2020 жылдың 9 айында Жаңақорған ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімімен біріңғай ұйымдастырушы ретінде 31 сатып алу, арнаулы тәртіп қолданылған конкурс ретінде 60 сатып алу, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу ретінде 102 сатып алу барлығы 192 сатып алу 1 745 950 842,00 теңгеге сатып алу жүргізілді.Үнемделген қаржы 333 104 436,32 теңге. Оның ішінде
Ағымдағы жылдың 9 айында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінен 40 хабарлама түсіп, 3 конкурсқа хабарлама нәтижесінде өзгеріс беріліп қайта жарияланып, 1 конкурс құжаттамасы өзгертіліп қайта жарияланды. Арыз-шағым негізінде 36 конкурсқа хабарлама түсіп, 31 сатып алу нәтижелері қайта қаралып, 5 конкурс шағымы негізсіз болып табылды.
Жаңақорған ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінде құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын - алу және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты 2020 жылдың 06 ақпанында мекеме басшысының бекітуімен іс - шаралар жоспары жасалды. Іс - шара жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.
Жоспарға сәйкес, 2020 жылдың тоқсанына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы тақырыбында құқықтық оқытулар өткізілді. Оқытуға мекеме қызметкерлері толығымен қатысты.
Аталған іс-шара жосапының II тармағына сәйкес, бөлімнің барлық мемлекеттік қызметшілері табысы мен мүлкі туралы декларацияларын түгелімен белгіленген шекті мерзімінен бұрын тапсырылды.
Жоспардың ІІІ тармағына сәйкес 2020 жыл 9 айында 1арыз шағым, 4 адам бөлім басшысының жеке қабылдауында болып, олардың өтініш-сауалдарына заңға сәйкес қанағаттандырылды. Жеке және заңды тұлғалар арыз-шағымын, өтініштерін кез келген уақытта бөлім басшысына табыс етуі үшін арнайы жәшіктер жасалынып, қолжетімді жерге орналастырылған.
«Жаңақорған тынысы» газетіне бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдау кестесі жарияланып, аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің сенім телефоны тоқсан сайын жарық көруде.