Жаңақорған ауданы әкімі аппаратында 2020 жылдың 9 айдың қортындысымен жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге жүргізілген талдау нәтижесі бойынша есепті кезеңде барлығы 837 өтініш түскен, оның 645-сі жеке тұлғалардан (16 электронды сауал, 109 жеке қабылдау, 520 жазбаша) және 192-і заңды тұлғалардан. Өткен (971 өтініш) жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 267 өтінішке кеміген.
Жеке тұлғалардан түскен 645 өтініштің 12-нің шешімі табылып қанағаттандырылса, 594 өтінішке заң талабына сай мерзімінде жауап берілсе, есептік кезеңде қалдықта қалған 38 өтініштің орындалу мерзімі бар.
Жеке және заңды тұлғалардан облыс әкімі аппараты арқылы 25, аудандық прокуратура арқылы 20, облыстық білім басқармасы арқылы 1, облыстық жер қатынастары басқармасы арқылы 1, облыстық жұмыспен қамту басқармасы арқылы 1, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филалынан 1, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен 1 өтініш түскен.
Заңды тұлғалардан түскен 192 өтініштің 190-на заң талабына сай мерзімінде жауап берілсе, 2 өтініштің орындалу мерзімі бар.
Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге қатысты теріс көз қарастағы 5 өтініш тіркелген.