Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 94 жалғызбасты мүгедектер мен қарттар есепте тұрады. Оның ішінде 7-мүгедек, 87-жасына байланысты зейнеткер. Қарттарға кент және ауылдық округ әкімдіктері арқылы әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді.
Онда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығының 3-қосымшасы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарты», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығы негізінде әлеуметтік қызметтер ұсынылады. Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу, осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан жақты көмек көрсету сақталады. Сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығындағы адамдарға аптасына кемінде екі рет барып қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері негізінде қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар жасалып, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасалуда, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, оңалту іс-шаралары жүргізілуде. Жалғыз басты қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерді анықтап, олардың есебі жүргізілуде. Қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтары және қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар етіліп отырады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі арттырылып тұрады. Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіріліп, олардың біліктілігі арттырылып отырады.
Бөлімде, есепте тұрған қарияларға демеушілік жасау үшін, мекемелер мен ұйымдарға тіркеп, материалдық көмектер көрсетілді. 2020 жылдың 01 қыркүйегіне демеушілер есебінен қарттарға 460 000 теңгеге қаржылай, азық-түліктей және заттай көмектер көрсетілді.
Жергілікті бюджеттен Ауған ардагерлеріне 46 ардагерге 3658,4 мың теңге, әскери міндетін өтеу кезінде мүгедектік алған азаматтарға ақпан айында 12 ардагерге 1033,9 мың теңге төленді;
8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күні мерекесі қарсаңында «Жаңақорған аудандық ауғаныстан ардагерлер және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 7 наурызында аудан көлеміндегі жалғызбасты аналарға бөлім басшысы Ж. Мырзалиевтің құттықтауымен 78 адамға 215,0 мың теңгеге мерекелік сый-сияпат берілді.
Чернобыль ардагерлерінің қатысушылары мен мүгедектеріне сәуір айында 24 адамға 2000,2 мың теңге төленді.
2020 жылға Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдық мерекесі қарсаңында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы материалдық көмекке 1 ардагерге облыстық бюджеттен 1000,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 111,12 мың теңге. Барлығы 1111,12 мың теңге төленді;
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысына теңестірілген ардагерлерге 295,0 мың теңгеге сый-құрмет көрсетіліп, сыйлықтар берілді.
31 мамыр - Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті бюджеттен 5 азаматқа 41,6 мың теңге төленді. 31 мамыр - Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Жаңақорған аудандық ауғаныстан ардагерлер және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 31 мамырында ауданымыздағы 5 азаматқа 40,0 мың теңгеге сый-сияпаттар табысталды.
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектерінің қайтадан некеге отырмаған әйелдері санатындағы 5 адамға 100,0 мың теңгеден 500,0 мың теңге төленді.
Семей полигонының жабылғанына 29 жыл толуына орай 29 тамыз күні Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жоюға қатысқандарға, Чернобыль ардагерлеріне жеңімпаз «Жаңақорған аудандық ауғаныстан ардагерлер және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша аудандық кітапханада іс-шара өткізіліп, ауданымыздағы 89 азаматқа 145,0 мың теңгеге сый-сияпаттар табысталды.
Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ жұмыстарына тікелей қатысқан, ядролық сынақ жұмыстарына байланысты мүгедектік алған және тікелей қатысқан азаматтарға 65 адамға біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 5417,1 теңге төленді.
Аудан әкімдігі жанынан 2018-2020 жылдарға құрылған аудандық әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы тоқсанына бір рет өткізу жоспарға қойылған. Комиссия құрамы 13 адамнан құрылып, 2020 жылға арналған комиссияның жылдық жоспары жыл басында бекітіліп, комиссия отырысы жыл басынан бері 3 рет өткізілді.