Қыркеңсе ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы»Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №423 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Респубикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 109-1-бабының
4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Респубикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қыркеңсе ауылдық округінің 2020–2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 114793 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1562 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттердің түсімдері – 113231 мың теңге;
2) шығындар – 114793 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығы қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.