Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша
Жыл басынан бері тұлғалардан, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден жер учаскелеріе сұрап – 147 өтініш түсіп, оларға маусымдық мал жайылымдылығы және бақша өсіру үшін көлемі-10229,36 гектар жер учаскесін уақытша өтеусіз 5 жыл мерзімге жер учаскелері табысталды.
Мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпарат.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Е.Кәрентаевтың 15.03.2017 жылғы №10-НҚ бұйрығымен 2017-2019 жылдары аралығында қолда бар жер қорына талдау (жерге құжаттамалық ревизия) жүргізу жөніндегі тапсырмасы берілген болатын.
Жалпы, тапсырмаға сәйкес жер ревизиясы барлық жер санаттары бойынша жүргізу жоспарланып, 2017-2019 жылдары кезең-кезеңмен жерге құжаттамалық ревизия жүргізіліп толығымен аяқталды.
Жер ревизиясының мақсаты – жердің, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың нақты сандық есебін алуды, жер баланстары деректерін нақты деректерге сәйкес келтіруді, сонымен қатар, жер ревизиясының қорытындысы бойынша құқық белгілейтін құжаттар негізінде ҚР Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттар жүйесінің (Әрі қарай - МЖК ААЖ) деректер базасының өзектілігін арттыруды қамтамасыз ету болды.
2019 жылғы жер саласының есебі (ауданның барлық жер көлемін бөліп көрсету қажет оның ішінде орман қоры жері т.б.);
Жаңақорған ауданының жер қоры -1543,3 гектарды құрайды. Оның ішінде санаттар бойынша:
Шаруа қожалықтар саны - 928;
2019 жылға өткізілген аукцион туралы.
ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес, азаматтардың өтініштері негізінде аудан бойынша 4 мәрте сауда-саттыққа (аукцион) жер учаскелері шығарылып, көлемі 16,2798 гектар болатын 42 жер учаскесі 33 166 821 теңгеге сатылды.
Ал, конкурс арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 57 жер учаскесіне жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
2019 жылы пайдаланылмай жатқан жерлердің мемлекет қорына қайтарылуы жөнінде ақпарат.
Қазақстан Республикасының Заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 04.05.2018 жылғы № 151-VI Заңына сәйкес, ҚР Жер кодекіне толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. (Заңның күші 20.05.2018 жылы күшіне енді)
ҚР Жер кодексіне енгізіліп отырған өзгерістер қатарында аудандық атқарушы органның (17 бапқа) құзыреттеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру - құзыреті берілген болатын.
Заң талаптарына сәйкес, бұл жұмыстарды атқару аудан әкімі аппартының ұйымдастыру, бақылау бөлімінің инспекторына жүктелеген болатын.
Алайда облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен, Жаңақорған ауданы бойынша инспектормен бірде бір бақылау жұмыстарының жүргізілмегенін көрсетіп отыр.
Дегенмен, Бөлім тарапынан облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың хаттамалық тапсырмасы негізінде жерлерін пайдаланбай отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шарттарын біржақты бұзу арқылы мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, көлемі – 7791 гектар болатын (3 шаруашылық субъектісі бойынша) 11 жер учаскесіне жасалған жалға беру туралы шарттардың күші біржақты жойылып, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарылды.
Алайда, 2-кі шаруашылық субъектілерімен жер бөлімімен бұзылған шарттың күшін жою жөнінде сотқа талап-арыз беріліп, шаруашылықтардың пайдасына шешілді.
Қазіргі таңда, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым әзірленуде.
Мәлімет ретінде:
Бесарық ауылдық округіне қарасты «Тату Агро» шаруа қожалығына тиесілі 5136,0 гектар жер учаскесіне қатысты айтатын болсақ, аталған шаруашылықтың кадастрлық нөмірі 10-149-040-1120, жер көлемі 153,09 га, 10-149-040-1114 жер көлемі 112,0 га және 10-149-040-1119 жер көлемі 1216,0 га болатын және «Бесарық-1» шаруа қожалығына және «Бесарық+О» ЖШС-не жер учаскелеріне уақытша пайдалану құқығымен жасалған шарттардың күші біржақты бұзылды.
Ауылдық елді мекен жерлерінің шекараларын (шегін) белгілеуге қатысты байланысты атқарылған жұмыстар.
Өткен, 2018 жылы ауданға қарасты 14 елді мекен жерлерінің шекараларын даму сызбаларына байланыстырып, белгілеу жұмыстары жүргізілсе, 2019 жылы 18 елді мекеннің шекараларын белгілеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
Ендігі кезекте, ҚР Жер кодексінің және ҚР «Жайылымдық туралы» Заңының талаптарына сәйкес, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында 26 ауылдық округтің (ауданның ауылдық округтері) әкімшілік аумағын кеңейтуге қатысты жұмыстар 2020 жылы жүргізілетін болады. Атлаған жұмыстарға Аудандық бюджеттен 6300 мың теңге бөлінді.
Мәлімет ретінде:
ҚР Жер кодексінің 84-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, яғни, жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн алып қою ерекше жағдайлар қатарына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру – мәселесі енгізілген болатын.
«Жайылымдық туралы» Заңға сәйкес, кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі.