелерге тиісті мүліктерді сатудан 19028,8 мың теңге және жер мен материалдықемес активтерді сатудан 101077,3 мыі теіге). Басқа мемлекеттік органдардан өтеусіз қабылданған 134561,0 мың теңге (оның ішінде негізгі құралдар 73168,4 мың теңге, аяқталмаған құрылыстар 3529,2 мың теңге, қорлардан 1041,9 мың теңге) және басқа ұйымдардан 56821,5 мың теңге (оның ішінде негізгі құралдар 22269,6 мың теңге, аяқталмаған құрылыстар 34551,9 мың теңге).
Есепті кезеңнің ішінде 156937,4 мың теңгенің ұзақ метзімді активтердің өзге шығыстары есептен шығарылған. Оның ішінде 10774,5 мың теңге басқа мемлекеттік органдарға, 80736,4 мың теңге басқа ұйымдар мен жеке тұлғаларға өтеусіз берілген, 65257,4 мың теңге резервтер құрудан, 169,1 мың теңге өтеусіз берілген қорлар, өзге шығарулар орын алмаған.
Есепті кезеңнің ішінде бастапқы құны 91680,0 мың теңгенің (бастапқы құны 90680,0 мың теңге, жинақталған аммортизация 16411,0 мың теңге, қалдық құны 75269,0 мың теңге)
«Түсетін түсімдер бойынша кірістер»
Басқа салықтық түсімдер бойынша есептелген салықтық түсімдер 7506147,9 мың теңге.
Бюджетке түсетін түсімдер бойынша басқа түрлері 248725,6 мың теңге.
Есепті қаржы жылының қорытындысымен барлығы 19756854,4 мың теңге кірістер қалыптасты, атап айтқанда 7506147,9 мың теңге бюджетке түсетін салықтық кірістерден, 3749,0 мың теңгесі айыппұлдардан, өсімпұлдардан және санкциялардан алынатын кірістерден, 350498,2 мың теңгесі басқа салықтық емес түсімдерден, 11896459,3 мың теңгесі бюджетке трансферттердің түсуінен түсетін кірістер және 134561,0 мың теңгенің өзге кірістері.
Ал шығыстар барлығы 13412933,8 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік мекеменің шығыстары 10196525,6 мың теңге, бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар 2731271,9 мың теңге, өзге шығыстар 172144,7 мың теңге.
Ұзақ мерзімді активтердің есептен шығуы 28622,3 мың теңге. Сонымен есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі 6511423,8 мың теңгені құрады.
«Дебиторлық және кредиторлық берешектер»
2024 жылдың 1-қаңтарына тапсырылған жылдық есеп бойынша «Дебиторлық берешектер» барлығы 14013,2 мыңтңге дебиторлық берешектер қалыптасты. Атап көрсеткенде;
2023 жылға қалыптасқан 14013,2 мың теңге дебиторлық қарыздардың 55,9 мың теңгесі Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі КММ-нен (оның ішінде, 10,6 мың теңге светтен, 19,8 мың теңгесі газбен жылытуға, 25,5 мың теңге байланыс қызметінен, 54,7 мың теңге отбасын қолдау мекемесінің байланыс қызметінен), 17,2 мың теңге Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі КММ-нен (12,4 мың теңгесі светтен, 4,8 мың теңге байланыс қызметінен), 13,8 мың теңге Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі КММ-нен (13,8 мың теңге байланыс қызметінен), 495,9 мың теңге Жаңақорған ауданының әкімі аппраты КММ-нен (оның ішінде, 231,4 мың теңге светтен, 44,7 мың теңге газбен жылытудан, 93,7 мың теңге судан, 126,1 мың теңге байланыс қызметінен), 9076,6 мың теңге Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі КММ-нен (9069,9 мың теңге құрылыс жұмыстарына алдын ала аванстық төлемнен, 6,7 мың теңге байланыс қызметінен, 2,7 мың теңге Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі КММ-нен байланыс қызметінен және 2134,9 мың теңге аудандық ауыл шаруашылығы ме жер қатынастары бөлімі КММ-нен айлық жалақыдан артық төлегеннен, 137,8 мың теңге оның 41,9 мың теңгесі светтен және 95,9 мың теңгесі телекомға және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінен 2022,8 мың теңге оның ішінде 151-ерекшеліктен 115,2 мың теңге, 152-ерекшеліктен 226,0 мың теңге, 159-ерекшеліктен 1681,6 мың теңге қалыптасқан.
2024 жылдың 1-қаңтарына тапсырылған жылдық есеп бойынша «Кредиторлық берешектер» барлығы 1477,3 мыңтңге кредиторлық берешектер қалыптасты. Атап көрсеткенде;
Жыл ішінде қалыптасқан 1477,3 мың теңге кредиторлық қарыздың 64,4 мың теңгесі аудан әкімі аппаратынан 5 пайыздық төлем Қосүйеікң бөгетінен құжаттар сараптамадан өтіп бітпегеннен, 57,7 мың теңге Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі КММ-нен казпочтаға қаржылық қызметтен және 9,3 мың теңге Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі КММ-не қарасты А.Сопыбеков атындағы кітапханадан ғимаратты жылытуға газден, 15,5 мың теңге экономика және қаржы бөлімінен ақпараттық есепту орталығына орындалу актісін кеш ұсынғаннан және 403,9 мың теңге Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі КММ-нен орындалу актісін кеш ұсынғаннан қалыптасқан. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінен 926,5 мың теңге оның ішінде 152-ерекшеліктен 63,8 мың теңге, 159-ерекшеліктен 708,7 мың теңге және 161-ерекшеліктен 154,0 мың теңге қалыптасқан.
2024 жылдың жыл басына салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек 16544,6 мың теңгені құраған, есепті айдың аяғына 303295,6 мың теңге. Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұсынған 1-СО мәліметінде 17391,1 мың теңгесі анықталмаған түсімдер. Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек 2023 жылдың жыл басына 1077312,1 мың теңгені құраса, жыл аяғына 949449,7 мың теңгені құрап отыр. Жаңақорған ауданы бойынша кірістер департаментінің ұсынған мәліметі бойынша жыл басындағы дебиторлық және кредиторлық қарыздар өзгеріп кетуіне байланысты 136,8 мың теңгеге түзету енгізілді.
Сондай ақ, есепті кезеңге арналған шоғырландырылған бухгалтерлік баланстың (ҚЕ-1 нысаны) 023 пен 224 жол кодтары Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұсынған 1-СО мәліметтерімен 38,0 мың теңгеге сәйкес келмейді, себебі мемлекеттік кірістер басқармасының ұсынған 1-СО мәліметінде М.Нәлібаев -8,8 мыңге, Көктөбе -24,0 мың теңге және Қосүйеңкі -5,2 мың теңге ге теріс мәнмен шыққандықтан 023-жолдан 224 жолға жатқызылды.