«Машбек ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №422 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1бабынының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жаңақорған аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Машбек Нәлібаев ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 87 728,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 823 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 149 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0;
трансферттердің түсімі – 86 756,3 мың теңге;
2) шығындар – 87 728,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0: қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0;
7) бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.