2024 жылғы 24 қарашада Жаңақорған ауданының Ақүйік ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1394 адам енгізілді.
Дауыс беруге 821 сайлаушы қатысты.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 27 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 18.
Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 5 адам ұсынылып, 3-і сайлау бюллетеніне енгізілді.
Дауыс беру қорытындысына сәйкес, Ақүйік сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 821 адамның кандидат Мұсаев Әскер Мырзанұлына сайлаушылардың 758 дауысы, Тұңғышбаев Нұрлан Дайрабайұлына 21 дауыс, Шоқыбаева Эльмира Жалғасқызына - 15 дауыс берілді.
«Барлығына қарсы» белгісін таңдаған азаматтар саны-9.
Дауыс беру қорытындысымен Ақүйік ауылдық округінің әкімі болып Мұсаев Әскер Мырзанұлы сайланды.
Әскер Мырзанұлы 1973 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Келінтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Бірлік ауылында тұрады. Өзі-өзін ұсынған.
©Жаңақорған ауданының аумақтық сайлау комиссиясы