Жұмыспен қамту саласы бойынша 2020 жылдың І жартыжылдығына атқарылған жұмыстары туралы

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 2429 адам хабарласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 2290 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 94,2 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда:

-Тұрақты жұмыс орындарына- 938 адам;

-әлеуметтік жұмыс орындарына-170  адам;

-жастар практикасына-270 адам.

-Қоғамдық жұмыс орындарына-912  адам;

  2020 жылы 1884 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 1681 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде уақытша жұмыс орындары 381  болса, 1300 тұрақты немесе 77,3 пайыз (жылдық жоспардың 89,2%) есептік кезенге 100 пайыз.

Нысаналы топтағы азаматтар жұмысқа орналасқандардың ішінен хабарласқандар 121 болса жұмысқа орналасқаны 49 немесе 41,0 пайыз. Оның  ішінде хабарласқаны: мүгедектер – 76, жазасын өтеп келгендер – 34. Осыдан жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер- 15 (оның ішінде 2 адам жаңа бизнес идеяларды бастау үшін мемлекеттік грант алды, 1-несиелендірілдіи) (жоспар-41) есептік кезенге 36,6 пайыз. Есептік кезенге жоспардың орындалмау себебі Еліміздегі карантин режиміне байланысты жұмыс берушілердің жұмыстары тоқтатылып, Бағдарлама қатысушылардың саны кеміді, жазасын өтеп келгендер -34.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»   мемлекеттік  бағдарламасы бойынша

 Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Бұл  бағыт бойынша:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау аудандық білім бөлімі арқылы 9-11 сынып бітірушілерге қыркүйек айынан бастап басталады.

2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (қайта даярлауға)  барлық ауылдық округтерден 70 адам кондитер, газэлектродәнекерлеуші, автослесарь  мамандықтары бойынша  жинақталып, ағымдағы жылдың  шілде, тамыз айларында Жаңақорған ауданының аграрлы-техникалық коледжіне 3 айлық қысқа мерзімдік курсқа жолдама берілді. Оның ішінде жастары-40, әйелдер сан-25. Есептік кезенге және жылдық жоспар
100 пайыз орындалды.

3) Ағымдағы жылы ауданымыздан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 260  адамға жолдама берілді. Оның жастары-173.  

 Екінші  бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту.   Бұл  бағыт бойынша:  

«Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа ағымдағы жылға Республикалық бюджеттен 589 адамға 296,9мың теңге, қаржы қаралды. Игерілгені 175859,0 мың теңге немесе 67,9 пайызға игерілсе, есептік кезенге 100 пайыз. Осыған  489 адамға мемлекеттік грант берілді. Жастар саны-129, әйелдер саны-92.

Несиелендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы ауданға барлығы 318,5 млн. теңге қаржы бөлініп 104 адамға және сонымен қатар «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 7 адамға барлығы 111 кәсіпкерге несие алу үшін жолдама берілді.

Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын арттыру.

 Бұл бағыт бойынша: Бұл бағыт бойынша:

1) Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері  Республикалық бюджеттен 61384,0 мың теңге қаржы қаралған. Осыған  120 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 56 жұмыс берушіге 170 адам жұмыс орындарына жолданды. 46 адам мерзімінен бұрын бас тарып тұрақты жұмысқа орналасты. Жылдық жоспар 141,6 пайыз.

2)  Жастар практикасын ұйымдастыруға  Республикалық бюджеттен 125 657,0 мың теңге қаралға. Осыған  315 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 98 жұмыс берушіге 270 жас түлек жұмыс орындарына жолданды.Тұрақты жұмысқа орналасқаны -15. Есептік кезенге 100 пайыз.

3) Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 559 адамға 130 160,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңға 912 адам жолданды. Әйелдер саны-614, жастар саны-212. Мерзімінен бұрын бас тартып, тұрақты жұмысқа орналасқаны- 9. Есептік кезенге 163 пайыз.

 

Дата публикации
05 октября 2020