Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2020 жылға 010 бағдарламамен республикалық бюджеттен 911780,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 199339,0 мың теңге,барлығы 1111119,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. Осы мақсатқа 2020 жылдың 1- ші қыркүйегіне 1327 отбасынан (7922 жаны бар) өтініш қабылданып, 446269,2 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, оның ішінде 1250 отбасының 7547 мүшесіне 421674,2 мың теңге шартты ақшалай көмек, 77 отбасының 375 мүшесіне 24595 мың теңге шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. Осы тағайындалған қаржыдан 1288 отбасының 7706 мүшесіне 397633,4 мың теңге қаржы төленді.