Жеке қабылдау бойынша 2020 жылдың 9 айына ақпарат

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңына сәйкес,  әр айға жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындар назарына жеткізу үшін  «Жаңақорған тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми  интернет-ресурсындағы  сайтына орналастырылып, аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерді қабылдау тұрақты түрде жүргізілуде.

Осы жеке қабылдау кестесіне сәйкес 2020 жылдың 9 айдың қорытындысымен жалпы аудан әкімі аппаратында қабылдауда болған  109 азаматтың 99 азаматы аудан әкімінің жеке қабылдауында, 4 азамат аудан әкімінің орынбасары Д. Тұрсынбаевтың және 6 азамат аудан әкімінің орынбасары Ғ. Сопбековтың қабылдауында болып, қабылдау барысында барлық өтініш иелеріне ауызша түсіндірме жауап берілген.

Ауданда карантиндік шектеулерге байланысты ағымдағы жылдың наурыз-шілде айларында жеке қабылдаулар жүргізілмеді. Тамыз айында 2 рет онлайн қабылдау ұйымдастырылып, қабылдауда болған 5 азаматтың өтініштеріне түсіндірме берілген.

Дата публикации
08 октября 2020