Тұрғын үй көмегіне 2020 жылға 007 бағдарламамен аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегіне барлығы 7520,0 мың теңге қаралған. 2020 жылдың 1- ші қыркүйегіне 62 отбасыдан (243 мүшесі бар) өтініш қабылданып, 1528,2 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.
2020 жылы 009 бағдарламамен мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін көрсетілетін әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 7863,0 мың теңге қаржы қаралып, 2020 жылдың 1-ші қыркүйегіне 122 мүгедек балаларға 4556,0 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.