Жаңақорған ауданының 2020 жылдың қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік–экономикалық даму көрсеткіштері.

Қаржы

2020 жылдың  қаңтар-мамыр  айында  жергілікті  бюджет 137,4 пайызға орындалды (болжам  902804,9  мың теңге, орындалғаны  1241014  мың  теңге). Оның ішінде:

- салықтық түсімдер 130,7 пайыз (болжам 895662,7 мың теңге, түсім 1170511,6  мың теңге) яғни 274849,6  мың теңгеге артық;

- салықтық емес түсімдер 501,2 пайыз  орындалды. Болжам 2113,1 мың  теңге, орындалғаны  10590,1  мың теңге, яғни  8477  мың  теңге артық,

- негізгі капиталды сатудан түсетін түсім 11,9 есеге  орындалды. Болжам  5029,8 мың теңге, орындалғаны  59912,3 мың  теңге, яғни 54882,5 мың теңгеге артық  орындалған.

Өнеркәсіп саласы

Ауданында  өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2020 жылдың   қаңтар- мамыр  айында 33251,3 млн. теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 100,2 пайызға жетті. Өңдеу өнеркәсібінің  көлемі  2020 жылдың қаңтар- мамыр айында 20060,8 млн.  теңге болып,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,8 пайызды құрап отыр.

Кәсіпкерлік саласы

2020 жылдың  1 маусымдағы  тіркелген  шағын кәсіпкерлік субъктілері саны -4737 тиісінше өсім 116%. Шағын кәсіпкерлік аясында 9244 адам жұмыспен қамтылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100% құрап отыр. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінің өндірген өнімінің (жұмыстарының көрсетілген қызметтің) жалпы көлемі 16054 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100%  құрады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4107,7 млн.теңге құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда -105,1   пайыз құрап  отыр.

Білім

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны, авариялық мектептер саны 1. Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамты 2020 жылы 100 пайызға жоспарланса, қаңтар-мамыр  айында 100 пайызды құрап отыр.

Денсаулық

Нәрестелердің өлім-жітімі, тірі туған 1000 балаға шаққандағы жағдайлар 2020 жылы 10,1% болып жоспарланса, қаңтар-мамыр  айында 10,0 %- кеміген.

Мәдениет

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны оның ішінде  кітапханаға келушілер саны 2020 жылы 358,1 адам болып жоспарланса, 5 айда 128,3 адамға жетіп отыр.  

Спорт

Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі. 1000 адамға арналған спорттық алаңдар саны 2020 жылы 66,1% болып жоспарланса, қаңтар-мамыр  айында 47,6%-ға орындалып отыр.

Тауар айналымы

Бөлшек сауда көлемі  1716,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 68,7 пайызды құрады.

Инвестиция

2020 жылдың  айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  4877,3  млн. теңге болып,  2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда    60,6  пайызды құрап отыр.

Құрылыс

Құрылыс монтаж жұмыстарының нақты көлем индексі  2020 жыл 463,6 млн.теңге болып, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда  34,6 % ға орындалып отыр. Пайдалану тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2020 жылға 18094  шаршы метр болса, тиісті кезеңімен салыстарғанда  89,0 %-ды  құрап отыр.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендетуі 2020 жылға  79,4 % болып жоспарланса, қаңтар-мамыр  айында 79,4%-ы құрап отыр. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілуі  ауылдық елді мекендерде  2020 жылы 91,4% болып бекітілсе қаңтар-мамыр  айында 91,4 болып отыр.  Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2020 жылы 84% болып бекітілсе, қаңтар-мамыр  айында 79,6% құрап отыр. Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды өңдеу және кәдеге жарату үлесі 2020 жылы 10% болып жоспарланса,  қаңтар-мамыр  айында 5%-ы құрап отыр.

Жұмыспен қамту

  Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 1342 адам хабарласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 778 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 66 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда:

-Тұрақты жұмыс орындарына- 241 адам;

-әлеуметтік жұмыс орындарына-164 адам;

-жастар практикасына-160 адам.

-Қоғамдық жұмыс орындарына-342 адам;

2020 жылы 1450 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып,                                     625  жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде уақытша жұмыс орындары 115  болса, 510 тұрақты немесе 82 пайыз (жылдық жоспардың 44%)

Ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізу жоспарланса, бүгінгі таңға 2 рет өткізіліп, 34 жұмыс беруші 307 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 75 азаматқа жолдама берілді. әйелдер саны -22.

Ағымдағы жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы аудан әкімінің 2020 жылғы 06 ақпандағы № 121 қаулысына 3 мектепке 5 адамға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы № 120 санды қаулысы қабылданып, жыл аяғына дейін белгіленген квота 100 пайыз орындалады деп күтілуде.

Нысаналы топтағы азаматтар жұмысқа орналасқандардың ішінен хабарласқандар 41 болса жұмысқа орналасқаны 14 немесе 34,2 пайыз. Оның  ішінде хабарласқаны: мүгедектер – 35, жазасын өтеп келгендер – 34, оралмандар – 0. Осыдан жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер- 10 (оның ішінде 1адам жаңа бизнес идеяларды бастау үшін мемлекеттік грант алды) (жоспар-41), жазасын өтеп келгендер -19, оралмандар -0.

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»   мемлекеттік  бағдарламасы бойынша

 

 Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Бұл  бағыт бойынша:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау аудандық білім бөлімі арқылы 9-11 сынып бітірушілерге қыркүйек айынан бастап басталады.

2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (қайта даярлауға)  барлық ауылдық округтерден 210 адамды маусым айынан бастап сұранысқа ие мамандықтарға оқыту  жоспарлануда. 

3) Ағымдағы жылы ауданымыздан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 200 үміткерді оқыту жоспарланды. 

         Екінші  бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

        Бұл  бағыт бойынша:  

«Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа ағымдағы жылға Республикалық бюджеттен 300 адамға 159060,0 мың теңге, қаржы қаралды. Игерілгені 50 899,2 мың теңге немесе 13,3 пайызға игеріліп, 96 адамға мемлекеттік грант берілді. Жастар саны-58, әйелдер саны-55.

Несиелендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы ауданға барлығы 330 млн. теңге қаржы бөлініп 48 адамға және «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 4 адамға барлығы 52 кәсіпкерге несие алу үшін жолдама берілді.

 

        Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын арттыру.

 Бұл бағыт бойынша: Бұл бағыт бойынша:

1) Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері  Республикалық бюджеттен 61384,0 мың теңге қаржы қаралған. Осыған  120 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 50 жұмыс берушіге 164 адам жұмыс орындарына жолданды. 2 адам мерзімінен бұрын бас тартты. Жастар саны-31,әйелдер саны-32.

         2)  Жастар практикасын ұйымдастыруға  Республикалық бюджеттен 125 657,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 14 315,4 мың теңге қаржы қаралып, есептік кезеңге(жыл басынан) Республикалық бюджеттен 32166,0 мың теңге, игерілді. Осыған  351 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 44 жұмыс берушіге 160 жас түлек жұмыс орындарына жолданды.Тұрақты жұмысқа орналасқаны -2.

3) Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 559 адамға 130 160,0 мың теңге қаржы қаралып, есептік кезеңге жалпы 27 160,0 мың теңге игерілді, бүгінгі таңға 342 адам жолданды.Әйелдер саны-238, жастар саны-89. Мерзімінен бұрын бас тартып, тұрақты жұмысқа орналасқаны- 4

Дата публикации
02 июня 2020