«Шалқия кентінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №400 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Шалқия кентінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №400 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1бабынының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жаңақорған аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Шалқия кентінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы
    №400
    шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 138826 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы

    21 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шалқия кентінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше
1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 129 777 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 5 457 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 65 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0;

трансферттердің  түсімі – 124 255 мың теңге;

2) шығындар – 130 713,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0;

7) Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 936,1 мың

 теңге.».

Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Дата публикации
02 сентября 2020