Үстіміздегі жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 13 млн 121 мың теңге бөлінді. Оның ішінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 5 млн 393 мың теңге қарастырылса, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру мақсатында 7 млн 728 мың теңге бөлінді.
Жастар жылы аясында Ақүйік ауылдық округінде «Облыстық жастар слеті», Бесарық ауылдық округінде «Жастар Отанға» атты республикалық жастар лагері өткізіліп, кәсіпкерлік, көшбасшылық дағдылар бойынша жастарға тың идеялар беретін семинарлар өтті. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында шілде-тамыз айларында ауданның 102 студент және жұмыссыз жастары «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатарында жұмыс жасады.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 12 013 адам қамтылды.
Бірінші бағыт –Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға және еңбек нарығына қажетті мамандарды (шаштараз, тігінші, визажист, маникюр, кондитер т.б. мамандықтары бойынша) қысқа мерзімдік оқу курстарына 31 жас қамтылды.
Екінші бағыт – Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 97 жас жолданды, 20 жас кәсіпкерлік бағытында несие алды.
2) 259 жасқа грант беріліп өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алды, соның ішінде: 149-і -100 АЕК (252,5 мың т.), 110-і - 200 АЕК (505 мың т.).
Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы;
«Жастар тәжірибесіне» 280 адам жіберілді, 1724 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына- 165, қоғамдық жұмыстарға-611 жас жолданды.
«Дипломмен ауылға!» жобасы 2019 жылы жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcы мамандарына 47 маманға 178 012,5 мың теңге қаражат бөлінген болатын. 2019 жылдың қорытындысымен 48 маманға 177 947,0 мың теңге бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіліп, бюджеттік несиемен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алып, 2019 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.
«Тарихымды танып білгім келеді» атты танымдық саяхат негізінде
30 жас ауданымыздағы тарихи, танымдық, діни-рухани орындарға саяхат жасаса, Оның ішінде 14-17 жас аралығындағы тұрмыс жағдайы төмен отбасыларындағы 15 жасөспірім, 18-29 жас аралығындағы NEET санатындағы 15 жас қамтылды. NEET санатындағы жастарды қоғамға бейімдеу және өмірге қажетті дағдыларды үйрету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы «Үйрен» жобасы ұйымдастырылды. Жоба аясында 20 жас 1 апталық курстан өтіп 5 жас кәсіпкерлік негізінде сертификат алса, «Жалындаған Жаңақорған жастары» тақырыбындағы әлеуметтік тапсырыс аясында NEET санатына жататын 20 жас Нұр-Сұлтан қаласына саяхатқа жіберілді. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына 2019 жылға 5 млн 393 мың теңге қаржы қаралып, 5-түрлі қызмет бойынша 23 түрлі шара ұйымдастырылды. «Ел болашағы саламат жастар» атты жастар арасында денсаулық марафоны, «Үлгілі отбасылармен» кездесу, NEET санатындағы жастармен «Тарихымды танып білгім келеді» атты танымдық саяхат, «Жаңа толқын» жастар сыйлығы, Дәстүрлі Жастар форумы, Жайдарман ойындары өткізілді. Облыс әкімімен бекітілген «Бақытты отбасы» жобасы аясында NEET санатындағы 150 жасты жұмыспен қамтудың 3 кезеңі белгіленіп, үш кезең бойынша 191 жас жұмыспен қамтылған. NEET санатындағы жастардың көпшілігі елді мекендерде тұрғандықтан жазғы-күзгі маусымдық жұмыстарға тартылуда.
Елбасы бекіткен «Жастар жылы» аясында 2019 жылдың 20-наурызында «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер тобы құрылды. Ерікті топ құрамында 100-ге жуық жастар, аға буын өкілдері, жас кәсіпкерлер бар. Жалпы ерікті жастардың негізгі атқаратын 5 бағыты бар. Олар: Білім-инновация, қайырымдылық акциялары, мәдени-рухани іс-шаралар, қоғамдық жұмыстар, спорттық сауықтыру. Аталмыш бес бағыттың ішіндегі ауқымдысы – қайырымдылық жұмысы. Тұрмысы төмен отбасы мүшелерін жұмыспен қамту, баспана соғу, кәсіпке баулу, тегін киім-кешек үлестіру, азық-түлікпен қамтамасыз ету. Ауданымызда Әкеге хат, Анаға хат атты шығармалар байқауын өткізді. Жаңарған Жаңақорған Жастарының қолдауымен тігін курстары, мастер класстар, жәрмеңкелер өткізілуде. 2019 жылы облысымыз бойынша «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер тобы «жылдың үздік ұйымы» атанды. 2019 жылғы 27 желтоқсан күні Жастар жылының қорытындысы бойынша жастар форумы өтіп, 13 жас «Жаңа толқын» сыйлығымен марапатталды. Жыл үздіктерінің қатарында білім, спорт, денсаулық, құқық қорғау, өнеркәсіп саласының жастары марапатталды.
Жаңақорған ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесі "Жастар жылына" орай ай сайын ұйымдастырылды. Жыл басынан бері
11 отырыс өткізіліп, 21 мәселе талқыланды. Кеңес отырыстарында жастарға қатысты өзекті мәселелері қаралып, шешім қабылдау мақсатында тиісті мекемелер мен кәсіпорындарға ұсыныс жолданып отырылады.
Жыл басынан бері аудан жастарының қатысуымен 57 шара ұйымдастырылып, барлығы 3400 жас қамтылды. Елде төтенше жағдай енгізілгенге дейін Волонтерлікті жастарға насихаттауға бағытталған 12 кездесу өткізілді. Волонтерліктің 7 жалпыұлттың жобасының birgemiz.saulyq, birgemiz.asyl mura, birgemiz.qamqor, birgemiz.taza alem жобалары аясында 100 ден аса еріктілерді тарта отырып, 13 шара өткізілді. Арасында ең ауқымдылары birgemiz.saulyq жобасы аясында ауданымыздағы сауда орындарының бірі "НҰР" базарында ауқымды денсаулық акциясы өткізілді. Акцияға 15 тен аса еріктілер қатысып, 500 ден аса тұрғынға медициналық көмек ұсынылып, жадынамалар тарқатылды.
Вirgemiz.asyl mura жобасы аясында Жаңарық және Қыркеңсе ауылдық округтерінің 14 ерікті жастары Хорасан- ата кесенесіне барып тарихымен танысып, тазарту жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени орынның сақталуына өз үлестерін қосты. Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап, халықты ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарына еріктілер белсенді түрде қатысып, 500 ден аса жадынамалар мен медициналық маскалар тарқатылды.
Төтенше жағдай кезінде азық-түлікке мұқтаж болған отбасыларға көмек көрсету жұмыстары кең жүргізілді. «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілері Жаңақорған кент орталығындағы 91 отбасыға азық-түлік пен ет өнімдерін жеткізді. Ауылдық округтер де осындай қиын кезеңде мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды. Ауылдық округтердегі ерікті жастардың күшімен 150 ден астам отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетілді..